+2 дауыс
7.2k көрілді
Куйынды коргенсiз бе?! Катты бiр жел болып, ауа бузылган саттерi ,кейде тып тыныш кундердiн, озiнде пайда болып калады. Домалак болып аспанга котерiлiп ,тусiп тура iшiнде бiр дию жургендей асер калдырады маган. Ал ажем куйыннын, ортасында калып кеткен адам аузы басы кисайып калады дейдi. Арине сенбеймiн ол созiне. Бiрак кызык, сол куйын калай пайда болады? Куйында не кудiрет бар?

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Құйын, атмосферадағы құйын – диаметрі ондаған метрден (су айдынында) жүздеген, мыңдаған километрге дейін (құрлықта) жететін қандай да бір ось бойынша жүретін ауаның айналмалы қозғалысы; ауаның жер бетінен топырақты, қарды немесе суды дөңгелете көтеріп, екпінді қозғалуы. Ол көтерілген кезде жылжып бара жатқан биік бағанаға ұқсайды. Құйын 10 – 20 м/с жылдамдықпен жылжиды. Ондағы дөңгелене ескен желдің жылдамдығы 50 – 100 м/с-қа жетеді. Құйын қатты қызғандықтан жоғары қарай тез көтерілген ыстық ауаның өз жолындағы салқын қабатпен (көбіне жаңбырлы будақ бұлтпен) кездескен жерінде құралған төмен қысымды аймақтан басталады. Құйын бағанасының орталық бөлігінде ауа қысымының төмендігінен Жер бетінен бұлтқа қарай сорылу процесі жүреді. Бірнеше құйын қосылып аса күшті дауылға айналатын кездер болады. Шағын құйындар Қазақстанның шөлейтті құмды өңірлерінде жиірек байқалады. Құйынның мысалына тромб, торнадо, циклон, қара дауыл, т.б. жатады.

+2 дауыс
Кішкентай құйын көргем, құйынға жатқызуға да болмайтын сияқты, көшеде шаңдар ұшып дөңгеленгенін көргем)) Құйын не деп пайда болатынын білмедім. Бұрын "Құйынды дауыл" деген сериал көргем соның ең соңғы сериалында құйынның құдіреті құйын отты одан сайын өршітіп жібере де алады н/е отты өшіріпте тастай алады деп айтқан!
...