+2 дауыс
1.3k көрілді
Егер сізді біреулер телефон арқылы қорқытып, бопсалағысы келсе не істеу керек?

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Бопсалау - адамдардың тікелей немесе жанама түрде өздеріне керек нәрсені істемесең, басыңа төнетін қиындықтар арқылы қорқыту әсері. Ол әсіресе, «кез келген тәсілмен мақсатқа жету ақталады» деп ойлайтын адамдар үшін біреудің іс-әрекетін басқарудың тамаша тәсілі. Қорқыту – психикалық түрде ықпал ете отырып, адамды қорқыту. Қорқыту жапа шеккен адамға тікелей немесе оның жақындары, немесе үшінші тұлғалар арқылы жазбаша немесе ауызша, телефон, телеграф, факсті пайдалана отырып жүзеге асады.

Қазіргі заманда телефон жарылғыш заттардың жасырылғандығы, адамдар кепілге алынғандығы, күштеп қорқыту мен бопсалау туралы хабарламалық ақпараттар келіп түсетін негізгі құралға айналған.

Мысалы, сізге алаяқтар хабарласып, сіздің ұлыңыз есірткі партиясы бойынша ұсталды немесе жолды кесіп өткен жолаушыны қағып кетті немесе сіздің басқа да туыстарыңыз бен таныстарыңыз қиын жағдайға түсуіне байланысты хабар айтып, ақша көмегімен соны шешуге ұсыныс жасауы мүмкін.

Әдетте, аяқ астынан болған хабар әркімді де есеңгіретіп тастайды. Оның үстіне естіген хабарыңыздан, сіздің сол қоңырауға дұрыс баға беріп, қауіптің шынайылығына көз жеткізу үшін барынша көп мағлұмат алуды ойлауға шамаңыз да келмей қалуы мүмкін. Мұндай қоңыраулар тікелей сізге немесе сіздің отбасыңыздың бір мүшесіне келіп түседі. Егер сіздің телефоныңызға бұдан бұрын да мұндай қоңыраулар келген болса немесе сізге осындай қоңыраулардың болатынына негіз бар болса, онда телефонға автоматты нөмір анықтағыш (АНА) және дауыс жазу құралын орнату жолын қарастыру керек. АНА-ның көмегімен тез арада анықталған нөмірді оны жоғалтып алмас үшін қағазға жазып алу керек. Дауыс жазу құралы көмегімен сөйлесу жазылған таспаны шығарып, оның сақталуын қамтамасыз етіп, орнына басқа таспа салуды ұмытпау керек.

Есіңізде болсын! Қоңырау соққан адамның нөмірі мен әңгіменің фонограммасы болмаған жағдайда, құқық қорғау органдары үшін тергеу жүргізу және оны сотта пайдалану мақсатындағы дәлелдеу базасын қалыптастыру үшін материалдар мүлде аз болып қалады.

Егер дыбыс жазу құралы және АНА болмаған жағдайда, қылмыстың алдын алу мен қылмыскерлерді іздеу үшін құқық қорғау органдарына сіздің келесі қадамдарыңыз көмек болады:

1) сөйлесуді сөзбе-сөз жаттап алу және оны қағазға жазып алуға тырысу;

2) әңгіме барысында қоңырау соққан адамның жынысы мен оның жас мөлшерін, сөзді қолдану ерекшеліктерін, дауысын (қатты немесе ақырын), сөзінің қарқынын (жай немесе тез), сөйлеу мәнерін (анық, бұрмалап, кекештеніп, тілін шайнап немесе белгілі бір акцентпен, диалектімен) және сөз мәнерін (әдепсіз, келекелеп, болмаса былапыт сөздермен сөйлейтінін) біліп алу;

3) міндетті түрде дыбыстық шуды ескеріңіз (автокөлік немесе теміржол көлігінің шуы, теле-, радиоқұралдар шуы, дауыстар және т.б.);

4) қоңырау сипатын анықтаңыз (қалалық, қалааралық);

5) сөйлесудің дәл басталған уақыты мен оның ұзақтығын белгілеп алыңыз.

Егер мүмкіндік болса, сөйлесу барысында мынадай сұрақтарға жауап алып қалуға тырысу керек:

бұл адам кімге, қайда және қандай нөмір бойынша телефон соғып тұр?

қандай нақты талаптарды қойып отыр?

ол өз атынан немесе делдал ретінде біреудің немесе қандай да бір топ атынан сөйлеп тұр ма?

қандай жағдайда олар өз ойларынан бас тартуы мүмкін?

олармен қалай және қашан байланысуға болады?

бұл қоңырау туралы сіз кімге айтуға тиіссіз немесе айтуыңызға болады?

Қылмыскерлердің қорқытуына ешуақытта мән бермеңіз, әңгіме аяқталысымен бұл жайында құқық қорғау орындарына тез арада хабарлаған жөн. Егер Сіздің телефон тұтқаңызды қылмыскерлер тыңдауы мүмкін деген күдік болса, басқа нөмірден қоңырау шалыңыз.

Мұндай фактілерді жасыру жағдайды біршама қиындатып, қылмыскерлердің жазадан құтылып кетуіне мүмкіндік береді. Телефон арқылы тікелей қорқытудан бөлек қылмыскерлер сізді құқық қорғау органдарына ақпаратты жеткізуші ретінде де пайдалануы мүмкін. Жоғарыда келтірілген кеңестер бойынша қадам жасаңыз да, білген ақпаратыңызды құқық қорғау органдарына жеткізіңіз.
Бұл ақпаратты қай жерден алдыңыз? Сілтемесін жаза кетсеңіз!
Иа, сілтемесін көрсете кет.
0 дауыс
Телефонды қоя салу қажет, текке уақытыңды құртпай. Сосын сол нөмірді черный списокқа қойып, сізге хабарласа алмайтындай ете салу қажет)
...