+2 дауыс
10.6k көрілді
Фразеология термині жайлы?

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Фразеология термині белгілі бір тілдегі фразеологизмдердің тұтас жиынтығы деген мағынамен қатар, тіл білімінің фразеологизмдерді зерттейтін саласы деген ұғымда да қолданылады. І. Кеңесбаевтың авторлығымен  шыққан «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» қазақ фразеологиясына ғана емес, қазақ тіл біліміне де қосылған елеулі үлес. І. Кеңесбаев аталған сөздіктегі қазақ тілінің фразеологизмдері туралы жазған мақаласында фразеология туралы: «Тіл-тілдің өзіне тән ұлттық қасиеті оның барлық тарауларынан (ярустарынан) байқалатыны мәлім. Сол қасиет, әрине, тиянақты сөз тіркестерінен де анық көрінеді. Тіл байлығын сөз еткенде сөз байлығы (лексикалық қор) деген топқа осы сөздікте қамтылған алуан түрлі фразеологизмдерді жай, жалпылай жатқыза салуға болмайды. Басқаша айтқанда сөз байлығын тексеретін тіл білімі саласын л е к с и к о л о г и я деп атайтын болсақ, фразеологизм байлығын тексеретін тіл білімі саласын ф р а з е о л о г и я деп атау әбден орынды», – деп жазады [1, 589 б]. Қазіргі қазақ фразеологиясы – зерттелген қырына қарағанда зерттелмеген тұсы әлі де көп тіл білімінің бір саласы. Автор аталған еңбегінде қазақ тіліндегі фразеологизмдердің теориялық мәселелерін де жан-жақты қарастырып, болашақ ғылыми-зерттеу жұмыстарына бағдар боларлық ғылыми пікірлер айтқан. Қазақ тілінің фразеологиясын зерттеуші ғалымдардың қай-қайсысы болмасын өз зерттеу жұмыстарында бұл еңбекті басшылыққа алады.Қазіргі қазақ тіл білімінің бір саласы ретінде танылып отырған фразеология – құрылымы мен құрамы тұрақты, даяр қалпында қолданылатын бейнелі тұрақты тіркестердің қазіргі жай-күйін және тарихи қалыптасуын зерттейді. Фразеология жеке лингвистикалық пән ретінде XX ғасырдың 40 жылдары қалыптасты. Фразеологияның теориялық негізін қалаушылар ретінде француз ғалымы Ш. Баллиді, Ресей академигі В. В. Виноградовты атауға болады. Ә. Болғанбайұлы мен Ғ. Қалиев «Қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы» атты еңбекте: «Фразеологизмдердің өз алдына дербес лингвистика саласы екендігін танытатын негізінен үш белгісі бар. Олар:

1) даяр қалпында жұмсалу белгісі,

2) мағына тұтастығы,

3) тіркес тиянақтылығы», – деп жазады [2, 187 б].

Фразеологизмдерге тән бұл белгілер әркез бір-бірінен айқын ажыратыла бермейді. Сондықтан фразеологизмдерді топтастыру тіл біліміндегі күрделі мәселелердің бірі болып табылады.

