+4 дауыс
16.5k көрілді
Тәкәппарлық деген не және Өзіме н/е өзіңе көп алма деген сөздерді толық түсіндіріп берсеңіздер.

Өзіме көп алдым дейді,Өзіңе көп алма дейді осы сөздердің толық мағынасын түсіндіріп берсеңіздер.

7 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
Тәкәппарлық "МЕН" "ЖӘНЕ МЕН" "ТАҒЫ ДА МЕН" деген сөздерге саяды. Кейде адам баласы «мен» деген сөзді қаншалықты көп айтатынын өзі де байқамай қалады. Бір кісінің жүрегіне үнемі өзін көрсету, мойындату, өзгеден жоғары екендігін білдіру сезімі ұяласа, онда ол жүректі білдірмей келіп шағатын улы жылан маңайлап жүр деп болжасақ қателесе қоймаспыз. Ол сезімді  «тәкаппарлық» деп атайды.

«Тәкаппарлар қияметте құм данасындай болып аяқ астында қалады. Барлық адамдар оларды басып жүреді.» (Тирмизи)

«Жер бетінде тәкаппарланып жүрме! Өйткені, сен ешқашан жерді тесіп кете алмайсың және таулардан биік бола алмайсың. Бұлардың барлығы Раббыңның құзырында жек көрінішті жаман қылықтар саналады»[1], – деген аят түсіріп, бұл мінезді жақсы көрмейтіндігін білдірген. («Исра» сүресі. 37,38-аяттар)

Өзіңе көп алма деген тәкәппарлан ба, менмен болма деген сөздердің синонимі деп түсінемін.
+1 дауыс
ну брат отирик билмегенсимеш. Білесің ғо. Әлде балл жинау ма?
Өййй Нұржігіт білсем сұрамаушы едім.
НУ сенің білмеуің ұят қо балл жинағыш
Қалай ойласаң, солай ойла !!(mm)
+4 дауыс
ӨЗ ПІКІРІМ.      Өзіңе көп алма деген  біреудің басқаға айтып жатқан сөзін өзіне қаратып алуы.Яғни көп нәрсені көңіліне ала беретін адамдарға айтады.Тәкәппарлық- өзін басқалардан жоғары сезінуі. Басқаларды менсінбей кетуі. Ондай адамдар көбімен сыйыса бермейді деп ойлаймын.
+2 дауыс
Бұл сұрағың орынды. Мысалы сен өзіңді ғана ойласаң айналаңдағы тіпті жақындарыңды емес тек өзіме ғана керек дегендей ғой. Әрине бірінші өзіңді жарылқағаның дұрыс,дегенменде өзім,өзім дей бермей айналаңдағы жақындарыңа бір сәт болсын көз салу керегін де ұмытпалық. Бұл менің ойым тек ренжімендер
Жан не дегің келгенін түсінбедім,ойың шашырап жатыр ғой....
+4 дауыс
Өзіңе көп ала берме деген менің ойымша, өзіңе жауапкершілікті көп ала берме деген сөзге сай келетін сияқты.

Тәкаппарлық деген басқаларды менсінбеу, өзінше болу, өзін жоғары санау деген мағына береді.
+2 дауыс
Өзіңе көп алма деген-артық кетпе,өз орныңды біл т.б. деген сияқты ғой.
0 дауыс
Такаппар деген меним ойымша оз ортасында озин оте жогары багалау жане ешкимге сенбей тек озине сеним артып озин катты жаксы коретиндер
...