+1 дауыс
27.5k көрілді
Мен 9 сынып оқимын.Арманым стюардесса(бортпроводница) болу.Ол үшін не істеу керек?

7 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

«Аспан қарлығаштары», стюардессалар – ең романтикалық мамандықтардың бірі. Жолсеріктің жұмысы бірашама ауыр болғанымен, жалақы деңгейі, әлеуметтік жеңілдік пен романтикалық тартымдылығы көптеген қыздарды стюардесса болуды армандауға сеп болады.

Стюардессаларға қойылатын талаптар

Жұмысқа қабылдайтын әр компания жолсеріктерге түрлі талап қояды, бірақ көбіне бұл қызметке 19-30 жас аралығындағы, бойы 160-тан 180 см-ге дейінгі қыздарды алады. Сонымен қатар болашақ стюардессаның келбеті сүйкімді, дене сымбаты 48-ші өлшемге дейін және сөйлеу мәнерінде мін болмауы тиіс. Білімі ортадан төмен емес, ал мамандығына аса назар аударылмайды. Есесіне бірнеше тіл білуі маңызды – әсіресе ең негізгі қазақ, орыс және ағылышын тілдерін. Оған қоса неміс, француз, түрік және т.б. тілдерді білгені құпталады. Жолсеріктің денсаулығы мықты болуы қажет, жүзе білуі керек және әрдайым спортпен шұғылданып тұрғаны дұрыс. Бортқа созылмалы аурулары бар қыздарды және көз көруі -2,5-тен төмен болса алмайды.

Стюардесса болу үшін...

Алдымен өзіңіз істегіңіз келетін компанияның сайтындағы анкетаны толтырыңыз. Кандидатураңызды қарастырған жағдайда, сізді бірнеше кезеңнен тұратын әңгімелесуге шақырады. Бірінші кездесуде жұмыс беруші сізбен танысып, біліміңіз, тәжірибеңіз және шет тілін қаншалықты білетіндігіңіз жайлы сұрайды. Сонымен қатар бұл кезеңде ұшу кезінде қиын жағдайлардан шығу амалдары сияқты арандатушылық сұрақтар да қойылуы мүмкін.

Жұмысқа тұру үшін әңгімелесуге баратын болсаңыз қатаң дресс-кодты ұстаныңыз: шашыңыз ұзын болса буып қойыңыз, болмаса жайып қойыңыз, қарапайым макияж және іскерлік кәстөм мен белдемше киіңіз.

Бұдан кейін бірнеше шет тілінде жазбаша әңгімелесу болады. Мұнда сіз тек өзіңіз жайлы ғана емес, болашақ мамандығыңызды қаншалықты білетіндігіңізді баяндайсыз. Барлық әңгімелесуден сүрінбей өтсеңіз сізді медициналық комиссиядан өтуге және психологтың сынағынан өтуге жібереді. Осындай қатал іріктеуден кейін 70% үміткер шығып қалады. Қалған 30%-ы стюардессаларға арналған арнайы мектепке түседі. Практикалық және теориялық жаттығулардан тұратын оқу 3-6 ай жалғасады. Болашақ жолсерік ұшу жайлы бәрін білуі керек – қолданылатын ұшақтардың түрлерінен салондағы дүрбелеңді тоқтату амалдарына дейін. Оқу біткен соң қыздар емтихан, ал бұдан да сәтті өткендер тәжірибе тұрғысынан нұсқаушымен 30 сағат ұшу емтиханын тапсырады. Бәрі біткен соң үшінші дәрежелі жолсерік деген куәлік табысталады.

Стюардессаның міндеті – ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолаушыларға қызмет көрсету және салонды жинастыруға көмектесу.

Әрі қарай?

2000 сағат ұшқан соң стюардесса екінші дәрежелі куәлікке емтихан тапсыра алады, ал 3000 ұшудан кейін ол бірінші дәрежелі маман болады. Мансабының өсуімен жалақысы да өседі. Бұдан өзге барлық жолсерік біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, ағылшын тілінен тест тапсырып тұрады. Табысты қызметкерлер қосымша үстемақы алып, ал селқос жұмысшылар жұмыстан шығып қалуы да мүмкін. Стюардесса мамандығы сізден дүрбелең кезеңде өз-өзіңді басқара алу, қарым-қатынас орнату шеберлігі, төзім мен шексіз шыдамдылықты талап етеді. Есесіне жоғары жалақы, ел-жер көру мүмкіндігі және өзіңіз бен отбасыңызға әлеуметтік жеңілдік сияқты көптеген жағымды жақтары бар.

Ақпарат көзі: http://massaget.kz/bilim/maala/17803

+1 дауыс

Стюардесса-романтикалық профессия!Бірақ стюардессаның басты міндеті борт ішіндегі қауіпсіздікке жауап беру.

Стюардесса болу үшін:жасың 18 ден асқан(27 жасқа дейін),орта,арнайы орта немесе жоғары білімді,келбетің тартымды(бұл да маңызды),бойың 165-тен 190 см-ге дейін болуы керек.Ағылшын тілі обязательно,желательно  3 курстық ағылшын тілін және 2 жылдық мемлекеттік тілдер курсынан өтуін керек.

Жұмысқа орналасу үшін қалаңдағы авиакомпанияға хабарласып іріктеудің қашан болатынын біліп,собеседованиедан өтесін.Олардың басты назары сенің келбетінде болады:әдемілігіне және сүйкімділігіне,қысқасы оларға ұнасаң болды.Стюардессаның дикциясы да жақсы болуы керек.Собеседованиедан соң саған мед комиссиядан өтуге жолдама береді,өйткені сенің денсаулығың да 100 пайыз болу керек!

Менің кеңесім:Егер сен твердо стюардесса боламын деп шешсең 27 жастан кейін кім болатынынды ойланып қой.Сәттілік!

Рахмет.өзіме сенімдімін
Сенің сенімділігіне күмәнім жоқ,просто 27,әрі кетсе 30 жастан кейін сен стюардесса болып жұмыс істей алмайсың!)
Иа.сол жағы жаман екен
0 дауыс
Әрі қарай аудармашы саласына ауысуға болады, яғни стюардесса болсаң кем дегенде 4 тил білу қажет.Ал аудармашы да сол тілдерді аудару арқылы жұмыс таба алады, жалақысы да жаксы, әрі тағы оқудың да қажеті жоқ!
0 дауыс
Жасым 38 де сонда да борт серік болу арманым
0 дауыс
Менин атым Сауле.Жасым 20да.Арманым сюардесса болу
0 дауыс
Мен 9 сынып окимын,арманым стюардесса болу ол үшін нестеу керек?
0 дауыс
Салем!

Стюардесса болу менынде арманым бырак салмак бой узындыгы дегендер кедергы болады жане 3 4 тыл былу керек жасын 30 27 ге келсе жумыс жагы киын болады бырак ол жастардан кейын былген тылдерыннен устаз секылды маман иелеры болуга болады

Ұқсас сұрақтар

...