+2 дауыс
1.5k көрілді

Абай жолы романын оқыдыңыз ба? Қазіргі таңда романды жастардың көбі оқымаған десек артық емес шығар. Ал сіз оқыдыңыз ба?

14 жауап

0 дауыс
Иа, оқыдым. Бірақ, кішкентай кезімде оқыған едім. Қазір кітап оқуға (көркем әдебиет) соншалықты уақытым жоқ.
0 дауыс
Үлкейдік Кітап Оқуға уақыт Жоқ Тек ПрАКТИКА!!!

Құттай кезімде ол кітапты оқымаппын!!!
+1 дауыс
Оқып жатырмын.Қазір емтихан кезі болғандықтан,уақыт табылмай жүр.2 кітабына көштім.
+3 дауыс
ууууувввввввууууууәәәәәәәәәә бір емес, екі емес бес қайтара оқыдым. Оқысаң оқи бергің келетін нағыз роман ғой ол, қалай оқымайсың?! Тіпті, тоя алмай орысшасын және оқыдым)
Маған сол кітаптың орысшаса электрондық нұсқасын тауып бере аласызба? Сілтеме тастасаңыз...
Белгісіз
Мына жерден http://bookre.org/reader?file=33970&pg=2  бірінші томын онлайн оқи аласыз. Ал мына жерден  http://www.sharedbook.ru/book/303081.html жүктеп ала аласыз
Рахмет жүктеп алдым. Қалған томдарын тауып бере алмайсызба?
Белгісіз
Осы бірінші томын бітіріп болған соң, жекеге хабарласыңыз. Қуана-қуана тауып беремін)
+1 дауыс
Оқыдым, тек орыс тілінде... Қызық екен)
0 дауыс
Әдебиеттен құр алақан емеспін)) Бірақ Абай жолын оқымадым әлі, мен үшін әлі де күрделі кітап
0 дауыс
әрине оқыдым!онсыз болама?)))
0 дауыс
ия окыганмын)))))кызыык)))
0 дауыс
Осылай ойласаңыз себебіңіз бар шығар, алайда менің достарымның көбісі "Абай жолы" роман эпопеясысын оқып шыққан. Мен де оқығанмын!
0 дауыс
Ассаламуғалейкум алаш елі!!!

