Кез-келген инфекциялық жұқпалы аурулар қауіпті. Тіпті тұмаудың өзі жүктілік кезде анаға да құрсақтағы балаға да аса қауіпті болады. Тробоцитопиения (тромбоциттердің жетіспеуі) кезінде қан ұйымайды, босанғанда әйелде қан көп кетіп қайтыс болуы мүмкін. Кез келген ауру адамға қауіпті ғой, ал жүктілік кезде екі есе қауіпті. Сондықтан жүкті әйел өзін максимальный күтім жасап, ауру жұқтырудан сақтану қажет. Соның ішінде жүкті әйелге де құрсақтағы сәбиге де анемия қауіпті. Анемия - қанның қызыл түйіршігінің жетіспеуі (анемияның бірнеше түрі бар). Ал қан арқылы ағзаға қоректік заттар тасымалданады, логический ойласақ қан жеткіліксіз болса қоректік заттар да жеткіліксіз болады, қоректік заттар жеткіліксіз құрсақтағы сәбиге барса бала дұрыс дамымайды, іштен туа біткен ақау болуы әбден мүмкін. Біреу қояншық ауруын қоян етін жегеннен деп қатырып еді))) Ол хромосомадағы өзгерістен туындайтын ауру, хромосомада өзгеріс өздігінен болмайды, ол анасында болатын түрлі инфекциялық аурулардың және анемияның әсерінен. Сондықтан отбасын жоспарлау кезінде әйел алдымен толық тексеруден өтіп, қажет жағдайда толық емделіп барып балалы болуды жоспарлаған дұрыс. Біздің қазақтар сияқты Алланың бергені деп жүре бермей... Мен атеист емеспін, Аллаға шүкір, барлығы әуелі Алланың қолында, бірақ екінші өзіміздің қолымызда екенін де ұмытпау керек. Сақтансан сақтаймын деген бар ғой.
Бірақ қазір ана мен бала денсаулығына мемлекетіміз өте көп қаржы бөлуде, соның арқасында ана мен бала өліме қуанып айтарлықтай азайған, тіпті кейбір облыстарда мүлдем тіркелмей жүр соңғы 2-3 жылда. (Қызылорда облысында 2012 жылғы көрсеткішде ана мен бала өлімі мүлдем тіркелмеді) Аллаға шүкір!
Көп жазып кеттім ба... Жаза берсек сөзден сөз туа береді ғой)) Халыққа дұрыс жеткізу біздің міндетіміз