Қазіргі тілдік қорда қолданылып жүрген фразеологизмдердің біразы адам эмоциясына қатысты. Адам эмоциясына қатысты фразеологиздердің бір тобы жеке тұрып адамның түрлі көңіл-күйін білдіретін болса, енді бір тобы контекс ыңғайына қарай эмоциялық реңкке ие болады. Біреудің қорыққандығын айтқымыз келсе жүрегі ұшты, зәресі ұшты, үрейі ұшты, иманы қашты, көзі шарасынан шықты, көзі алақандай болы, жүрегі тас төбесіне шықты, зәресі зәр түбіне кетті, жаны мұрнының ұшына келді, деген фразеологизмдерді, ал біреудің қатты таң қалғандығын аузын ашып, көзін жұмды, рахаттанғанын айызы қанды, қуанғанын екі езуі екі құлағына жетті, жерден жеті қоян тапқандай болды, құмартқанын аузының суы құрыды, аузынан суы ақты, аузынан сілекейі шұбырды, ұялғанын кірерге тесік таппады, бет моншағы үзілді, бетінен оты шықты, құлағының ұшына дейін қызарды, жүзі шыдамады, жер шұқыды, үрейленгенін төбе шашы тік тұрды, өкінгенін санын соғып қалды фразеологизмдері арқылы білдіреміз. Бұлардың барлығы ана тілінің шексіз байлығын, фразеологизмдердің эмоциялық реңк жасаудағы орамдылығын көрсетеді. Фразеологизмдер сөйлем ішінде қолданылғанда стильдік ерекшелікті, эмоциялық реңкті айқын көрсетуге қызмет етеді. Мысалы, қуанды деген сөз бен екі езуі екі құлағына жетті фразеологизмінің, қорықты деген сөз бен жүрегі тас төбесіне шықты фразеологизмінің, арасында мағыналық сәйкестік болғанымен, бұл сәйкестік толық балама бола алмайды себебі қуанды, қорықты сөздерінде фразеологизмдердегідей экспрессивті реңк жоқ. Бұл жөнінде І. Кеңесбаев өз ойын былай тұжырымдайды: «Жеке сөз өздігінен барлық жағдайда ауыс, бейнелі мағынада жұмсалуы міндетті емес (басқаша айтқанда, сөздің бұл жерде факультатив қабілеті бар да, бірақ оның әрдайым сырттай көрінуі басты шарт емес). Ал фразеологизмнің бейнелі (дәлірек айтқанда, туынды) мағынада жұмсалуы – өн бойы кездесер қағида. ФЕ (ф. түйдек те, ф. тіркес те) т у ы н д ы мағынаны білдіреді де, сөз т ү б і р мағынаны білдіреді. Осыдан шығатын тағы бір түйін: ФЕ мен сөз бір-біріне баламалық байланыста емес, жанамалық қатынаста болады деген топшылауды қолдаймыз. Яғни белгілі бір ФЕ-нің ішіндегі сөздердің бірде-бірі дербес мағынаның референті бола алмайды. Басқаша айтқанда ФЕ құрамындағы белгілі бір компонент дербес мағынаны білдіре алмайды. Ал, жеке сөз өзінің референттік қасиетін сақтамауы мүмкін емес. Осыдан келіп, біраз ғалымдар ФЕ-нің мағынасын фразеологиялық мағына деп, сөз, еркін тіркес мағынасын лексикалық мағына деп атауды лайық көреді. Бұған келтірер үлкен дәлел: ФЕ тікелей мағынада емес, туынды мағынада ғана жұмсалады» [1, 597 б].
Бұл мәселе туралы С. Сатенова сөз бен оған мағыналас фразеологизмдердің қолданыс ерекшелігіне қатысты білдірген пікірінде фразеологизмдердің ойдың астарлы, бейнелі болуына ықпалын айта келіп: «…іші өлген, сырты сау қос тағанды фразеологиялық тіркесін «қайғылы, уайымды, шерлі» тәрізді лексикалық эквиваленттерімен ұйқасын, үйлесімін тауып ауыстырғанымызбен, фразеологиялық тіркес қолданысындағыдай әсерлі, сазды болуы және жаны күйзелген адамның сезім дүниесін соншалықты дәл жеткізуі екіталай болар еді», – деп жазады [3, 88 б]. Тілдік қордағы фразеологизмдердің дәстүрлі қолданысынан басқа, жекелеген авторлардың фразеологизмдерді, оның ішінде эмоционалды реңкті фразеологизмдерді де құбылтып қолдануы жиі болмаса да шығарма тілінде кездесіп қалатын құбылыс. Бұл жөнінде С. Сатенова: «…тұрақты сөз оралымдарын автордың өңдеп, құбылтып, контекске сай орынды қолдануы ең алдымен пайдаланып отырған фразеологиялық тіркеске өзгеше түр-сипат беріп, микротекстің мәнділігін арттырып, экспрессивін күшейтеді. Кейде тіпті тың бағытта қолданылып, мүлде жаңа мағына туындауы мүмкін», – деп, қос тағанды фразеологизмдердің құрамындағы соңғы компоненттің басқа лексемамен ауыстырылып берілуіне дастандар жинағынан: «Сыртым – бүтін, ішім шоқ», – деген мысал келтіреді. Автордың пікірінше, сырттай жайдары көрінгенмен, іші толы уайым-қайғы ұғымындағы сырты бүтін, іші түтін фразеологиялық тіркесінің құрамындағы соңғы компонентінің өрістес, тақырыптас «шоқ» сөзімен ауыстырылуы ұйқасқа, эмоционалды-экспрессивті реңк беруге, бейнелілігін, мәнін арттыруға, фразеологизмге өзгеше сипат беруге негізделген.
Ө. Айтбаев жоғарыда аталған еңбегінде фразеологизмдер және олардың зерттелу жайы, фразеологиялық бірліктердің қызметі және эмоционалдық-экспрессивтік бояуы, фразеологизмдерді аудару мәселелері, бейнелі сөз тіркестерінің көркем шығармалардағы стильдік қызметі және оларды аударудың кейбір амалдары т.б. да мәселелерге назар аударады. Фразеологиялық бірліктердің эмоционалды мән беруі туралы: «Қандай тілде болмасын фразеологиялық единицалар астарлы, образды мағынада қолданылады. Олардың қай-қайсысында да мәнерлеп, бейнелеп айту қызметі күшті. Кейбір жеке сөздердегі тәрізді, тұрақты сөз тіркестерінде де эмоциональдық-экспрессивтік бояу мол. Көбіне осы өзгешелік басым. Яғни фразеологизмдердің көпшілігі айрықша образды, экспрессивті қызмет атқарады. Экспрессивтік-эмоциональдық бояуы бұрыннан бойында бар фразеологиялық единицалар көркем қолданылып, сөйлеушінің адамзат, құбылыс турасындағы өз көзқарасын мәлім етеді. Экспрессивті тұрақты тіркестер сезімге айрықша әсер етеді», – деп жазады [4, 388 б].
Г. Смағұлова: «Тұрақты тіркестер қазақ лексикасының ең өнімді бай қабатын құрайды. Осындай ұлан-ғайыр тілдік қордың ішінде кездесетін фразеологиялық факторлар табиғи тіл дамуының ажырамас көрсеткіші болуы керек. …Жалпы фразеологизмдердің пайда болуы, жасалуы туралы сөз қозғалғанда осындай образдылықтың адамның жан-дүниесіне әсері, одан шығатын эмоциялық қорытынды үнемі тұрақты сөз тіркестерінің ерекшеліктерін айқындайтын талап

