0 дауыс
5.4k көрілді
Ең алғаш 8 жылдық(сыныптық) білім қай жылы енгізілді?

1 жауап

0 дауыс
Қазақстанның білім беру жүйесі

Қазақстан жерінде, әсіресе, оның отырықшы аудандарында орта ғ-лардың ерте кезеңінде-ақ (7 – 8 ғ.) көптеген мектептер (мұсылманша бастауыш оқу орны) мен медреселер, діни білім беретін ортадан жоғары оқу орындары жұмыс істей бастаған. Ертедегі Исфиджаб, Тараз, Сайрам, Түркістан, Отырар, т.б. қ-лардағы медреселер саны 84-ке жеткен. Оларда 5 мыңға жуық шәкірт білім алған. Ауылдық мектептер кең-байтақ өлкенің түкпір-түкпіріне орналасқан. онда молдалар (татар, башқұрт, т.б.) ұстаздық еткен. Оқыту ақысы халықтан жиналды. Балалар қыс, күз айларында ғана (жылына 4, не 6 ай) оқыған. Оқу мерзімі 4 жыл, оқуға жеті жастан бастап қабылданған, кейбір ауылдық жерде 7 – 9 жастағы балалар бірге оқи берген. Оқу ақысы заттай төленген, жыл аяғында емтихан тапсыру, мектеп бітіргені үшін балаға ресми куәлік беру тәртібі сақталмаған. Сауат ашу жолы араб әріптері мен сөздерін жаттауды, әсіресе құранның араб тіліндегі мәтінін жатқа білуді мақсат етті. Қалалардағы медреселерде ислам дінін уағыздайтын бастауыш мұсылман мектептерінің молдаларын, казиларды, діндар сопылар мен шариғат заңдарын түсіндіретін жоғары лауазымды дін қызметшілерін даярлаған. Ол мұсылманшылық рәсімдерін таратушы оқу орны ғана емес, ірі мәдениет орталығы ретінде де қызмет атқарды. Белгілі ақындар, тіпті ағартушы-демократ ретінде танылған қазақ зиялыларының біразы осындай медреселерді тамамдаған. Мыс., орта ғ-дағы Отырар медресесінде қазақ жерінің ұлы перзенті, Шығыс Аристотелі, екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фараби білім алды. Беріректе Уфадағы “Ғалия” медресесінде Т.Жомартбаев, М.Сералин, Б.Майлин, М.Жұмабаев, Семейдегі Ахмет Риза медресесінде Абай Құнанбаев оқыды. Бұл оқу орындарында дін жолын уағыздайтын пәндерден басқа заңтану, тарих, логика, риторика, география, философия, математика, астрономия, медицина, т.б. зайырлы пәндер оқытылған. Медреселердің жанында кітапханалар болды. Оқу мерзімі шәкірттің алғырлығына, үлгерім қабілетіне байланысты болған. Оқуды тамамдаған шәкірттерге ресми құжат табыс етілді. Киіз үйлерде оқытатын мұсылман мектептері ауылдармен бірге көшіп-қонып жүрген. Бай саудагерлердің қаржыларына салынған қала медреселері ғана арнаулы үйлерге орналасты. Бұл мектептерде оқу жоспары, бағдарламалары және тұрақты сабақ кестелері болған жоқ. Қазақстанның Ресейге қарап, оған империяның орт. аудандарындағыдай әкімш. жүйе енгізіле бастауына байланысты, жергілікті басқару буындарында істейтін шенеуніктер мен тілмаштар даярлайтын орыс-қазақ және орыс-тузем мектептерін ашу қажеттігі туды. Осы мақсатта Омбыда 1789 ж. “Азиялық училище” ашылды. Бұл оқу орнына қазақ балалары да қабылданды. 