0 дауыс
6.8k көрілді
Сіздің ең жақсы көретін немесе көп естігіңіз келетін комплимент? Неге?

3 жауап

0 дауыс
Бүгін ерекше құлпырып кетіпсің ғой.
Сен өте сымбаттысың. Көздерің әдемі әрі бет-әлпетің нағыз батырлардың бет-әлпеті сияқты.
Не деген қылжақбас адамсың?! Қарапайым нәрселерден күлетін нәрсе тауып аласың.
Сен де жануарларды жақсы көресің бе? Жануарларды өте мейірімді, елгезек жігіттер жақсы көреді.
Сен сондай білімдісің. Сенің жаныңда жүрсем, оқитыным мен тоқитыным әлі де көп екенін түсінемін.
Денең тура шкаф сияқты.
Сенің ғана жаныңда өзімді толық қауіпсіз сезінемін.
Барлық жігіттердің ішінде саған ғана бар сырымды айтып, барлық тақырыпта сөйлесе аламын.
Сен өте мықтысың, сенің қолыңда өзімді паналы сезінемін.
Сенің қолыңнан келмейтіні жоқ.
Мен үшін сенен қымбатты адам жоқ.
Сен өте қамқор, мейірімдісің.
Сіз жақсы жұмыскер ғана емессіз, сіз теңдесі жоқ мамансыз.
Сіз сияқты жауапкершілігі мол ұлым болғанын қалаймын.
Жейдең сондай сәнді. Талғамың мықты екен.
Бұл сұрақты шешуге тек сіз ғана көмектесе аласыз, өйткені бұл тұрғыдан сіздің ғана тәжірибеңіз мол және сіздің кеңесіңізді қажетсінемін.
Сенің құшағың мен даусың маған жылулық сыйлайды.
Күлкің жұқпалы екен.
Сенімен әңгімелескен әрдайым қызық.
Ақылыңнан айналдым, мен жаңа ғана соны ойлап отыр едім, ал сен істеп қойыпсың.
Достарыңның арасында үлгілі азаматсың.
Сені айтпай жатып түсінемін.
Сен кез келген тығырықтан шығудың жолын білесің, егер бәрі жақсы болады десең, яғни солай болады, өйткені саған барлық жағынан сенуге болады.
Менде бәрі жақсы болады, өйткені жанымда сен барсың.
Кешкі ас сондай дәмді шығыпты, мен дәл осылай істесем де, сенікіндей дәмді шықпайды.
Осындай ақылды ұл өсірген анаң бақытты шығар.
Сен мақтанғанды жек көресің, білем, бірақ сенің қолдарың сондай мықты.
Байланыспайтын нәрселерді байланыстырып жіберуге шеберсің ғой.
Мен сені мақтан тұтамын, сен ең керемет адамсың.
Мен саған бұдан да көп жақсы сөз айта аламын.

Жігіттерге комплимент айтудан шаршамаңыздар!

http://massaget.kz/bastangy/psihologiya/4311
Ал сіздің ойыңыз? Ең жақсы көретін комплиментіңіз және үшін жақсы көретініңізді айтпаймысыз?!
0 дауыс
"Әдемі болып кетіпсін ғой" десе өз өзіне сенімділік көбейіп, көңіл күй де жақсарып кетеді ғой))

Әттең, ол сөзді ести бермеймін, әдемі болмағанымнан ба))))))))
мүмкін)))
хехе))))))
+1 дауыс
Маған ең ұнайтын комплимент "Айнұр сенің осы өмірде барыңа шүкір, қайда, кіммен жүрсеңде аман есен, бақытты болшы" және мыналар ұнайды "сендей жан бұл өмірде мүлде жоқ қой", "сенің пісірген тамағыңның дәмі әлі таңдайымда тұр, қолың дерт көрмесін", "сенен басқа ешкім маған көмектеспейді, сен қамқор жансың", "сенің жүрегің таза, мейрімді", "сен ең адал доссың" осы комплименттер қатты ұнайды, осы сөздерді ести бергім келеді. Себебі бұл сөздер адамның жанына жағады ғой.
Ұнататын комплименттеріңізді сізге айтатын жандар көп болғай!
Айтқаның келсін!
...