Жалпы тамаққа астұзын шамадан тыс көп пайдаланған зиян. Ас тұзы NaCl буындарға жиналмайды, етке де жиналмайды. Ас тұзы қанның электртолитті қасиетін және осмос қысымын бұзып,тканьдерден судың шығуын төмендетеді (ісінудің пайда болуы) бүйректің, қан тамырлардың қызметін нашарлатады. Қан қысымын көтереді.Организмде NaCl KCl ға антогонист, сондыктан, ас тұзын көп пайдаланған адамда калийдің жетіспеушілігі пайда болады,бұның жүрекке кері әсері көп.Ал буынға жиналатын негізінен зәр қышқылының,сірке қышқылының,қымыздық (щавель) қышықылдарының тұздары (оксалаттар, ураттар,ацетаттар) жиналады Олар адам организміне азыққ арқылы түседі. Осылай буындарына тұз жиналғандарға арнайы диета сақтап кейбір тағам түрлерінен мүлем бас тартуға тура келеді. Мысылы буынға оксалаттар жиналса, онда помидоры бар тағамдары мүлдем жеуге болмайды. Егер буынға ураттар жиналса,қызыл шарапты мүлдем ішуге болмайды. Ацетаттаржиналса, консервіленген, қысқ мезгіліне арнап тұздалған тағамдардан бастарту керек. Бірақ осы тұздар араласып буындарға , бүйрек ,зәр жолдарына жиналып ,тіпті тас болып қатып қалады. Сондықтан арнацы диетаға отыру қағидасы бүйрегі ауыратындар үшін де маңызды.Халық емінен тұз құяңдардан арылту үшін (кейбір әдебиеттерден оқығаным), науқастарды қой терісіне салып терлету сияқты әдістер болған. Бірақ қаншалықты тиімді, қаншалықты зиян адам өміріне қауіпсіз екендігін зерттегендер бар ма , жоқ па оны білмейді екенмін.