Несие – ақша сияқты тарихи экономикалық дәреже болып табылады. «Кредит» деген сөз, «қарыз», «несие» деген «kredo» - сенемін деген мағына беретін латынша «kreditum» деген сөзден шығады. Ол экономикалық дәреже ретінде әр түрлі экономикалық қоғамдарда қызмет етеді. Ол тауар өндірісінің пайда болған кезінен бастап қарапайым формаларында: бай және кедей қоғамдарда көрінеді. Несие қатынастары ақша қатынастары сияқты үнемі даму үстінде болады. Алғашқы несие табиғи түрде қоғамның дәулетті топтарынан мүліксіз шаруалар мен кәсіпкерлерге тұтыну мұқтаждығы мен қарыздарды өтеу үшін ұсынылған. Тауар-ақша қатынастарының дамуымен несие ақша түріне көшті.
Несиенің объективті қажеттілігі табиғи және ақшалы түрде жүзеге асатын ерекшеліктерден кеңейтілген өндірісті шығарып тастайды. Ол капитал түрлері үнемі ауысып тұратынын ұйғарады, меншіктің ақшалы түрі тауарға, тауарлы меншік өндірістікке, өндірістік тауарлыға және тауарлық қайтадан ақша түріне ауысып тұрады, яғни А - Т - Ө - Т 1 - А 1 капиталдың ауыспалы айналымы жүреді. Ауыспалы айналымның бірінші кезеңінде ақша өндіріс қорына ауысып кетеді, екінші кезеңде - өндіріс процесінде – дайын өнім жасалады, өндірістік тауарлыға келеді. Үшінші кезеңде тауар сатылып, бастапқы ақша түріне ауысады. Капиталдың осындай ауыспалы айналымы тұрақты түрде бөлек жеке кәсіпорында және жалпы халық шаруашылығында үнемі жүріп жатады. Капиталдың қозғалысы – оның тек ауыспалы айналымы ғана емес, сондай-ақ оның айналымы да. Капиталдың айналымы дегенде оның үнемі қайталанатын ауыспалы айналымы түсіндіріледі.