+3 дауыс
ФРАЗЕОЛОГИЯ (грек. phrasіs — сөйлемше, logos — ұғым) —

    1) тілдегі тұрақты тіркестерді қазіргі және тарихи даму тұрғысынан тексеретін тіл білімінің саласы;
    2) бір тілдегі тұтас Фразеологиялық қор.

Фразеологияның қалыптасуындағы объективті және субъективті факторлар — Фразеологиялық мағынаның коммуникативтік жағдайларға бейімделуі және сөйлеу кезіндегі сөз тіркестерінің туынды мағынаға ие болуы. Ал сөздің жанамалық қатыста номинацияға ұшырауы, ұғым мен түсінікті тереңдетудегі танымдық қызмет пен жүйе, әлеум. жағдайдағы мәдени ұлттық ерекшеліктерді көрсету, т.б. Фразеологияның басты міндеттері болып саналады. Фразеология негізінен психология, философия,тарих, этнографиямен тығыз байланысты. Қазіргі кезде фразеологизмдерді кең ұғымда түсінуді жақтаушылар Фразеологияның зерттеу аясын кеңейтуді ұсынуда. Фразеология семантик. категориялар қатарында фразеологизмдердің антонимді, синонимді, омонимді, көп мағыналы құбылыстарына талдау жасайды. Фразеология тұрақты тіркестердің эмоционалды-экспрессивті ерекшеліктеріне орай, олардың қолданылу аясында стильдік дәрежелену сатысын айқындап, жалпы стильдік қызметін саралайды. Фразеология фразеологиялық тіркестердің белгілерін анықтау принциптері мен әдістерін басшылыққа ала отырып, фразеологиялық тіркестердің сөздерде толық тұжырыммен сипатталуына назар аударады. Компоненттер бірлігі Фразеологиялық мағынаны түсіну үшін аналитикалық талдау, фразеологизмдердің семантик., тақырыптық жүйеленуі, жеке сөздің компоненттер құрылымындағы орны Фразеологиялық факторлармен дәлелденуді қажет етеді. Фразеология бұрыннан қалыптасқан зерттеу әдістерін жетілдіре отырып, фразеологизмдердің семантик.-синтаксистік құрылымын басқа ұқсас жағдайлардан ажырату үшін Фразеологиялық тіркес шегін белгілеп зерттейді. Түркі фразеологиясында фразеологизмдердің тұлғалық, мағыналық, тақырыптық жақтарының күрделілігіне қарай ғылыми ізденістерде зерттеу әдістерінің бағыт-бағдары әр түрлі. Фразеологияда елтануға негізделген лингвистика фразеологизмдер арқылы жүзеге асырыла бастады. Яғни, ұлт мәдениетін болмыс ұғымының аясында таныту мақсатында тілдің жинақтау қызметі арқылы фразеологизмге этнолингвист. талдау жүргізу. Фразеологизмдер стилистикамен тығыз байланысты болғандықтан, оларды тіл білімімен қатар әдебиеттану ғылымы да зерттейді.

