0 дауыс
1.3k көрілді

Қылмыстық жауапкершілікті қалай базадан алып тастауға болады? Қылмыстық іс сотқа жетпей жабылған болса.

 

1 жауап

0 дауыс

Қылмыстық жауапкершіліктен босату кінәліні жасаған қылмыстан кейінгі барлық құқықтық салдардан босатуды білдіреді. Алайда қылмыстық жауапкершіліктен босату адамды кінәсіз деп тануды білдірмейді, өйткені жасалған әрекет үшін азаматтық-құқықтық жауапкершіліктен, сондай-ақ әкімшілік тәртіптік немесе қоғамдық жазадан босатылмайды. Қылмыстық жауапкершіліктен босату тек қылмыс жасаған адамға ғана қолданылады. Сондықтан да, егер адамның әрекетінде қылмыс белгілері жоқ болса, онда мұндай адам қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Қылмыстық жауапкершіліктен босатуды сот, прокурор, тергеуші, анықтау органының қызметкері қолдана алады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде қылмыстық жауапкершіліктен босатудың мынадай түрлері қарастырылған. Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босату. Адам мынадай шартпен шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылуы мүмкін: кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасау, келтірілген зиянды өтеу, қылмысты ашуға белсенді түрде көмектесу.
Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауапкершіліктен босату. Қажетті қорғану — бұл адамның коғамға пайдалы әрекеті. Алайда қажетті қорганудың шегінен асып кетуі қылмыс деп танылады, өйткені, нәтижесінде адамды өмірінен заңсыз айыруға, сондай-ақ оның денсаулығына ауыр зардап келтіруге жол берілуі мүмкін.
Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босату. Мұндай босатуға егер айыпты адам:
бірінші рет қылмыс жасаса;
жасалған қылмыс кішігірім немесе орташа ауыр санатқа жатқызылса;
жәбірленушімен татуласса, ол жәбірленушінің тиісті іс жүргізу нысанында айыпты адамға деген талабынан бас тартуынан көрінеді;
жәбірленушіге келтірілген зиянның есесін толтырған жағдайда жол берілуі мүмкін.
Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босату. Қылмыстық жауапқа тартудың ескіру мерзімі деп қылмыс жасаған күннен бастап, сот үкімі заңды күшіне енген кезге дейінгі мерзімді айтады, содан кейін заңда көзделген шартты жағдайларда қылмыстық жауапкершілік жоққа шығарылады. Мұндай босату қылмыс жасалған күннен бастап мынадай мерзімдер өткен жағдайда жүзеге асады:
кішігірім қылмыс жасалғаннан кейін екі жыл;
орташа ауырлықтағы қылмыс жасалғаннан кейін бес жыл;
ауыр қылмыс жасалғаннан кейін он жыл;
аса ауыр қылмыс жасалғаннан кейін он бес жыл. Ескіру мерзімі қылмыс жасалған күннен бастап сот үкімінің заңды күшіне енген сәтіне дейін есептеледі.
Жазадан, босату туралы түсінік және оның түрлері [өңдеу]

