Салиф емес "Сәләф" шығар. Сәләф сөзі алдыңғы буын, яғни, Пайғамбарды көрген, сахабалар, табиғиндерге арналады. Осы қауым сәләф деп аталған. Қазіргі кезде бір адамдар өздерін сәләфпыз деп атап жүр. Яғни, сахабалардың жолын ұстанушымыз деп. Оларды жалпы халық вахабилер деп те атайды. Бірақ біреуді олай айтып немесе айыптаудан аулақ болу керек. Әр кім өз ісі үшін Алланың алдында өзі жауап береді. Толық мәліметтер ҚМДБ сайтынан ала аласыз.