Абай тіліңдегі фразеологизмді жалпы халықтық тілден, сонымен бірге езіне дейінгі ауызша әдеби тілден алып қолданған және ақынның өзі жасаған тіркестері деп бөліп қараған абзал. Ғасырлар бойы сұрыпталып, тұрақталған тіркестерді пайдалану жалғыз Абайдың емес, әрбір қаламгердің әдісі, бірақ, мұнда әр ақын-жазушының фразеологизмдерді таңдауы, құбылтуы, қолдану орны, жиілігі т. б. жағынан өзіне тән қолтаңбасы көрінеді. Белгілі бір тілдегі Ф. байлығы қай автордың тілінде де негізгі тілдік және поэтик. қурап ретіңде кәдеге асырылған. Абай да, әсіресе, өлеңдерінде халық қазынасына жататын тұрақты тіркестерді еркін қолданған. Мыс., оның өлеңдеріндегі қас сағыну, қас сағынбау, із жоғалту, көзге ұру, қырымға қарау, титығы құру, табанынан тозу, намысқа шашу, тілін безеу, басқа шауып, төске өрлеу, араны тоймау, малма сапсу, шылбыр беру, шаужайынан қағу, табанынан таусылу, қырқын мінсе қыр артылмау сияқты қимыл, іс-әрекетке қатысты ете образды тұрақты тіркестер - казақтың жалпы халықтық тілінің ертеден келе жатқан мүлкі. Сондай-ақ, жас өспірім, ақ көңіл, ақ пейіл, ер көкірек, жау жүрек тәрізді сындық мәнді фразеологизмдерді де Абай халықтық қордан алып жұмсаған. Абай заманыңда бірқатар фразеологизмдер әлеум. жаңа қарым-қатынас, жаңа құбылыстарға байланысты туған қолданыстар болатын. Мыс. , шенді шекпен кию, басына іс тусу, ат мініп, ақша ұстау, жер аудару, жалға жүру, закон сұрау деген тіркестер қазақ даласына келген жаңа әлеум. немесе экономик. карым-катынастарға қатысты пайда болған, 19 ғ-дың 2-жартысының туындылары. Заманға қарай өмірге келген жаңа сездерді жиі қолданғаны сияқты, ақын мұндай тың тіркестерді де жатсынбай қабылдайды. Оның үстіне Абай тілінен орынға сайлану, түсіп қалу (әкімш. орыннан айырылу), байға кірісу, міндетті болу (халыққа не ұлыққа) тәрізді заманалық жаңа сез орамдары табылады.

