+3 дауыс
29.8k көрілді
Сөз мәйегі (мақал-мәтел бойынша) шығарма керек?

4 жауап

+4 дауыс

Мынау мағлұматтар бір септігі тиер:

Мақал - мәтелдер - әр халықтың өз даму тарихында басынан кешкен алуан түрлі оқиғалары, өзі аңғарған табиғат құбылыстары, қоғам мүшелерінің өзара қарым-қатысы, мінез-құлқы, психологиясы жөніндегі жасаған қорытынды, тұжырымдарының түйіні, өмір тәжірибесінен жинақталған философиялық ойлардың ұтқыр да ұтымды, жатық та көркем көрінісі, фразеологиялық оралымдардың еңделіп, сырланып, әбден қалыпқа түскен тұрақты түрлері. Ол бір ғана емес ертеден бері қалыптасқан ой дәлдігімен, мазмұнының тереңдігімен ерекшеленетін ауыз әдебиетінің бір түрі.Ол айналадағы сыры мол дүние туралы білімнің сұрыпталған жиынтығы, халықтың өзінше шағын ауызша энциклопедиясы ғана емес, ұстаздық, тәлімгерлік роль де атқарады, адам бойындағы барлық жақсылықты асқақтатып, жамандықты жерлеп,бала тәрбиесінде ерекше орын алатын халық даналығы.Мұндағы ақыл-кеңестер қысқа да нұсқа, әрі тұжырымды болды.. Халық даналығы ата-анаға ұрпақ тәрбиесі жөнінде өзінен бұрынғылардың моральдық-психологиялық, медециналық-гигиеналық, өнер-сайыскерлік ой-пікірлерін де шоғырландырып, бүкіл халықтың тәлімдік тәжірибесін мирасқа қалдырып отырды. Көшпеліліердің сонау ерте дәуірінен-ақ бұларды көп біліп әрі оны ақылмен байыптай алатын адамды ерекше қастерлеуі тегін емес. Ондай адам ата-баба даналығының көзіндей саналатын. Мақал-мәтелдер белгілі бір шешіммен істің дұрыстығын анықтайтын логикалық қызметтің эталоны тәрізді адамның ой-әрекеттерінде маңызды роль атқарып отырады.
Абай мұрасы мақал, мәтелге айналған ақыл-нақылды өлең жолдарына бай.
«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», «Бақпен асқан патшадан мимен асқан қара артық», «Сақалын сатқан кәріден еңбегін сатқан бала артық», «Тамағы тоқтық, жүмысы жоқтық - аздырар адам баласын»
деген жолдар осының дәлелі.
Ақын өзінің бірсыпыра шығармаларында кейбір мақал, мәтелдер жөнінде ғылыми пікірлерде айтқан. Кейбір мақал, мәтелдердің зиянды мәнін ашып, сынап отырған.
Мысалы, Жиырма тоғызыншы сөзінде
«Жарлы болсаң, арлы болма»
деген мақалдың теріс тәрбиелік мәнін аша келіп, керісінше,
«Жарлы болсаң, арлы бол, ардан кеткен соң тірі болып жүргенің құрысын»
дейді.
«Қалауың тапса, қаржанады», «Сұрауын тапса, адам баласының бермейтіні жоқ»
деген мақалдарды келтіреді де,
«сұрауын табамын, қалауын табамын деп жүріп, қорлықпен өмір өткізгенше, малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек қой»
дейді.
«Атың шықпаса, жер өрте» мақалы туралы жер өртеп шығарған атыңның несі мұрат?..», «Алтын көрсе, періште жолдан шығады»
деген мақал женінде
«періштеден садаға кеткір-ай! Періште алтыңды не қылсын, өзінің көрсе қызар сұмдығын қостағалы айтқаны»
деп реніш білдірген. Ақын пікірінше,
«қазақтың мақалдарының іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтыны да бар... Осындай білместікпенен айтылған сөздеріне бек сақ болу керек...».

Ақпарат!

