+1 дауыс
28.5k көрілді
1941-1945 жж Ұлы Отан соғысына қатысқан аталарымыздың есімін жазып қалдырайық. Қай облыстан екенін жазсаңыз.

28 жауап

0 дауыс
Саламатсыз дар ма! Маган Ұлы Отан соғысының ардагері Карабаев Əбдікеш Ақтөбе обл.  Украйна жерінде пулемётшы болған, елге аман оралды, бірақ жарнамада менің атама ұқсайтын пулемётшыны көрсетеді сол адамның өмір баянын білгім келеді.
Атамды іздеймін Баймағанбетов Ази соғысқа барып қайта оралмады.
Атамды іздеймін Баймағанбетов Ази соғысқа барып қайта оралмалы.
0 дауыс
Жортуыл Досбекұлы - Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы, Менің атам.
0 дауыс
Колдеев Фазыл Колдеевич

(1923-1987)Украина,Днепр жерлерінде әскери қызмет қылған.Соғыстан кейін 1945-1947 жылдарда Германияда әскери борышын атқарған.Ақтөбе облысы,Шалқар ауданынан.
0 дауыс
Менің әкем Мыңжасов Ысқақ Сапыұлы 1939-1945 ж аралығында Ұлы Отан соғысына қатысқан. Ол соғысқа Түркменстан республикасы Красноводск қаласының военкоматынан аттанған. Ол кезде әкем  22жасында болатын. Ол 1916жылы дүниеге келген.Документінде туған күні жазылмаған.Ол Венгрия республикасының Будапешт қаласында миниметчик дивизиясының командирі болған.Ол елге Жеңіс күні тойланғаннан кейін қазан айларында елге оралған.Ол 1976жылдан Жаңаөзен қаласында тұрды. Әкемнің мамандығы есепші.Есепші болып 40жыл еңбек еткен.1996жылы 80жасында дүниеден өтті.Ол Ұлы Жеңістің 50жылдығы мерей тойының дәмін татты.Мен әкемді сағынышпен еске аламын. Биыл тірі жүрсе дейміз ғой 99 жасқа толар еді. Маңғыстау облысы. Жаңаөзен қаласы
0 дауыс

Нағашымыз 1918-1922 жыл аралығында дүниеге келіпті. Есімі Әлімқожа Ишанбаев (мүмкін құжатта Иченбаев болуы-латын әрпімен жазылыпты). Шығыс Қазақстан Облысы, Тарбағатай ауданы (М.Горький колхозы-қазіргі Қазақстан ауылында) тұрған. 1939 жылы Финляндия соғысына аттанып, сол жақтан Ұлы Отан соғысына қатысқан деген хабар келген екен 1946 жылы, қайтыс болды деп ел аузынан естіген. Бірақ, қай жылы, қай жерде екені беймәлім.Нағашымыз туралы хабарсызбыз.

0 дауыс
Атамды іздеймін соғыстан қайтып оралмаған
0 дауыс
Бекимов Жакай 1926 жылы туылган,Улы Отан согысына Атырау облысы Жылыой ауданынан аттанган,хабар ошарсыз.
0 дауыс
Ағамды іздеймін Сүюбаев Актан Маңғыстаудың тумасы
0 дауыс
Біздің Жайлау атамыз алдыңғы шепте кетіп. Қайтып оралмаған.артында, 1 жаста баласы Сəреш қалған. Қазір 77 жаста. Көзі тірісінде бір дерек табылса ғой шіркін! Фамилиясі Даулетбаев не Түркпенəлі болуы мүмкін. Ағасы Сейіл соғысқа бармаған. інісі менің атам Қалдау аяқтан айрылып қайтып оралған. Бір дерек болса хабар болса????
0 дауыс

Атамның үлкен ағасы соғысқа барып қайта оролмаған есімі Мұхамади Айтқожин естулеріңіз болса жауап қалдырыңыздаршы

0 дауыс
Құлымбетов Орынбасар Шымкент обл. Кентау қаласы.
0 дауыс

Ұлы Отан соғысы кезінде майдан даласына аттанып, хабар-ошарсыз кеткен батырлар өте көп. Оларды іздеп табу қиын, бірақ мүмкін. Біз бүгін соның төрт әдісін ұсынамыз.

Ұлы Отан соғысына қатысқан туысқаныңды табудың ең тез әрі оңай жолы - арнайы базалардың сайтынан қарау.

  1. Mod.gov.kz

Mod.gov.kz - соғысқа Қазақстаннан шақыртылып, қаза тапқан, із-түссіз жоғалған адамдардың мәліметтері жинақталған база. Мұнда адамдар туралы ақпараттар әліпби бойынша реттелген: аты-жөні, туған жері мен жылы, әскерге шақырылған күні мен жері, соңғы қызмет еткен жері, шені, майданнан шығу күні мен себебі.

Бұл - өте көлемді база. Бір бетте 10 мың адамның тегі шығады. Іздеу жұмысыңыз оңай болуы үшін, Ctrl+F пернелерін басу арқылы, іздеу жолағына өзіңіз іздеген адамның тегін жазыңыз. Осылай тез табасыз.

Мемориал

Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі Орталық архивінің (ЦАМО) "Мемориал" мәліметтер базасынан қарау.

Ол үшін сайтқа кіріп, "Тегі", "Аты", "Әкесінің аты" деген жолдарды толтыру керек. Егер жоғалған туысқаныңыз туралы барлық мәліметті білетін болсаңыз, "кеңейтілген іздеу" арқылы оның туған жылын, шақыртылған жерін де көрсетуге болады.

"Іздеу" пернесін басқан соң, мәліметтер базасынан сіз жазған адамға қатысты базада бар барлық мәліметтер шығады. Егер ешқандай нәтиже шықпаса, адамның тегі мен атындағы әріптерді өзгертіп көреміз. Себебі соғыс кезінде барлық құжаттар орысша толтырылғандықтан, есімде қате кетуі мүмкін. Мысалы, Кәрібжан есімді азаматтар "Карибжан" немесе "Карпжан" деп толтырылып кетеді. Сонымен бірге ол адам туралы мәліметтер бірнеше жылдан кейін табылып, құжатындағы жазулары өшіп кеткендіктен, базаға аты-жөнінде өзгерістер болып енгізілуі де ғажап емес.

Егер базадан туысқаныңыздың әскерге шақырылған қағазымен бірге, қайда жерленгені, қандай ерліктер көрсеткені туралы мәліметтер тапсаңыз, сіз жолы болған адамсыз. Себебі аты-жөні анықталмай кеткен қаншама сарбаз бар. Олардың денесін іздеу отрядтары тауып жатыр, алайда кім екендерін айғақтайтын құжаттары жоқ. Ал кім екенін анықтаса, олар міндетті түрде сіздің туысқандарыңызға ол туралы хабарлайды.

Толық мәліметті мына сілтемеден оқи аласыз.

0 дауыс
Токсанбаев Сейлхан Алматы облысы Кеген ауданы Жалаулы ауылы
0 дауыс
Салеметсиздер ме?Менын атам Улы Отан Согыс ардагеры .Нургалиев Ыбырай.Атырау облысынын азаматы.Атам жонинде деректер билгим келеды.
0 дауыс
Менің атам - Шамуршанов Жарекен. Соғысқа қатысқан. Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы.
...