Фразеологизмдерді қолдануда ақын қазақ көркем сөзі тіліне үлкен үлес қосты, ол үлес перифрас-тикалық тіркестерді мол қолданудан, жаңа тіркестер жасаудан және кәнігі фразеологизмдерді тұлғалық құрылымдық түрін өзгертіп жұмсаудан көрінеді. Ф. саласында Абай әкелген өзгеріс, жаңа- лықтардың келесі турі оның ез қаламынан жаңа тіркестер туғызуында. Ф-лық тіркестер - семантик. шоғырлар, яғни, жеке сөздер білдіретін мағыналардың бір-бірімен түйісуінен туған жаңа семантик. единица. Абай образ жасауда, айтпақ ойына экспрессивтік сипат беруде жеке сөздерді бір-біріментіркестірудіңсарқылмас булақсияқты екенін жақсы түсінген. Сондықтан қызметі мен құрылымы жағынан әр алуан жаңа фразеологизмдерді ұсынады. Олардың үлкен бір тобына семантикасы жағынан бір-біріне жанаспайтын сөздерді тіркестіріп жасағандары жатады. Мыс. , көңілдің жайлауы деген жаңа фразеологизмде көңіл деген дерексіз ұғым жайлау деген нақты зат атауымен қабыспауға тиісті еді, бірақ, ақын көңіл сияқты абстракцияны жайлау тәрізді әрі шалқыған кең, әрі жадыраған «дүние» деп таныту үшін бұл кереғар екі ұғымды бір-біріне жанастырып, жаңа ассоциация туғызады. Көңілге ажым салу деген жаңа фразеологизм де соны образ әрі оның экспрессивтік бояуы бұрынғы көңілі қалу, көңілі жабырқау дегендерге қарағанда әлдеқайда қою. Олжалау, пайдалану (біреудің еңбегін, күшін, ойын т. б.) деген сездер тұрғанда адам аулау, адам сауу деген фразеологизмдерді ұсынғанда да Абай мағыналары жуыспайтын ұғым атауларын (ауланатынаң, құс, сауылатын мал)тіркестіріп жаңа образ жасайды, соңғы тіркестердің әсері алдыңғы етістік сөздерден әлдеқайда күшті екенін Абай жақсы білген. Оның тіліндегі бойды ұрлау (ұрланатын қолға ұстайтын зат болу керек қой), жүрегін ұстап сату (сатылатын зат, бұйымдар болуы керек), иман жүзін тоздыру (тозатын киім, бұйымдар болуы керек еді) деген фразеологизмдер де осы қатардан табылады. Бұлар, бір жағынан, метафоралық тіркестер, яғни, мағына ауыстырып айту құралы ретінде көрінеді. Бұл типтес фразеологизмдер сан жағынан да, сонылығы жағынан да көзге бірден түсіп, Абайдың қазақ Ф- сына қосқан үлкен үлесі болып танылады. Абай қазақ тілінің фразеологиялық қазынасына орыс тілінен тікелей аудару (калька жолымен) арқылы жасалған жаңа тіркестер қосты. Әрине, бұлар сан жағынан көп емес, бірақ, сол аз фактінің өзі қазақ поэзия тілінде Абайдан басталғанын көрсетеді. Мыс. , Қартаң бай, қатты сақ бол, тілге көнсең, Мүйіз шығар қатынның тіліне ерсең(1, 200), мүйіз шығу тіркесінің дағдылы мағынасы мерейі үстем болу, ал Абайдағы мағынасы әйелі кезіне шеп салған еркектің халі, орысша «быть рогатым» дегеннің калька жолымен туған қазақшасы. Осы қатарға «Кептерше сүйініскен демалыс бар», «Дүниедегі қызықтың бүгін бәрі, Саған салқын тартқандай, сен - бір кәрі» дегендердегі кептерше сүйінісу - ворковать как голубки, салқын тарту - постывать (Лермонтовтың «Пускай теперь прекрасный свет Тебе постыл - ты слеп, ты сед» деген жолдарының аудармасынан) тәрізді фразеологизмдері дежатады. Сондай-ақ, тактісіне билеу, бір сағаттан бір сағат сияқты тіркестер де негізі өзге тілдік (плясать в такт, от часу на час) деп тұрған сияқты. Аударма немесе калька тіркестердің бірқатары Абайдың төл шығармаларында қолданылған, сондықтан бұл әдіс тек аударма үстінде, шарасыздықтан қолданылған емес, орыс тілінің көркемдік дүниесін игеру, жарату сияқты талаптан туған деуге болады.

Абай бұрынғы фразеологизмдерді өзгертіп қолданғанда, екі түрлі әдіске жүгінеді: бірі-тұрақты тіркестің құрамындағы сөздердің бір-екеуін езге сөздермен (кебінесе, синонимдерімен) ауыстырып қолдану. Мыс., ант бұзу дегенді ант шайқау, ақылы кірдіні, ақылға ену, ар-ұяттан безуді ардан кету, ауызға сөз туспеді тілге сөз туспеді деп құбылту немесе өтірікті жүндей сабауды өтірікті судай ағызудың орнына өзгертіп құру - Абай тіліне тән. Бұл тәсіл Абайда жүйеге айналған. Байырғы фразеологизмдерді өзгертуде екінші қолданған әдісі - тілде қалыптасқан тұрақты тірке
0 дауыс
The Last Naruto the Movie 10 русская озвучка OVERLORDS Наруто Шиппуден фильм 7 Последний Наруто Фильм 10 часть 1 из 3
...