1841 ж. Бөкей Ордасында Жәңгір хан қазақ балалары үшін орыс мектеп-пансионатын ашты. 1825 ж. Орынбордағы татар мектебі негізінде Неплюев кадет уч-щесі (ол 1844 ж. кадет корпусы болып аталды), 1846 ж. Сібір қазақ-орыс әскери уч-щесі негізінде Омбы кадет корпусы ірге көтерді. Бұл оқу орындарын қазақтың тұңғыш зиялылары: Шоқан Уәлиханов, Садық Бабажанов, Халиолла Өскенбаев, т.б. оқып бітірді. 1850 ж. Орынбордың Шекара комиссиясы жанынан қазақ балалары үшін жеті жылдық мектеп ашылды. Осы мектептің түлегі қазақтың демократ-ағартушы педагогі Ы.Алтынсариннің басшылығымен 1864 ж. 8 қаңтарда Торғайда тұңғыш қазақ мектебі және оның жанынан интернат ашылды. Ол педагогика классиктерінің (Я.А. Коменский, К.Д. Ушинский, Л.Н. Толстой, т.б.) гуманистік идеяларын басшылыққа алып, өзі ашқан мектептердің оқу жүйесіне енгізді. Оның “Қазақ хрестоматиясы” (1879) мен “Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы” (1880) атты оқулықтары осы идеяға негізделген шынайы демокр. бағыттағы еңбектер еді. Ы.Алтынсарин жаттамалы, мағынасыз діни оқуға қарсы болды. Өзі ашқан қазақ-орыс мектептерінде басқа ғылымдармен бірге дін тарихын да оқыта отырып, “Мұсылмандық шарттары” атты оқулығын жазды. Онда діннің имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу шарттарын оқушыларға түсіндіру мақсатын көздеді. 1879 – 89 ж. Торғай облысы халық ағарту уч-щелерінің инспекторы қызметінде жүріп, Елек, Қостанай, Торғай, Ырғыз уездерінде екі сыныптық орыс-қазақ мектептерін, 1888 ж. Орскіде мұғалімдер мектебін ашты. Ол “балаларды жазалап оқыту” әдісіне қарсы күресті. Мектептерде ана тіліне қоса орыс тілін, арифметика, табиғаттану сабақтарын өткізуді қуаттады. Алтынсарин патша үкіметі жүргізіп келген бұратана халықтарды орыстандыру – шоқындырып, тілінен, дінінен бездіру сияқты миссионерлік саясатқа қарсылық білдіріп бақты. 19 ғ-дың 2-жартысында қазақ мектептері қандай болуы керек деген мәселе күн тәртібіне қойыла бастады. Ол жөнінде бір-біріне қарама-қарсы екі көзқарастағы топтар пайда болды. Бірі – бұратана халықты шала сауатты күйде қалдырып, төл мәдениетінен қол үздіріп, бірте-бірте орыстандыру саясатын көздеген Н.И. Ильминский бастаған миссионерлер болса, екіншісі – орыс халқының прогресшіл озық мәдениет үлгілерін игеру арқылы өз елін өркениетті елдердің деңгейіне көтеруді көздеген Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев сияқты демократ-ағартушылар еді. Абай “Дүниенің кілті өнер-білімде”, “Дүние де өзі, мал да өзі, ғылымға көңіл бөлсеңіз”, – деп жастарға жар салды. А.Байтұрсынов қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына көп күш жұмсады. Ол бастаған бір топ қазақ зиялысы 1905 ж. 26 маусымда Қарқаралы қазақтары атынан Мин. Кеңесінің төрағасына петиция жолдап, “Қазақ даласында оқу-ағарту ісі дұрыс жолға қойылсын, ол үшін ауыл мектептерінде балалар қазақша сауат ашатын болсын. Оқу ана тілінде жүргізілсін” деген талап қойды. Байтұрсынов қазақ тілінде тұңғыш әліппе құралын жазды (1912). Оның 1892 ж. Қазанда басылған “Букварь для киргизов” деген оқу құралы жеті рет қайта басылып, 1925 жылға дейін қазақ мектептерінің негізгі оқу құралы ретінде пайдаланылып келген. 