Биылғы жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу былтырғы 2008 жылғы форматта, 1-10 маусымда өтеді. Мектеп бітірушілерге жауап беру үшін 30 минут қосылды, енді жауап беру үшін таза 210 минут уақыт беріледі (3 сағат 30 минут). Апелляциялық комиссияға өтініштер беру тәртібі де өзгерді: мектеп бітірушілер апелляциялық комиссияға тестілеу қорытындылары шыққаннан кейін өтініштер бере алады. Өтініштер келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін қабылданады.