0 дауыс
33.7k көрілді
Әдеби тілдің грамматикалық нормаларын айтыңыз?

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Әдеби тілдің грамматикалық нормалары. Грамматикалық норма дегеніміз- тіліміздегі грамматикалық тұлғалардың бір ізге, бір қалыпқа түсіп, дағдыға айналып жұмсалуы. Әдеби тілдің грамматикалық нормаларына  сөйлем мүшелерінің дұрыс орналасуы да жатады.  Тілдік тұлғаларды белгілі бір стильдік  мақсатта пайдалануды нормадан жөнімен ауытқу дейміз.
0 дауыс

Грамматикалық норма дегеніміз – тіліміздегі грамматикалық тұлғалардың бір ізге, бір қалыпқа түсіп, дағдыға айналып жұмсалуы.

Айталық,сөзге алдымен жұрнақ,содан кейін жалғаудың жалғануы,жалғаулардың өзінің бірізділігі: әуелі көптік,сосын тәуелдік,содан кейін септік жалғауларының жалғануы грамматикалық норма болып табылады. Осы ережеге бағынбайтын мынадай сөздер бар: апаларым – апамдар, әкелерің — әкеңдер. Тек туысқандық қатынасты білдіретін ата, әже, көке,аға,  апа сияқты зат есімдерге ғана жалғауларды осылай норманы бұзып жалғауға болады.Сонда олардың мағыналары екі түрлі болады: апаларым, аталарым, дегенде, олардың көптігін білдірсе, апамдар, атамдар дегенде ол кісілердің қасындағыларды да қоса қамтып,солардың көптігін білдіреді.

Тілдік тұлғаларды белгілі бір стильдік мақсатта пайдалануды нормадан жөнімен ауытқу дейміз. Бұл көбінесе көркем әдебиетте кездеседі. Мысалы, болымсыз етістіктің келер шақтың тұлғасының І жақта ма-й-мын болуы – грамматикалық норма.Ол ауытқып,ман түрінде жұмсалады:

Ескі бише отырман бос мақалдап,

Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап.

(Абай)

Мұнда –ман қосымшасы ерекше стильдік қызмет атқарып,істі істеуден қайсарлықпен үзілді-кесілді бас тартқандықты білдіреді.

Тілдегі сөздер бір-бірімен қалай болса солай тіркесе салмайды,олардың арасында міндетті түрде мағынлық байланыс болуы шарт.Сөздердің бір-бірімен тіркесу мүмкіндігі бірдей емес.Мысалы, биік және жоғары сөздері бір-бірімен мәндес,мағыналас болғанымен,үнемі бірінің рнына бірі жүре бермейді. Сол себептен биік жартас,биік мұрат,биік тау дегенде,биік сөзінің орнына жоғары сөзін қойып айтуға болмайды(жоғары жартас емес,жоғары мұрат емес,жоғары тау емес).Сөздерді жалғаусыз тіркестіру қатеге жатады.

Әдеби тілдің грамматикалық нормаларына сөйлем мүшелерінің дұрыс орналасуы да жатады. Сөз өз орнында тұрмаса,сөйлем мағынасы өзгеріп кетеді және құлаққа тосаң естіледі,көзге оғаш көрінеді.

Сөйлем құрағанда тілдің ішкі ережелерін ескеріп,әр сөзді орнына қойып айтудың үлкен мәні бар, Қазақ тілінде сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі тұрақты: баяндауыш сөйлемнің ең соңында, бастауыш сөйлемнің басында не ортасында, анықтауыш, пысықтауыш, толықтауыш өздері қатысты сөздерден бұрын тұрады.

+1 дауыс

Тіл мәдениетінің тірегі – әдеби тілдің нормалары мен стильдік жүйелері. Бұлар әдеби тілдің қоғамдық қызметімен астарласып жататындықтан, тіл мәдениеті ұғымының аясы кең.

Әдеби норма дегеніміз – тілдің таңдамалы, қолайлы, ой-пікірді дәл беруге жарамды, жалпыға ортақ жүйелері.

Әдеби нормалар

Лексикалық норма 

Грамматикалық норма

Орфоэпиялық норма 

Орфографиялық норма

Осы норма сақталғанда, сөзге, сөйлем жүйесіне, сөйлеу ырғағына, тіл көркемдігіне мән берген адамның ойы сындарлы, сөзі жатық болады.

Әдеби тілде орфографиялық норманы сақтау жазуда бірізділікті қалыптастырады. Орфографиялық нормадан ауытқуға, оны өзгертіп жазуға болмайды.

Орфоэпиялық норма адамның сөз мәдениетіні қандай екендігін көрсетеді. Сөздердің кейбірі жазылуы бойынша айтылса, күлкілі естіледі. Тілдік заңдылықтарға сәйкес олардың айтылуы бөлек. Мысалы: тәкәппар-тәкәппар, аппақ-әппәқ, көкөніс- көгөніс, ақ алма-ағ алма.

Сөздерді орнымен қолдана білсек, лексикалық норманы сақтағандық болып табылады. Лексикалық нормаға диалектизмдер, кәсіби сөздер, дөрекі сөздер мен жаргондар жатпайды.

Лексикалық норма бойынша тілдегі түрлі мағынадағы сөздерді таңдап қолдана білу керек. Тілімізде мағыналары бір-біріне жуық бірнеше сөздер синонимдік қатар құрайды. Мысалы, ұстаз, мұғалім, оқытушы деген сөздердің мағыналары бір-біріне жақын.

Әңгіме тәрбиелеуші жайлы болғанда, мәтінде ұстаз сөзін қолдану тиімді.

Ал белгілі біт пәннен мектепке сабақ беретін маман жайында әңгімеленсе, мұғалім сөзін қолдану орынды.

Оқытушы сөзін жоғары оқу орындарында дәріс оқитын адам деген мағынада қолданамыз.

Грамматикалық норма – сөйлемдегі сөздердің орын тәртібінің сақталуы, қосымшалардың сөзге орфографиялық заңдылықтарды сақтай отырып жалғануы, осы арқылы ойдың дұрыс жеткізілуі.

Сөйлем мүшелерінің орын тәртібін сақтамаудан, қосымшаларды ретімен қолданбаудан, сөз тіркестерін дұрыс қолдана білмеуден грамматикалық норма бұзылады. Грамматикалық норманығ дұрыс қолданылмағанын тыңдаушы тез аңғарады.

...