1920 ж. қазанда Қазақ АКСР-нің ХАК-ы құрылып, А.Байтұрсынов халық комиссары болды. 1921 ж. ақпанның 18-інде Бүкілқазақстандық оқу-ағарту конференциясы шақырылды. Онда балаларды қорғау, бірыңғай мектеп жүйесін құру, кәсіптік-тех. білім беру, саяси тәрбие ісі, оқу-тәрбие жұмысына байланысты, т.б. мәселелер қаралды. 1922 – 23 ж. ұлт мектептерін төл оқулықпен, бағдарламамен қамтамасыз етуде біраз шаралар іске асырылды, қазақ тілінде 14 оқулық шығарылды. Олардың ішінде “Физика”, “Грамматика”, “Педагогика”, “Алгебра”, “Мектеп гигиенасы”, т.б. бар. Бұл оқулықтарды жазуға Байтұрсынов, Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Әуезов, С.Аспандияров, Жомартбаев, Қ.Сәтбаев, Ә.Ермеков, Т.Жолдыбаев, т.б. қатысты. 1920 – 30 ж. республика мектептерінің оқу базасын күшейтуге мемлекет тарапынан орасан мол қаржы жұмсалды. 367 мектеп жаңадан салынып, 361-і күрделі жөндеуден өткізілді. Осы жылдары бастауыш мектептер саны 333-тен (1926) 1864-ке (1930) жетті (оның 1231-і қазақ мектебі), оқушылар саны 215,1 мыңнан 320,1 мыңға жетті (оның 124,9 мыңы қазақ). Алайда қазақ қыздарын оқуға тарту әлі де өз дәрежесінде болмады. Бастауыш мектепте оқитындардың 11%-ы ғана қазақ қыздары еді. 1928 ж. ҚазОАК-нің 3-сессиясы бұл мәселеге ерекше тоқталып, қазақ қыздарын оқуға көптеп тарту туралы арнайы қаулы қабылдады. Бұл жылдары қазақ орта мектептерінің саны аз еді. Мыс., 1927 – 28 ж. республикада үш-ақ орта мектеп (Ташкент, Орынбор, Қызылорда) болды. Оқушылардың көбі 7 жылдық мектепті бітірісімен техникумдар мен ФЗО-ларға кетіп жатты. 1929 ж. республиканың ежелден ғылым, әдебиет, мәдениет тілі болып келген араб әліпбиінен латыншаға көшуі оқу-ағарту ісінің дамуына үлкен соққы болып тиді. Араб әліпбиімен шыққан мәдени бай мұралардың көбі отқа өртелді. 1940 ж. латын әліпбиінен кириллицаға көшу елдегі ағарту ісін тағы көп жылға шегеріп тастады. 1937 ж. қазақ бастауыш мектептерінің саны 537-ден 1190-ға, орта мектептер 11-ден 48-ге, орталау мектептер 143-тен 237-ге жетті. 1940 – 41 оқу жылында жалпы білім беретін мектептерге 1 млн. 145 мың 993 оқушы тартылды. Оның 441 мыңы қазақ балалары еді. Бұл 1925 жылмен салыстырғанда 6 есе көп. Оқуға тартылған қазақ қыздарының саны 20 мыңға артты, мұғалім кадрларының сапасы жақсарды. Мыс., 1940 ж. жалпы білім беретін мектептерде 44597 мұғалім қызмет етті, оның 17,5 мыңы қазақ әйелдері еді. 1945 – 60 ж.
Толығырақ: http://yandex.ru/clck/redir/http%3A//kk.wikipedia.org/wiki/%25D2%259A%25D0%25B0%25D0%25B7%25D0%25B0%25D2%259B%25D1%2581%25D1%2582%25D0%25B0%25D0%25BD%25D0%25BD%25D1%258B%25D2%25A3_%25D0%25B1%25D1%2596%25D0%25BB%25D1%2596%25D0%25BC_%25D0%25B1%25D0%25B5%25D1%2580%25D1%2583_%25D0%25B6%25D2%25AF%25D0%25B9%25D0%25B5%25D1%2581%25D1%2596
...