+1 дауыс
12.9k көрілді
Бiр екi айдан сон, кундер оте катты ыстык болып кетедi. Тiптi дем алудын озi киындап, уйден де шыккын, келмей калады. Улкендер шiлде тустi гой, 40 кун болады ол дейдi. Кыста да осындай ай бар , кан,тар мен акпан аралыгында 40 кун шiлде болады екен. Катты бет карытпас аязды кундер басталады.Осы ыстык, суык кундердiн, шiлде деп аталу себебi не? Неге 20 кун емес, 35 емес 40 кун?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Ай атауы шілде – парсының «Чіллә», яғни қырық деген сөзінен шыққан (М. Ысқақов, «Халық календары», Алматы, 1980 жыл. 246 бет). Шілде өте ыстық ай, оның ыстығы 40 күнге созылатындықтан, қазақтарда «қырық күн шілде» деген сөз бар. Иә, маусым айының 26 жұлдызынан тамыз айының 5 жұлдызына дейін ауа райы өте ыстық болады. Содан «қырық күн шілде» ұғымы туған. Бұл күндерді «Ұлы шілде» дейді. Шілденің аңызақ, аптап күні – «күн шіліңгір».

Шілдедегі ауа райы Шілденің 20 жұлдызында Таразы (нарық) жұлдызы туып, таң суый бастайды. Сол себепті қазақтар: «Таразыда таң суыйды» дейді.

Қырық күн шілде халық аузында «Суыр» деп те аталады. Сұмырай деген сөз суыр айы деген мағынада. Содан халқымыз: «Сұмырай келсе су құриды», - дейді. Шілде айының тағы бір көне атауы – асад. Үркердің толғағы. Бұл мал-жанға жайлы, үркер туатын шілденің ортасы.
Шілденің алғашқы он күнінде:

Таңертең шөп басы құрғақ болса – түнде жаңбыр жау-ады; Найзағай күркірі жаңғырып естілсе – нөсерлетеді; Шық қалың түссе – аспан шайдай ашылады;
Таңертең өзен, көл суын тұман бауырласа – ауа райы жақсарады; Көлмектен тұнба иіс мүң-кісе, өткінші жауыннан кейін кемпірқосақ солтүстіктен оң-түстікке тартылып, қанық қызыл түске боялса – жаңбыр жауады.
Шілденің екінші он күнінде:
Көкек шақыруын тыймаса жаз ұзаққы созылады; Ағаш жапырақтары сарғая бастаса – күз бен қыс ерте түседі. Шілденің үшінші он күнінде:
Аптап басталады; Жерді шық басқан «жыла-уық» күндер туады; Ауа ыстық болса – келер желтоқсан суық болады; Қымыздық бітік шықса- алдағы қыс жұмсақ болады; Арша гүлденген кезде шілде аяқталып, тамыз туады. Шілдеде туғандар Ақын, ұлы ойшыл Шәкәрім Құдайбердиев Толығырақ...

...