The Australian Macworld-тың таратқан мәліметтеріне сенсек, дүниежүзіндегі ең қымбат iPhone 17,8 миллион долларға бағаланған. Алтын мен гауһар тастарды қолданып, iPhone 5 Black Diamond-тың дизайнын ойлап тапқан әрлеушінің есімі – Стюарт Хьюз. Мамандардың айтуынша, смартфонның сыртқы корпусына 24 қарат алтын мен оюлау мен әшекейлеуге 600 ақ гауһар тастар жұмсалған. Оның 53 бриллиант тасы Apple-дің фирмалық белгісін безендіруге кетіпті. Ал телефонның беткі панеліне жақұттан әзірленген әйнек салынып, телефон кнопкаларының орнына бриллиант тастар орнатылды. Бұл бағалы заттардың барлығын ұялы телефонға тапсырыс берген қытайлық кәсіпкердің өзі берген көрінеді.