+2 дауыс
496 көрілді
Мен компьютерден бас көтере алмаймын! Үйге интернеттің келгеніне 1 жыл болып қалды. Сол интернетте отыра беремін! Мектепте оқимын.Алда емтихандар келе жатыр.Өзім 9 сынып бітірейін деп тұрмын.Алтын белгіге үміткермін! Бірақ интернетке көөөөөөөөп уақыт бөліп кетемін. Бұл маған бір ауру сияқты болып кетті отырмасам бір түрлі болып ұйықтап қаламын.Ешнәрсеге қызықпай кеттім.Ойлағаным Ноутбугім! Сондағы отырғандағы істегенім ютубтан неше түрлі обзорлар көру интернет магазин аралау! Осы 1 жылдың ішінде үзбей контр страйк ойнадым. Жақында ғана қойдым оны. Ноутбугімнің алдында жата беремін.Осыны ұстамай 1 ай жүрейінші дедім,Жүре алмадым.Өз-өзімді танымай қалам кейбір кездері. Өз ісімнің қате екенің біліп тұрсамда қол үзе алмаймын.Тіпті мамандығымдыда осыған қарай бұрып жібердім.Бұл ауру ма бір нәрсе!? Құлаққа наушникті киіп алып сабақтан келгеннен көзім ұйқыға кеткенше отыра беремін! Сабақты оқимын бірақ баяғыдай қызығушылық жоқ! Бұл аурудан қалай айығуға болады! Кеңес беріңіздерші!

2 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап

Мынаны оқып көріңізші:

Банкте есеп-шотың бар делік. Сол шотыңа күн сайын таңертең 86400 доллар түседі және түскен ақшаны сол күні кешке дейін жұмсап бітіруің қажет. Бір шарты тағы бар: ол ақшаны басқа банкке аудару мүмкін емес және түгесілмеген жағдайда шоттағы сома келесі күні нөлге айналады. Ал енді не істейсің? Әрине, әйтеуір сол ақшаны не болса да жұмсауға, өз игілігіңе пайдалануға тырысасың. Мінеки, барлығымыз да "Уақыт” атты банкінің тұтынушыларымыз.
Күн сайын қолымызға пайдалансын деп 86400 секунд беріледі. Берілген бұл шектеулі уақытты басқа күнге не қоса алмайсың, не ертеңгі күннің уақытын мезгілінен бұрын қолдана алмайсың. Күндік уақыт қорымыз таңертең толып, кешке ада болып отырады. Өткен уақытты қайта иелене алмайсың. Сондықтан, күнделікті қолыңа түскен осы қазынаны өміріңдегі бақыт, денсаулық, жетістік, ырыс-береке, бақ сияқты маңызды нәрселерге жұмса. Аллаға құлшылық қыл! Бес парызыңды түгел орында! Ата-анаңа жақсылық қыл! Заман зулап өтіп барады, күнде ең жақсысын жасауға тырыс. Уақыттың қадірін толығырақ түсіну үшін мына теңеуге бір қарашы:

· Бір жылдың қадірін мектепте сол сыныпты қайтадан оқуға қалған оқушыдан сұра.
· Бір айдың қадірін 8 айлық баланы туған анадан сұра.
· Бір аптаның қадірін апталық газеттің редакторынан сұра.
· Бір сағаттың қадірін сүйгенін күтіп отырған ғашық жаннан сұра.
· Бір минуттың қадірін пойыздан қалып қойған жолаушыдан сұра.
· Бір секундтың қадірін апат аузынан аман қалған жүргізушіден сұра.
· Ал бір миллисекундтың қадірін олимпиадада 100 метр қашықтыққа жүгіру сайысынан күміс медаль алған атлеттен сұра.
 

Мінеки, уақыт бізге берілген үлкен қазына. Осы қазынаны маңызды нәрселерге жұмса. Ұмытпа! Уақыт ешкімді күтпейді, өткен уақыт – тарих, ал келер шақ сырларға толы. Осы сырларды арзан нәрселерге айырбастама... 

жақсы жазылған... Мынаны оқып ойланып қалдым ғой))  Тұрайын мен комптан)))
Көп-көп рахмет ойландырды
Белгісіз
Шынымен-ақ өте жақсы жазылыпты.Ойландырып тастады ғой.Менде де кейде болады интернетте отырып кештің қалай батып қалғанын білмейтін кездер.
Белгісіз
0 дауыс
Тууу енді Лақтыр Ноутбуктіі!!!!

 

 БұЛ  Жаман Әдет!!!

 

Осынлай Жүре БЕРСЕН Бітті Саған ешкім көмектесе алмай қалады!!!

 ҚАзірден Бастап бәрін Қой!!!
ии лактырма маган бер ноутбукти
...