Мен де батыстанмын ол сөз ол адамнын бір нарсеге таңқалғандағы,ал сендер жакта ол не магына
"ҚАСҚА" СӨЗІ МЕН ҰҒЫМЫ ТУРАСЫНДА
"ҚАСҚА" сөзі ежелгі тәңірлік танымнан келе жатқан ұғым. Оның бүгінде жұқанасы қалған. Бұл сөз тек Маңғыстауда емес, бәрін Маңғыстауға тели беру дұрыс емес, барлық батыс облыстарында жиі қолданыста. Бұның екі мағынасымен қолданылады. Біреуді бейшара деген мағынада: "Қасқа болған екенсің", екніш мағынасы керісінше біреуді мықтысығанда: Өй, қасқа-ай! Нағыз ерсің ғой!
Неге бұлай? Тәңірлік таным бойынша маңдайында ағы бар мал қасиетті саналады да, оны Тәңір жолына құрбан ету қасиетті іс саналған. Сондықтан бозқасқа жылқы шалу, қой шалу содан қалған. Сонымен бірге маңдайында қалы бар адам да ерекше белгісі бар жан ретінде қабылданады. Ол қыпшақтар көп араласқан орыстарда сақталған: "Богом меченный" дейді.
"Қасым ханның қасқа жолы" деген тәмсіл Қасым хан есіміне ұйқастыра салу үшін айтылған емес, ол ежелгі тәңірлік танымға негізделген ел басқару тәсілі дегенді меңзейді.
Бұған қатысты "қасқайу" деген етістік бар. Бұл да екі мағынада айтыла береді: біреуі тайсалмай жасалған әрекет болса, екіншісі қыйын жағдайға тап болған жайтты меңзейді.
Енді неге жағымсыз мағынаға тап болды? Бұл - ислам идеологиясының жемісі. Бір идеология екіншісін ығыстыру үшін алғашқысы негізделген құндылықты тәрк етеді, мазақ қылып, жағымсыз бейне мен кейіпке, мағынаға итермелейді. Міне осыдан келіп, ұғымдардың екі түрлі, қарама қайшы мәндері қалыптасады.
Енді осыдан келіп, жалпы тәңірлік танымның өмірден көп ығыспаған өңірі неге батыс өңірі деген сауал туындайды. Мәселе ол өңірдің көшпелі өмір салтын кенжелетіп ұстап, отырық өмір салтына барынша салғырт кіріскендігінде. Көшпелі атасалтты барынша сақтап келгендігі мен басқа идеологияның басқынына төтеп беріп, кері итермелеп отырғандығында.