+3 дауыс
2.5k көрілді
Ергежейлі (гном) өмірде барма? Қалай ойлайсыздар. Болса кімдер? адамға жаума?

2 жауап

0 дауыс
Ергежейлі дегенде...

Бойы кішкентай адамдар өмір сүріп жатыр ғой араларымызда. Мен автобустан көргем.
+2 дауыс
Ертегідегі ергежейлілер

Тарихқа көз жүгіртсек, қортық­тар­ға қатысты небір қызықты жайт­тарды байқаймыз. Мысалы, Пли­нийдің жазбаларында Августың не­ме­ре қарындасы Юлияның толық би­лігінде болған қызметшісінің бойы 60 сантиметр! Варрон Римнің екі ай­­бынды жауынгері туралы мәлімет қалдырады. Олардың бойы небәрі 90 сантиметр болған екен. V Карл, Екатерина Медичи, І Петр, Анна Иоановна, ІІ Екатерина сынды патшалардың сарай қуақыларының да, үй қызметшілерінің арасында да кішкентай бойлы адамдар көп еді. Бұның себебі неде деп ойлайсыздар? Оның сыры өзгелерге ұқсамауында жатыр. Алла тағала ерекше адамдарды осылай таңбалаған деген сенім болатын. Кейбір тарихшылар «Батыс Еуропа елдерінің корольдері қортықтарды ермек үшін ұстаған» деп жазады.

Қазақ ертегілерінде де Қаңбақ шал, бойы бір қарыс, сақалы қы­­рық қарыс адам секілді ерекше ке­­­­­йіпкерлер бар. Бұлар – қазақ әде­­биетінде ергежейлі ретінде танылмаса да, елдің жүрегінде жатталған белгілі бейнелер. Олар өзінен бойы әлдеқайда биік қар­сы­ластарымен бәсекелесіп, үнемі жеңіске жетеді. Мұның бәрі де мақсатқа қара күшпен емес, әдіс-амал қолданып жетуге баулитын халықтың ой-арманының көрінісі.

Нанизм деген не?

Енді қысқа бойлылықтың себебін ашып алайық. Алдымен мынаны білген жөн: аласа бойлылық – патология. Медицинада ол нанизм, дварфизм, наносомия, гипофизді ер­ге­жейлілік деп аталады. Бұл аурудың салдарынан адамның дене бітімі сәйкес (пропорционалды) немесе сәй­кессіз (пропорционалды емес) бо­лып қалыптасады. Пропорцио­налды нанизмнің пигофизарлы, ти­­реогенді немесе микседематозды жә­не инфантильді типтері бар. Сырқат гипофиздің екі гормоны: вазопрессин мен окситоциннің аз бөлінуінен пайда болады. Ал дене бітімінің сәйкессіздігі қал­қан­ша безінің зақымдануымен тү­сін­ді­рі­ле­ді.

Нанизмнің де басқа сырқаттар­дағыдай өз белгілері бар: ең негізгісі – өсу шегіне жетіп тоқтау. Ер адам бойының ұзындығы 130 сантиметрден артық болмайды, ал әйелдер 100-120 сантиметр­ден ас­пайды. Функционалды гипо­физ­­дің жетіспеушілігімен туған бала денесінің бойы да, салмағы да сау баланікіндей. Бірақ жасы ұлғайғанымен дене пропорциясы еш өзгеріссіз қалып, дамымайды. Сондай-ақ, жүзі қуқыл тарту, әжім басқан құрғақ тері нанизммен ауыратын науқастарға тән. Өкінішке орай, гипофизді ергежейлілер бедеулікке шалдыққан. Дегенмен кеңпейілдік, ұқыптылық, парасаттылық пен ақыл, шыдамдылық әр пенденің бойынан табыла бермейді. Ал бұлар қанша жауырынан жел өтсе де қортықтардың барлығына тән қасиеттер. Бұл ғылыми түрде дәлелденген.

Бүгінде нанизм емделеді. Егер дерт гормондардың жетіспеушілігінен туындаса, онда дәрігер бойдың стимуляциясы үшін гормоналды дәрі-дәрмектерді жазып беруге тиіс.

