+2 дауыс
6.8k көрілді
Кремнийдің табиғатта таралуы?

1 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Төртінші негізгі топтың көміртектен соңғы келесі элементі кремний.Кремний, жаратылыста таралуы жағынан салмақ проценті бойынша оттектен кейін екінші орын алады. Көміртек органикалық заттардың құрамындағы негізгі элемент болатын болса , кремний жер қыртысын түзетін минрералдық заттардың құрамындағы негізгі элемент . Кремний жаратылыста қосылыстар түрінеде ғана болады; ол қосылыстары: кремний диоксиді SiO  (кварц,құм) , жер қыртысының негізгі  массасы силикатты жыныстар (далалық шпат , слюда , каолин т.б). Кремнийдің тұрақты үш изотопы бар: 28 Si  (92,27%) 29 Si(4.68%), 30 Si (3.05%) .

Кремнийді алу үшін , ақ қиыршақ ұсақ құмды магниймен араластырып қыздырады:
SiO +2Mg=2MgO+Si   H=-372 кДж/моль

Кремнийдің  MgO және реакцияласпай қалған SiO -ден тазарту үшін , шыққан массаны  тұз қышқылымен және фторсутек қышқылымен әрекеттейді. Магнийдің орнына тотықсызщдандырғыш ретінде алюминий, көміртек (техникада) алуға болады.
Мұнда шығатын амофрты кремний сұр түсті ұнтақ зат , тығыздығы 2.35 г/ см -ке жуық. Кремнийді балқыған металда ерітіп қайта кристалдауға болады , онда кристалдық кремний түзіледі; бұл болат сияқты сұр, металдық жылтыры бар , қатты кристалдық зат , тығыздығы  2,4г/см  .
Кремнийдің сыртқы электрондық құрылысы 3s 3p  , оның атомында sp - гибридизация болады. Ол оған үш өлшемді , алмаз тәрізді тұрақты құрылымы тән.
Кремний түрлі құймалардың құрамына араластыруға колданылады. Мысалы кремний көп қосылған темір құймалары қышқылға берік болады, 4% кремний аралаасқан темір электр трансформаторын жасау үшін жұмсалады . Соңғы кезде кремнийді шала өткізгіштертехникасында қолданатын болды ; ол үшін алынуы жоғарыда жазылған техникалық кремний (94-95% Si) жарамайды , өте таза кремний керек ондай кремнийді алу үшін SiCl4 мырыш буымен тотықсыздандырады:

SiCl +2Zn=Si+2ZnCl

Немесе кремний гидридін қыздырып алынады:
SiH =Si+2H
...