Егер Физикаға терең "ұңіліп" қарайтын болсақ, дүниедегі еш нәрсенің түсі жоқ. Тек біздің көзіміз оларды солай қабылдайды. Мысалы, қызыл мата өзіне түскен сәуледен тек қызыл түсті ғана шағылыстырады, басқа түстерді жұтып алады.
Ал қарға келетін болсақ, қар барлық түстегі жарықты шағылыстырады, ал барлық түстердің қосындысы ақ түсті береді. Сонымен, еш нәрсенің шын мәнінде түсі жоқ, қардың да.