Абай жолын оқыдым. Алайда 1-томын ғана оқыдым. Қалғанын оқуға шыдамым жетпеді. Маған қызық болмады ол кітап. Мен осы Абай жолын оқымағандар қазақ емес дегендермен келіспеймін. Абай жолынан көрі Көшпенділер, Алтын Орда әлдеқайда қызық әрі тарихи кітаптар. Абай Жолын тек Абайдың өмірін баяндаса ал Ол кітаптар күллі ҚАЗАҚ тарихынан сыр шертеді.
Аңбай жолын түк оқымағаның көрініп тұр!  Бұл романда Мұхтар Әуезов жалғыз Абайдың өмірі арқылы, ,сол замандағы жалпы қазақ халқының салт дәстүрін, тұрмыс тіршілігін,мәдениетін,қол өнерін,құсбегілік ,аңшылық  жылқы баптау сияқты кәсіптерді толық баяндап өтеді.Осы жазылған кейбір салт дәстүрлердің көбі қазір жоқ және ешқашан болмайды да. Оны тек осы роман арқылы ғана білуге болады. Бұл романның ең басты құндылығы да осы!  Баланың анаға  махаббаты (әжесі Зереге,анасы Ұлжанға) ағайын туысқа махаббаты (Абайдың ағасы Құдайбердінің балаларын қамқорлыққа алуы),( Қазақ жастарының бір- бірне деген адал махаббаты, шын сүйген ғашықтардың бір- біріне қосыла алмауы (Абай- Тоғжан,Оралбай- Керімбала,Әмір- Үмітей,Айдар- Ажар ж.т.б.)  Нағыз достықтың қандай болатындығы (Абай мен Ерболдың,Абылғазы, Базаралы достықтары) Бастапқы кезінде аздап іш пыстыратыны рас,бірақ біртіндеп  күрделене түсіп адамды қызықтырып әкетеді."Абай жолын" оқымаған қазақ шынымен де көп нәрседен ұтылады.
О, Жаке, оқыдым. Алайда Абайдың өмірінде қазақтың өмірі жатыр дегеніңізбен келіспеймін. Абайдың ұлылығы өлеңге Еуропалықты  алып келгенінде ғана. Абай жолындағы Құнанбай бейнесімен келісемісіз???!!! Маған Әуезовтан Есенберлин, Мұртаза, Абайдан Айбергенов пен Шаханов әлдеқайда артық.
П/сы: Абай Қазақ өлеңіне бірізділік және Жазба әдебиетті алып келген еңбегін ғана бағалаймын. Өлеңдерінің асып бара жатқан ешнәрсесі жоқ....
Абайдан мына жазушы ақындарды артық деп меніңше асылық айтып отырған жоқсың ба? Әрине бұл атап өткен ақын- жазушылылардың барлығы  да оқырманынның көңілінен шыққан, өз заманына лайық орны бар. Есенберлиннің Көшпенділері меніңде жақсы романдарымның бірі. Тіпті баламның атын да Ілияс деп қойғанмын. Бірақ, Абайға жетпейді. Абай ұлы тұлға. Сен айтып кеткен осы жазушылардың барлығы ,халықтың қолы сауаттылыққа жеткенде,қазақ халқы феодалдық дәуірден өтіп ,белгілі бір дәрежедегі дамыған өркениетті ортада пайда болды. Олардың алдында үлгі тұтатын,бағыт- бағдар алатын алдыңғы буын болды.Ал Абайға кім бағыт- бағдар берді ? Осы жағын ойландың ба? Әркімнің өз пікірі өзіне, бірақ өз басым осы Әуезовтың Абай жолы романын  көп шығармалардан жоғары санаймын.
Менин өз ойым ол Жакеси ал Абай Жолын оқымаған толық қазақ емес деген пикирди жою керек
Және Абай феодалдық дәуірде өмір сүрді дейсіз. Дұрыс. Бірақ Қайта Абайдың кезінде қазақтың өз билігі өзіңде болатын. Абай алыстағы Гете мен Пушкиннен үлгі алды солардан аударды. Абай б.ле білсеңіз сіз айтып Отырған Абай Жолында жазылғандай Шөжені өзіне ұстаз тұтқан. Сондықтан Абайдан көрі Ыбырай жақсы. Себебі ол Абай секілді қазақты жамандай берми ең болмаса елі үшін мектеп ашты. Оларды білімге жетеледі. Ал енді қалай ойлайсыз Абай артық па алде Ыбырай ма?
Және Әуезовке келер болсақ сол кезде ақ үкіметке жағынып Құнанбайды жамандады.Ал Есенберлин Сонау тарихты орыстардын қаймықпай керемет қылып жазған.
Ал Құнанбайға келетін болсақ,ол Абайдың әкесі романда ең жағымсыз кейіпкер. Тарихта, өмірде болған адам.Аға сұлтандығын пайдаланып,халықты езгіде ұстап отырған қатыгез,қанаушы бай шонжар.Құнанбай бейнесімен келісемісіз? деген сұрағыңның мәнін түсінбедім. Мұхтар Әуезов оның бейнесін өмірде қандай болса, сондай етіп бейнелеген деп ойлаймын. Өз түйгенім, жаманнан да  жақсы ұрпақ туады және жақсыдан да жаман ұрпақ туады.Мысалы Абай мен Тәкежанды алатын болсақ, екеуініңде әкесі де анасы да бір. Екеуінің көргені Зере мен Ұлжанның тәрбиесі. Бірақ, неге Абай кішіпейіл ,ал Тәкежан неге қатыгез. Бұл өмірдегі ащы шындық.Мүмкін , біз білмейтін заңдылық та бар шығар. Оқырманның романдағы  кейіпкердің бейнесімен келісіп,немесе келіспеуі деген қызық екен. Сонда сен келіспесең ,Құнанбайды жағымды кейіпкер етесің бе?
Құнанбайды Әуезов түсіндіргендей түсінбеңіз. Құнанбай керемет адам. Сосын жекеде сөйлесейік. Қазір мен ұйықтауға кеттім.... Қайырлы түн...
Абай Пушкин мен Гетені аудармастан бұрын өзінің берік ұстанымы болды. Саған неге Абайдың ұнамайтынын енді түсіндім. Абай , сүйегімізге таңба етіп , қазақтың барлық кемшілігін айтып кетті.Оны айтқанда басқалар мазақ етсін,күлсін деп айтпаған болар!Содан арылсын, тазарсын деп айтқан жоқ па? Бірақ әлі қазақ сол жаман қасиеттерінен арылған жоқ,тазарған жоқ қайта үстіне қосып жатыр.Ал Әуезовқа келетін болсақ , романның сол уақыттағы саясатқа бейімдеген бөлімдері болуы мүмкін және олай етпесе бұл романның дүниеге келуі де екіталай болар еді.Есенберлиннің Көшпенділерінің де алғашқы нұсқаларын  Мәскеу бекітпей ,көп өзгерістер енгізген соң рұқсат еткен.
Жарайд , ұйқың тыныш болсын!
–1 дауыс

Бұл романды қайдан табуға болады? Біраз уақыт болды таппай жүрмін!

0 дауыс
Оқығанмын өте қызық. 8-сыныбымда 2-рет қайтара оқыдым. Әр оқыған сайын түрлі адам боп шығасың . Менің адам боп қалыптасуыма көп көмек берді ол кітап. Шынын айтқанда адам қылды.Абайды оқысаң қазақтың қандай екенін танисың.Ризамын керемет кітап.Осы кітапты нашар деген адамның санасының төмен екенін айтпайақ аңғаруға болад.
0 дауыс
яяя бірақ тілі ауыр екен
0 дауыс
Толықтай оқыған жоқпын,ауылына келетін жерін(бас жағы) 3-4 рет оқыдым.Себебі бастап оқимында,ар жағына уақыт болмай кетеді.
...