Сұрағыңыз нақты болу үшін үшін адамның немесе жануардың арам тері туралы қойған дұрыс шығар. Бәйгеге жаратқан аттың арам терін алатын бала кезімізде. Менің білетінім аттың тері тұшығанша шауып терлетіп, пышаққа ұқсас қырлы ағашпен сыпыратын, артынан дәмін көріп жататын. Сосын барып жар арамтер, үштен бірі қалды деп жататын. Болмаса атты түтін толы сарайға қамап, монша түскендей терлетіп, әбден борша-боршасын шығарады, сосын шомылдырып ертеңіне қайта терлетіп тердің дәмін тағы көреді, ащы болса тағы қайталайды. Адамдікіне келетін болсақ, адам терлеген кезде организмдегі бүкіл қажет емес заттар термен бірге шығады. Спортпен айналысып көп терлеген адамның бүйрегінде, бауырында тас, құм деген болмайды, өт жолдары бітелмейді, ұйқысы тыныш болады. Аптасына 3-4 рет жүгіріп жүрген адамның өмірге деген көзқарасы да өзгеше болатын себебі осы-терлеуден. Потенция керемет жоғарылайды, сергек қимылдайсың, тәбетің ашылады. Қимыл жасап терлеп жүрмесең жағымсыз иіс шығарады адамның денесі. "Семіздікті қой ғана көтереді", "Жарықтық-жаратқан аттай мүсінді жігіт екен"-деген аталарымыз осының бәрін біліп айтқан.