+1 дауыс
588 көрілді
Салық төлеудің қажеттілігі және оны төлемеудің салдары қандай болмақ?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Әдетте, салық мемлекеттің негізгі белгілерінің бірі ретінде қабылданады. Бұл әр мемлекетің дәулеттілігі және өсіп-өркендеуі. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер (мемлекеттік баждар, алымдар, төлемақылар) мемлекеттік кірістін тұрақты көзі ретінде:

  1. елдің бюджетін, мемлекеттің қаржылық негізін қамтамасыз етеді, қоғам үшін әлеуметтік-экономикалық орны бар;
  2. мемлекеттік бюджетті толтыруды ғана емес, қоғамдық қатынастарды реттеуде де аса маңызды рөл атқарады;
  3. өндірістің үлғаюына жағдай туғызып, жұмыс орындарының санын көбейтеді, сол арқылы инвестициялық қызметке ықпал етеді, көлеңкелі экономиканы ығыстырады және т.б.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 35 бабында заңды түрде белгiленген салықтарды, алымдарды және өзге де мiндеттi төлемдердi төлеу әркiмнiң борышы әр мiндетi болып табылады деп айтылған.

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу міндетті рәсім. Салықты есептеу және төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексімен белгіленген.

Салық заңнамасында белгіленген мерзімде төленбеген салық сомасы берешек болып есептеледі.

Салықты төлеу бойынша міндетті орындамау немесе толық орындамау салық органымен берешекті анықтаған күннен бастап белгіленген мерзімде салық төлеушіге салықтық берешекті (берешек сомасы, сонымен қатар төленбеген өсімпұл және айыппұл сомасы) төлеу туралы хабарламаны жолдауға негіз болып табылады.

Салық төлеуші өз еркімен салық төлеу бойынша міндетін орындамаған жағдайда салық органдары салықты мәжбүрлеп өндіріп алады.

Салық төлеуші жеке тұлғаның мүлкі есебінен салықты өндіріп алу сот тәртібімен жүргізіледі.

Салықты төлемеген уақыт ағымында мемлекеттің салық төлеушіге деген мүліктік талабы белгіленген мерзімде төленбеген салық сомасына өсімпұл есептеу арқылы күн сайын өседі.

Салықты төлеу міндетін орындау бойынша өсімпұл заңнамамен бекітілген салықты төлеу уақытынан кейінгі әрбір кешіктірілген күнтізбелік күнге есептеледі.

Азамат салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтарған жағдайда, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту қарастырылған. Қылмыстық заңнама бойынша, егер азамат салық және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтарса, екі жүзден бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның екі айдан он айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не бір жүз сексен сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға, не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға, не екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның екі айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салына отырып екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Маңызды! Сіз салықты үйден немесе кеңседен шықпай-ақ, банкте кезекте тұрмай-ақ төлей аласыз.

Салық төлеушілер салықты, оның ішінде жеке тұлғалардың салығы (көлік құралы салығы, мүлік салығы, жер салығы):

  1. екінші деңгейдегі банктердің банкоматтары;
  2. екінші деңгейдегі банктердің интернет-банкингі;
  3. екінші деңгейдегі банктердің банктік дүңгіршектері;

«Салық төлеушінің кабинеті» Web-қосымшасы (Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу сервисі);

Қазақстан Республикасы Үкіметінің электронды порталы арқылы жүзеге асыруына мүмкіндіктер жасалған.

2011 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайы бойынша салық төлеу қызметі:

- «Қазкоммерцбанк» АҚ (оның ішінде homebank.kz интернет-порталы арқылы);

- «БанкТуранАлем» АҚ (интернет-банкинг);

- «Қазақстанның Халық банкі» АҚ (банкоматтар);

- «Альянс Банк» АҚ (банкоматтар) банктерінде бар. Басқа да екінші деңгейдегі банктермен банкомат және басқа электрондық құралдар аркылы салық төлеушілерге қызмет көрсетуді кеңейту жоспарланған.

Қызметтің артықшылығы:

төлемді қолайлы уақытта және кез келген жерден жүргізу (оның ішінде демалыс күндері);

төлеушінің дербес шотына төлеу фактісі бойынша ақша аудару (төлемді демалыс күндері жасаған кезде, сол күн төлем жасалған күн болып есептеледі);

салықты тек өзінің салықтық міндеттері бойынша ғана емес, қаласа, туыстары, жолдастары немесе басқа бір үшінші тұлға үшін төлеу мүмкіндігі;

интерфейста келесі әрекеттер бойынша қадамдық нұсқаулар бар (оңай, ыңғайлы);

чек алу (төлем құжаты).

«Салық төлеушінің кабинеті» Web-қосымша – дербес және жүйеге рұқсатсыз қосылудан қорғалған Қаржы Министрлігі Салық комитетінің интернет-порталындағы бөлім, ол салық төлеушіге ыңғайлы кез келген жерден электрондық салықтық қызметтерді алуға, оның ішінде салықтық есептілікті электронды түрде тапсыруға мүмкіндік береді.

«Салық төлеушінің кабинетінде» салықты төлеу және салықтық есептілікті электронды түрде тапсыру қызметтерінен басқа, электрондық сандық қолы бар салық төлеушілерге келесі мүмкіндіктер жүзеге асырылған:

  1. есептелген және төленген салықтар/өсімпұлдар/айыппұлдар сомаларымен бірге дербес шоттарын көру, әр кезеңге дербес шоттан жазба алу;
  2. камералдық бақылау бойынша электрондық хабарлама алу, БСАЖ-дан СТжСО АЖ-дан хабарламалардын барлық түрлерін алу;

«Мониторинг модулі» арқылы салық төлеушілердің белгілі санаттары үшін салықтық ақпараттарды (жағдайды) жариялау. Ақпаратты жариялағаннан кейін «Салық төлеушінің кабинетінде» қолданушының күнтізбесінде салықтық есептілікті тапсыру мерзімдері тәрізді ақпарат пайда болады.

...