Экранға жақын отыру бізге зиян емес деп ойлаймыз. Шындығында теледидардан келер қауіп-қатер жеткілікті. Оны біз бағамдай бермейміз. Бір есептен бағдарламаларға қатты беріліп кетуден шығар. Сонда да адам үшін ең бастысы денсаулық. Осыны ескерген дұрыс болар.
1960 жылдардың соңына дейін шығарылған сәулелік-катодты трубкалар аз мөлшерде болса да, ультракүлгін сәуле шығаратын болған. Сондықтан сол кездерде көпшілік көрермендерге экраннан 2 метр алыс отыру керектігі жиі айтылатын.
Нәтижесінде үлкен қатердің астында балалар қалған. Олардың көздері алыс-жақын аралыққа бірден бейімделеді емес пе?! Және олар үлкендерге қарағанда экраннан көз алмай күні-түні отыра алады.
АҚШ-тың 40 жыл бұрынғы «Радиациядан денсаулықты қорғау» туралы заңында барлық киноскоп шығарушыларды қорғасынды әйнек шығаруға шақырған болатын. Соның арқасында теледидарлар қауіпсіз болып таныла бастады.
Теледидардан келер басты қауіпті аз қимылдан көретіндер бар. Солай болып шықты да. Соңғы 20 жылда балалар мен жасөспірімдердің арасындағы тұйықтық індеті (белсенділік жоқ) артып келеді. Кез келген бала 3 жас пен 6 жас аралығында 14 сағат бойы тапжылмай теледидар көретін болып шықты. Сонда олар 1 сағатқа жетер-жетпес спортпен айналысады деген сөз. Таза ауада сергіп қайтуды айтпасақ та белгілі.
2004 жылғы «Педиатр» журналының зерттеу қорытындысы бойынша, теледидар алдында отырып, мезгіліне 3-4 сағат жұмсайтын баланың назар аудармау (ADD) ауруына ұшырау белгісі 30%-ға артатын көрінеді.
Ал 2005 жылы күнделікті ақпараттарды сараптайтын «Нелсон» компаниясы мынадай шешімге келген. Америкада теледидары күні-түні қосылып тұратын үйлер бар дейді. Бұл көрсеткіш 10 жыл бұрынғыдан 12.5%-ға артық болып шыққан. Бұл дегеніміз, қазіргі әрбір американдық 70 жасқа келгенде өзінің 8 жылын теледидар алдында өткізді дегенмен бірдей.
Ақпарат!