бірақ аз ж/е жоспар солай солайлар жок(((((
+1 дауыс

Мақал – сөз мәйегі

Халықтық психологияда ғасырлар бойы жинақталып, жүйеленген ұлттық дәстүр, әдет-ғұрып, эстетикалық таным, халықтың жан дүниесі сөз болады. Халықтық психологияның теориялық мәселелерін зерттеумен этнопсихология деп аталатын ғылым саласы айналысады.

Этнопсихология қарастыратын психологиялық жайттар фольклор, ауыз әдебиетінде мол. Психологиялық мәні жағынан қазақ фольклорының түрлі жанрларының ішінде мақал-мәтелдер өте қызықты зерттеу обьектісі болып табылады. Мақал-мәтелдер адам іс-әрекетін бақылау арқылы тұжырымдар жасайды. Олар белгілі бір шешім мен істің дұрыстығын немесе дұрыс еместігін анықтап, ойлауда маңызды рөл атқарады.

Мақал-мәтелдер – айналадағы сыры мол дүние туралы білімнің сұрыпталған жиынтығы. Олар ұстаздық, тәрбиелік рөл атқарады. Мұндағы ақыл-кеңестер қысқа, әрі тұжырымды болады. Сөздер бейнелі, орынды қолданылады. Мақал-мәтелдерден халықтың тіл байлығы көрінеді. Бай сөздік қорымыздың ұрпақтан-ұрпаққа ұмытылмай берілуіне көмегі мол. Адамның жан-дүниесінің тілдегі көрінісі мақал-мәтелдерде жақсы бейнеленген.

Мақал-мәтелдерде оқу мен еңбек, ойын мен өнер, адамның жақсы-жаман қасиеттері, елін сүю, ата-ананы құрметтеу т.б. үлгі-өнегелер сөз болады. Өмірдің әр саласына байланысты болғандықтан оларды әр түрлі тақырыпқа бөлуге болады.

0 дауыс

Мақал – сөздің мәйегі

Мақал - мәтелдер – сөз мәйегі, асылы, саф алтыны. Қазақ халқы « Мақал - сөз атасы» дейді. Айтар ойды екі ауыз сөзбен жеткізіп, ұрпағына тәлім – тәрбие, өнеге, үлгі берер ауыз әдебиетінің асыл мұрасын күнделікті өмірімізге пайдаланып, қажетімізге жаратып та жүрміз. Ғасырлар шежіресін кейінгі ұрпақ бойына дарыта түсу, ана тілімізге деген құрмет, жастар арасында тіл саясатын насихаттау, халқымыздың ақыл - өнегесі көрініс тапқан мақал - мәтелдерді қолдану деңгейі жастар арасында қандай дәрежеде екендігін білу мақсатында таяуда қаламыздың Мәдениет сарайында « Мақал - мәтел - сөз мәйегі» атты сайыс болып өтті.  
Сайысты ұйымдастыруға ұйытқы болып отырған - қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі. Сайысқа Шахтинск технологиялық колледж студенттері, № 16 қазақ орта мектебі және № 14 орта мектеп оқушылары қатысты.Сайыс үш кезеңнен тұрды. 1 кезеңде қатысушыларымыз тіл өнері, ақыл - ой, ғылым - білім туралы, 2 кезеңде – үлгі - өнеге, тәлім - тәрбие , 3 кезеңде – жан - жануар, мінез - құлық туралы мақал- мәтелдер айтудан сайысты .Сонымен қатар, қазақтың тыйым сөздері, тұрақты тіркестердің мәнін ашу, салт - дәстүр, әдет - ғұрып бойынша берілген сұрақтарға жауап берді. Үш кезеңде өздерінің білімділігі мен тапқырлығы басым болып, № 16 қазақ орта мектебің оқушылары Ә.Тәбарак, М.Мәжіліс, Е.Танкен, №14 мектеп оқушысы Н.Кәрімов жеңіске жетті. Жүлдегер оқушылар мен қатысушыларға мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің арнайы сыйлықтары тапсырылды. Сайыс жас ұрпақ санасына танымдық, тәлімдік тәрбие берумен қатар, ұмытылуға айналған наным - ырымдарды еске салды. 
Ұ.Жолшыбекова, № 16 қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

0 дауыс
бля норм ештене жок ко
...