+2 дауыс
4.3k көрілді
Моғолстан мемлекетіндегі ең қуатты тайпа?

2 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап

Моғолстандағы Дулат әмірліктері
Қазіргі Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік шығыс аймақтарын Шыңғыс ханның екінші ұлы Шағатай иемденгені белгілі. Алайда ол өзінің ұлысына келмей, уақытының бәрін ұлы хан Үгедейдің қасында өткізді. ХІІІ ғасырдың 40-жылдарының басында Шағатай мен Үгедей бірінен соң бірі қайтыс болған соң Шағатай ұлысында төре тұқымдарының таққа таласқан ұрыс-жанжалдары өршіп кетті. Арықбұқа, Құбылай, Алғу, Қайду тәрізді тарихи тұлғалардың осы ұлыстағы өзара тартыстары Шағатай ұлысында жергілікті тайпалар мен олардың әмірлерінің ықпалдарын күшейте түсті. Осы ұлыста 1309 жылдан 1318 жылға дейін билік құрған шағатайлық Есен-Бұға ханның тұсында көшпелі дулат тайпалары аса ықпалды тайпаға айнала бастады. Айта кетер бір мәселе – Шағатай ұлысында екі Есен-Бұға хан таққа отырды. Біз әңгімелеп отырған солардың алғашқысы.

Ақпарат! 

Және мына жер!

+1 дауыс
Моңғолия (моңғ. Монгол Улс – Моңғол елі) — елі Орталық Азияның шығыс бөлігінде орналасқан. Солтүстігі Ресей Федерациясымен, ал оңтүстігі, шығысы, батысы Қытай Халық Республикасымен шекараласады. Моңғолия бұл екі елдің ортасында орналасқаны мен оның батыс нүктесі Қазақстан Республикасының шығыс нүктесіне өте жақын жерде (18 км) орналасқан. Моңғолияның мұхитқа шығысы жоқ. Жер көлемі — 1 564 116 км². Жер көлемінің үлкендігі бойнша әлемде 17-ші орында. Астанасы - Ұлаанбаатар қаласы. Халық саны: 2 736 800.
Мемлекеттік тілі – моңғол тілі, жазуы кириллица. Моңғол тілінде халықтың 95 % сөйлейді. Қазақтар 4 пайыздан астамын құрайды. Орта мектепте кирилицадан басқа ескі моңғол жазуын оқытылады. Қазақтар көп тұратын Баян-Өлгей аймағында қазақ тілі оқытылады.

Толығырақ http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%BE%D2%A3%D2%93%D0%BE%D0%BB%D0%B8%D1%8F
...