Соттың қылмыс жасаған деп таныған адамын, сот тағайындаған жазадан босату — жазадан босату деп танылады. Қылмыстық заңда жазаны өтеуден мерзімінен бұрын - шартты түрде босату көзделген. Жаза тағайындалған адам жазаны өтеу мерзімі біткенге дейін түзелуі мүмкін, сондықтан жазаны әрі қарай орындау мақсатсыз және қажетсіз болып қалады. Осыған байланысты қылмыстық заңда жазаны өтеуден мерзімінен бұрын — шартты түрде босату институты көзделген, ол бірқатар шартты жағдайлар болғанда адамды жазаны өтеуден одан әрі босатудан көрінеді.
барлық жаза үшін мерзімінен бұрын — шартты түрде босатуға жол берілмейді, тек түзеу жұмыстары, әскери қызмет бойынша шектеу, бас бостандығын шектеу, тәртіптік әскери бөлімде ұстау немесе бас бостандығынан айыру сияқты жазаларға ғана таралады. Өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген адам, егер сот бұл жазаны одан әрі өтеуді қажет етпейді деп таныса және кемінде жиырма бес жыл бас бостандығынан айыруды іс жүзінде өтесе, мерзімінен бұрын — шартты түрде босатылуы мүмкін.
жазаны өтеуден мерзімінен бұрын — шартты түрде босату шартсыз емес, өйткені жазаның өтелмеген бөлігінде, сотталушы сот жүктеген талаптарды орындауға міндетті.
сотталушының сот тағайындаған жазаның белгілі бір бөлігін өтеуі жазадан мерзімінен бұрын шартты түрде босатудың міндетті белгісі болып табылады.
Егер айыпты өзіне жүктелген міндеттерді орындамаса шартты түрде мерзімінен бұрын жазадан босату алынып тасталады. Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босатуды алып тастау дегеніміз — сотталушының жазаның өтелмей қалған бөлігін одан әрі өтеуі үшін жаза өтейтін жерге қайтарылуын білдіреді.
Мерзімінен бұрын шартты түрде босатумен қатар Қылмыстық кодексте басқа да жазадан босатудың түрлері қарастырылған, олар: жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыру; ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату; жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдердіц жазасын өтеуін кейінге қалдыру, төтенше мән-жайлардың салдарынан жазадан босату мән жазаны өтеуді кейінге қалдыру; айыптау үкімінің ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жазаны өтеуден босату.
Рақымшылық және кешірім жасау Жауапкершіліктен және жазадан босатудың аралас түрі - рақымшылық және кешірім жасау.

Адамдардың жеке айқындалмаған, белгілі бір санатты кешірім жасау кезінде жазаны одан әрі өтеуден босатылуы не оған тағайындалған жаза қысқартылуы немесе жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстырылуы мүмкін.
Рақымшылық қылмыстық құқықтағы гуманизмнің бір көрінісі. Әдетте, біздің мемлекетіміздің тарихындағы атаулы күндерге немесе елдегі белгілі бір оқиғаларға байланысты жарияланады. Қазақстан Республикасының Парламентіне рақымшылық жасау актілерін шығару құкығы берілген. Рақымшылық жасау актісі, ол шығарылғанға дейін және оның заңды күшіне енгеніне дейін қылмыс жасаған адамдарға таралады. Рақымшылық жасау актісіне сәйкес қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдар негізгі жаза түрінен босатылуы, оларға тағайындалған жаза неғұрлым жеңіл түріне ауыстырылуы мүмкін, жазасын өтеген адамның рақымшылық жасау туралы актімен соттылығы алынып тасталуы мүмкін. Рақымшылық жасау актісіне қарағанда, кешірім ету — бұл ауыр қылмыс жасағаны үшін соттың айыпталған адамға қатысты жеке кешірім жасау актісі. Кешірім ету актісін шығару назар аударуға және қолдауға тұрарлық ерекше мән-жайларға негізделеді — шын өкіну, ізгілік. Кешірім ету нақты адамдарға қатысты, атап белгіленген бір немесе бірнешеуіне қолданылады. Кешірім ету актісінің нәтижесінде анағұрлым қатаң жазалар (өлім жазасы сияқты) жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстырылуы не жаза қысқартылуы немесе алынып тасталуы мүмкін.
Кешірім ету құқығы Қазақстан Республикасының Президентіне берілген. Кешірім ету жасалған қылмыстың санаттарымен де, қолданылған жазаның түрімен де шектелмейді.
Сонымен, қылмыстық жауапкершіліктен босату деп, қылмыс жасаған адамды мемлекет тарапынан соттау міндетінен, оның әрекетін теріс бағалау түрінде босатуды айтады. Қылмыстық кодексте қылмыстық жауапкершіліктен босатудың көптеген түрлері қарастырылған. Жазалаудан босату деп соттың үкімімен тағайындалған қылмыстық жазаны өтеу міндетінен айыпты адамды толықтай немесе ішінара босатуды айтады.

Ақпарат!

...