+1 дауыс
26.1k көрілді
Сәлеметсіздерме? Менің жақын құрбымның зобы бар екен, енді басталып келе жатыр депті. Аптекадан  таблетка сироптар алып ішіп жүреді. Кейде дәрімді ішуді де ұмытып кетем дейді, ал түнде жүрегі қысылады екен? Зоб емделема? Қаншалықты қауіпті?

7 жауап

+4 дауыс
Зобтың бір атауы-«жемсау». Зоб ауруы қалқанша безінің ұлғаюынан пайда болады. Қалқанша безі адамдарда кеңірсіктің алдыңғы қабатында орналасқан. Қалқанша безінің ұлғаюы мойының жуандауына әкеледі. Зоб ауруына шалдыққан кезде, қалқанша безінің қызметі бұзылып, қалқанша безінің гормондары не аз, не көп мөлшерде бөлінеді. Бұл ауру тек шығармашылық адамдарда ғана суретемес, барлық кәсіп иелерінде болады. Оның себебі, тұқымқуалаушылық, инфекциялар, психикалық жарақаттар, ағзаның әлсіреуі, шаршау, депрессия, орталық жүйке жүйелерінің, жыныс бездерінің дұрыс қызмет істемеуінен болады. суретсуретАдамдар күн тәртібіне бағынбай,, түнде ұйықтамай, дер кезінде тамақтанбай шапқылап жүргендіктен болады. Оларға диффузды токсикалық зоб тән (ГРЕЙВС-БАЗЕДОВ сырқаты). Қалқанша безінің гиперфункциясы мен гипеплазиясы салдарынан пайда болған зоб. Есте сақтау қабілеті төмендеу, депрессияға, жүйке тозуы, терінің кеуіп, шаш түсуі, ағза температурасы төмендеу, ағзаға су жиналып, қабынудың салдарынан салмақ қосу немесе салмақ тастау. Бет домаланып, өңі қашуы болады.
суретҚазақстан йод жетіспейтін аймаққа жатады. 2000ж бастап йиод жетіспеушілігі аурулары көбейді. Тұрғындар тағам құрамындағы йодқа ерекше мән берген жөн. Йод жетіспеушілігі тахикардия, қол дірілдеуі, аз ғана диффуздық жемсау сынды ауруларға себеп болады. Күйгелектік пайда болу, жылау, бұлшық ет әлсіздеу болады. суретАсқынған жағдайда ағзадағы тұз бен су бұзылып, тамақ астындағы без ісініп, адамның көздері сыртқа шығып, беттері өзгеріп, тыныс алу қиындайды. Жүйке талшықтары қозғыштығы төмендеп, ми геометриясы өзгереді.Жүректің минуттық соғуы кемиді. Миокард гипоксиясы қалыптасады. Ас қорыту кезінде қорытылуы бұзылады. Осыдан бастап қаназдық туады. Зоб ауруын емдеу дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ережесі барлық жерде бірдей.
суретЗобтың түрі көп. Соның Ішіндегі көп тарағаны-эндемиялық зоб. 3 сатысы бар;
1. қалқанша безі көрінбейді, сипалағанға сезілмейді.
2. қалқанша безі көрінбейді, бірақ сипалағанда сезіледі.
3. қалқанша безі жұтынған кезде көрініп тұрады.
суретАдам қанының құрамындағы йод мөлшері жыл мезгіліне байланысты азайып, көбейіп отырады. Қыркүйек, қаңтар айларында қан құрамында йод мөлшері азайып, ақпанда көтеріледі. Күн ысыған кезде мамыр айларында йод жоғарылайды. Еркектерге қарағанда, әйелдер 3-4 есе көптеп ауырады. Ағзадағы йодтың 90пайызы тамақ арқылы толықтырылады. Күнделікті тағам құрамына мән берген зор. суретЙод балықтарда, теңіз өнімдерінде, балдырларында, балық майында әсіресе көп. Теңіз қырыққабатында ламинарияда көп болады. Жемістерден; апельсин, лимон, банан,қауын, жүзім, ананас, құлпынай, алма, құрмада көп. Сүт, жұмыртқа, сары май, сиыр еті, бидай өнімдері өте йодқа бай. Жидектер; сарымсақ, шалқан, қызылша, картоп, кәді, сәбіз, қызанақ. Бірақ ет пен балықты қайта қайта мұздатқанда оның ішіндегі йод жойылады.
Ота жасар кезде соңғы асқынған жағдайда ғана жасаған дұрыс.
Зоб аяғы ауыр аналарда қауіпті жағдайға жетуі мүмкін. Себебі ауру асқынған кезде шақалақ өліп кетуі мүмкін. Жаңа туған нәрестеде қалқанша безінің дамымай қалуы, туа біткен гипотиреоздық қалыптасуы ықтимал. Қауіптісі нәресте ақыл есі кемтар болып туылмауы керек. Диагноз қойылған бала өмір бойы гормондық ем алуға мәжбүр. Уақтылы емделсе, эндемиялық зобтан қауіп жоқ. Зобтың токсикалық түрі ұзақ уақыт емделіп, дәрігерде болуы керек. Дәрігердің рұқсатынсыз бала тууына болмайды.
Егер зобтан отбасында біреулер ауырса, тұқым қуалауы мүмкін. Ол тиреоидтық гормон биосинтезінің генетикалық бұзылуы. Зобты емкім өзінше емдемеу керек. Эндокринолог дәрігерлер емдейді. Сырқаттың бірінші дәрежесінде тек қана йодталған Йодомарин, йодты калий сияқты дәрілер ішу. Йодқа бай тағамдар ішу.
Емі дұрыс жүрген адам, йодты тағамдарды үнемі пайдаланса сауығып кетеді. Зобтың тұқымқуалайтын, қатерлі түрлеріне шалдыққандары құлан таза жазылып кетпесе де, дер кезінде емделсе, сырқат созылмалы күйінде қалады. Науқастар берілген мөлшердегі дәріні ішіп тұру керек. Егер ем дұрыс жасалса,8 аптада жағдайы түзелуі тиіс. Кейде екі жылға дейін созылады. Қалқанша безінің көлемі қалпына келсе, бір жылдан кейін йод қосылған препараттарға көшу қажет.