Танымал тапал тұлғалар

«Бір қиындықтың бір жақсылығы бар» демекші, ергежейлілер осы күнде мол табысқа ие. Қысқа бойлы адамдардың шығармашылық қабілеттері мықты болғандықтан, оларды цирк аренасында, театр сахнасында және белгілі кинофильм­дерде сомдаған рөлдері арқылы жиі танимыз.

«Остин Пауэрс» фильміндегі дәрігер Злоның клоны – Мини-Мы естеріңізде ме? Оның шын есімі – Верн Тройер. Ол 1994 жылы 9 айлық баланың дублері ретінде тұңғыш рөлін ойнайды. 1999 жылға дейін каскадер болып, эпизодтардан ғана көрінеді. 2004 жылы бойы 82 сантиметр болатын Тройер Женевьев Галленге үйленеді. Жарының бойы – 188 сантиметр еді.

Непалдық жасөспірім Хагендра Тапа Магар жиырма жаста. Ол 2010 жылдың 10 қазанынан – 2011 жылдың 12 маусымына дейін әлемнің ең кішкентай бойлы ер адамы болып саналды. Ауылдастары оны «кішігірім Будда» деп атап кеткен. Бойы – 67,08 сантиметр болса, салмағы небәрі 5,5 килограмм!

Тони Кокс. 1958 жылдың 31 нау­рызында дүниеге келген. «Плохой Санта», «Звёздные войны: Эпизод VI Возвращение джедая», «Я, снова Я и Ирэн», «Уиллоу», «Очень эпическое кино» фильмдерінде сомдаған рөлдері арқылы көпшілікке жақсы таныс. Оның бойы – 1 метр 7 сантиметр.

Ұлыбританиялық Уорвик Дэвис әлемдегі ең танымал ергежейлі-актерлердің бірі. Ол «Звёздные вой­ны», «Хроники Нарнии», «Гарри Поттер» сынды кинофильмдерге түскен. Оның да бойы – 1 метр 7 сантиметр.

Полин Мастерс – ғаламның ең кішкентай әйелі. «Полин ханшайым» 1857 жылы дүниеге келген кезде бойы 30 сантиметр еді. 9 жасында – 55 сантиметр, ал салмағы 15 килограмға жеткен. Рекордтар кітабында оның бойы 58 сантиметр деп көрсетілген.

Йемендік қарыс сүйем Яйя бин Яйя аль-Гхадераға Президенттік додадан бас тартуға тура келді. Оның бойы – 80 сантиметр! Йемен­діктердің пікірінше, тапал бойлы мемлекет басшысы елдің беделіне нұқсан келтіруі мүмкін.

Юти Амугр жақында ғана 19 жасқа толады. Бойының биіктігі бар- жоғы 62,8 сантиметр ғана. Қалыпты жағдайдағы 2 жасар сәбидің бойынан да аласа екен. Соған қарамастан Ютидің басты арманы – Болливуд жұлдызы болу.

Аласа бойлы адамдар алдарына осындай биік мақсат қояды. Олардың бұл мақсатына жетпей қоймайтын жігерлі екеніне адамзат баяғыда-ақ көз жеткізген. Тек ергежейлілер ғана емес, кәдімгі өзіміз күнде көріп жүрген нөпір халықтың арасынан да аласа бойлы адамдарды көп кездестіреміз. Ел арасында бойы бәкене адамдар ықшам, кез келген шаруаға икемді келеді деген пікір қалыптасқан. Белгілі өнер адамдарының арасында да бойы ортадан төмен кісілер жетіп артылады. Саясатта да солай. Олар да тұрқы шағын болғанымен, үнемі биіктен көрініп, үлкен абыройға бөленіп жүр. Қазақ халқы да аласа бойлы адамдарды ұзындардан кем құрметтемейді. Әдебиетіміздің көшін бастап тұрған әйгілі жырауды «Қарға бойлы Қазтуған» деп қадір тұтатынымыздың өзі жеткілікті емес пе? Ежелден бойға емес, ойға қарап баға беретін жұртпыз ғой…
иа бар (drunk)
...