Ал Құнанбайға келетін болсақ,ол Абайдың әкесі романда ең жағымсыз кейіпкер. Тарихта, өмірде болған адам.Аға сұлтандығын пайдаланып,халықты езгіде ұстап отырған қатыгез,қанаушы бай шонжар.Құнанбай бейнесімен келісемісіз? деген сұрағыңның мәнін түсінбедім. Мұхтар Әуезов оның бейнесін өмірде қандай болса, сондай етіп бейнелеген деп ойлаймын. Өз түйгенім, жаманнан да жақсы ұрпақ туады және жақсыдан да жаман ұрпақ туады.Мысалы Абай мен Тәкежанды алатын болсақ, екеуініңде әкесі де анасы да бір. Екеуінің көргені Зере мен Ұлжанның тәрбиесі. Бірақ, неге Абай кішіпейіл ,ал Тәкежан неге қатыгез. Бұл өмірдегі ащы шындық.Мүмкін , біз білмейтін заңдылық та бар шығар. Оқырманның романдағы кейіпкердің бейнесімен келісіп,немесе келіспеуі деген қызық екен. Сонда сен келіспесең ,Құнанбайды жағымды кейіпкер етесің бе?