Аңбай жолын түк оқымағаның көрініп тұр! Бұл романда Мұхтар Әуезов жалғыз Абайдың өмірі арқылы, ,сол замандағы жалпы қазақ халқының салт дәстүрін, тұрмыс тіршілігін,мәдениетін,қол өнерін,құсбегілік ,аңшылық жылқы баптау сияқты кәсіптерді толық баяндап өтеді.Осы жазылған кейбір салт дәстүрлердің көбі қазір жоқ және ешқашан болмайды да. Оны тек осы роман арқылы ғана білуге болады. Бұл романның ең басты құндылығы да осы! Баланың анаға махаббаты (әжесі Зереге,анасы Ұлжанға) ағайын туысқа махаббаты (Абайдың ағасы Құдайбердінің балаларын қамқорлыққа алуы),( Қазақ жастарының бір- бірне деген адал махаббаты, шын сүйген ғашықтардың бір- біріне қосыла алмауы (Абай- Тоғжан,Оралбай- Керімбала,Әмір- Үмітей,Айдар- Ажар ж.т.б.) Нағыз достықтың қандай болатындығы (Абай мен Ерболдың,Абылғазы, Базаралы достықтары) Бастапқы кезінде аздап іш пыстыратыны рас,бірақ біртіндеп күрделене түсіп адамды қызықтырып әкетеді."Абай жолын" оқымаған қазақ шынымен де көп нәрседен ұтылады.