Жеке куәлік жоғалтқан жаман ғой, осы жылдың басында ғана менің де мамам жоғалтып алған, газға төлейтін карточка да, кашологындағы біраз ақша да барлығын ұрлап кеткен негізі.
Айыппұл 8 мың с чем та, 9 мыңға жуық енді. Жоғалған құжаттарды тауып беретін жерлер болады ғой, солардан анықтама алады, бұл жерде де жоқ деген сияқты анықтама, ішкі істер басқармасына да арыз жазады жоғалғаны туралы, "Халыққа қызмет көрсету орталығына" барып та жоғалды деп арыз түсіреді, сосын сол жерде айтады мынадай күні келіңіз деп, соссын уақытша жеке куәлік беріледі, 1 айдай уақыттан кейін барып жеке куәлік қолға тиеді ғой.. Кейбір жерлерге мамаңыздың орнына сіз барып шаруасын бітіріп беруіңізге болады, ал кейбір жерлерге мысалыЦОНға екінші рет анаңыздың өзі баруы қажет болады, мен де барлығына өзім жүгіріп бітіріп бергім келген, бірақ өзі келуі керек деп болмады ғой, "центр находок" барып анықтаманы алудан бастай беріңіз, іске сәт! :)