Біле жүріңіз:
Дені сау адам шамамен 150микргграмм йод қажет.
Йод аздығы ағзаның химиялық, физикалық агенттерге қарсы тұруы төмендеп, ақыл есі кемиді
Зобты өз бетімен емдемеу. Және өте қауіпті.
Теңіз балдырлары, теңіз қырыққабаты, ет, сүт, жеміс жидектер ағазаға йод беретін тағамдар.
Ескерту
Бес жасқа дейінгі балалар;80-100мкг6 12 жас балалар;130мкг,12 жастан асқан жоғары балалар және ересектер;160мкг, жүкті әйелдер;200мкг мөлшерде йод қабылдау керек
+1 дауыс
Қалқанша безінің қызметі бұзылғанда ағзаға йод жетіспейді, содан зоб ауруы (жемсау деп те атайды) пайда болады. Зобтың бірнеше дәрежелері бар, жеңіл дәрежесінде зоб айтарлықтай қауіпті ауру емес, бірақ науқас үнемі күтініп, қажетті дәрілерін тұрақты ішіп жүруі керек. Ауру неізінен тұқым қуалау арқылы таралады. Қалқанша безінің гипертрофиясымен (үлкеюі) сипатталады. Жүрегі қысылса ЭКГ түсіп, тексерілу керек, қажет болса жүрек УЗИ жасату керек, қазір не көп жеке клиникалар көп, соларға барса кезекке тұрып шаршамайды. Зобта қан қысымы көтерілуі қауіпті, зоб үлкейіп кетіп жұтыну қиындауы мүмкін, ал қан қысымымен жүрек байланысты. Емханасындағы терапевтке ештенені жасырмай айтсын жүрегі қысылатынын. Майрамынызбен!
0 дауыс
Эндемиялық зоб йодтың тапшылығынан тұратын ауру. Ол үшін йодомарин,йодты көп пайдалану кеерек
0 дауыс

Сәлеметсіздер ме! Менің де зобым бар, яғни қалқанша безімнің оң жағында ісік бар (киста). сол кистаның әсерінен сол жақ сүт бездерімде екі ісік пайда болды. узиге түскен кезде фиброаденомалар деген диагноз қойды. алматыда барып клиникаға тексерілген кезімде аденома емес, киста деген. өте көп гормонды дәрілер, системалар жазып берді. бірақ мен ешқайсысын ішкем емеспін. себебі олар ағзадағы басқа органдарға кері әсерін тигізеді. ешқандай ем алмағанның әсерінен бірнеше айлардан кейін менде күндіз де түнде де үнемі тұншығу, қылғыну, өте қатты ашушаңдық, ішімнен ыстық демнің келуі, бойымнан ыстық қанның жүгіруін байқадым. өзімді өзім басқара алмадым. сосын алматыдан медицина ғылымдарының кандитаты Жанар Кеңесқызы келді. ол кісі сүлікпен емдейді екен. мен сол сүлікпен ем алдым. алдын ала менің анализдеримді, узилерімді көріп, қайтадан өзі бір тексерді. қалқанша безді қалпына келтіру үшін сүлікпен 4 күн емделдім. қазіргі күнде менде ешқандай тұншығу, қылғыну, тағы басқа да симптомдар жоқ. жалпы ол сүліктерді қайта қолданбайды, көзінше өлтіріп, тастайды. Жанар Кеңесқызына айтар алғысым зор, көп рахмет. Сіздерге де сол кісіге хабарласып, консультация алып, емделсеңіздер деймін. Ауырмаңыздар!

Өткенде бір сүліктің терлеп тепшіп қашып бара жатқанын байқап, сұрағанымда сол кісіні айтқан еді. Ол кезде "неге деп" ,үлкен ойда қалғаным бар еді. Енді түсінікті болды (Әзіл) ))))))))
Белгісіз
Сәлеметсізбе
0 дауыс
Кистаныныздын размеры кандай болды жане нешеу болды айтып жибересиз бе
0 дауыс
Сəлеметсіздер ма... Менің оң жақ көзім үлкейіп кетті. Сол жақ көзім қалыпты. Дəрігерлер дифузиялық зоб деді. Ол қаншылықты қауіпті.
0 дауыс
Салем!Менде дифузды токсикалык зоб 2 степень бар даригерлер осындай диогназ койды.Дирилдеп,кол аягым терлеп турады жане тез ашуланамын.Тиразолды иштим,кейин горманольды анализитапсыр деген тапсырмадым,баскалай емдеу жолы барма?козим озип бара жатыр комектесиниздерши!
...