+1 дауыс
772 көрілді
Осы спам деген не? Мүлде түсінбедім, айтып жіберсеңіздер?

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Спам белгісі ол сұрақтың немесе жауаптың орынсыз қойылып жатқандығын білдіреді. Мысалы сайтқа бір қолданушы боғауыз сөз жазып кетті. Сіз барып астына спам деген белгіні басып кетесіз. Спам саны 3-деу асқанда маған хабарлама келеді сайттан. Мен келіп көріп спам сөз болса онда оны жасырып қоямын, мен жоқ кезде 5 спам алатын болса, онда ол сұрақ немесе жауап автоматты түрде жасырылынып қалады. Спам сосын біреудің сайтын жарнамалауда қолданылады. Егер бір қолданушы өзінің сайтын жарнамалап немесе ақпарат бергенде тек сайттың сілтемесін қоятын болса ол спам болып саналады. Спам батырмасын басып кетсеңіздер мен тез арада оны тауып алып жасырып қоямын. Негізі мақсаты сол.

https://surak.baribar.kz/294643/
Спам алған адамның балы азаяды ма?
+3 дауыс
Админнің өзі берген жауабы. Спамның қызметі былай. Егер сұрақ немесе жауап мейлі пікір болсын 3 Спам деген белгіні алатын болса қолданушылардан менің поштама автоматты түрде хат келеді. Мына сұрақ Спам алып жатыр деп. Мен ашып көріп егер шынымен де спам (ұятсыз сөз, боқ ауыз сөздер, біреудің жеке басына ауыр соғатын қатысты сөздер, бір сайтты орынсыз жарнамалап жатса- яғни қолданушылар сайт ережесіне сай келмейтін сұрақ немесе жауаптарды көріп қалып Спам деп басып кетсе) мен оны жасырып қойып тіпті сол қолданушыға ескерту жасаймын. Одан бөлек егер мен интернетте жоқ болып Сұрақ немесе Жауап автоматты түрде 5 Спам деген белгіні алса менің қатысуымсыз-ақ Сұрақ немесе Жауап немесе пікір автоматты түрде жасырылынып өшіп қалады. Сондықтан боқауыз сөз, ұятсықсөздер т.б. көріп қалсаңыз ғана спам дегенді басуларыңызды өтінемін.
0 дауыс
мысалға мынау Агентте отыргандаrнын барiне жiбер шынынды айтшы мен озi кандаймын? 1.озiншесiн 2.жамансын 3.мейрiмдiсiн 4.акылдысын 5.кырсыксын 6.оте адемiсiн 7.каталсын 8.жанашырсын 9.адалсын 10.отiрiкшiсiн 11.аяныштысын 12.назiксiн 13.акымаксын 14.мыктысын 15.жылауыксын 16.суйкiмдiсiн. 17.ак конiлсiн 18.карапайымсын 19.ренжи бересiн 20.еркесiн 21.приколистсiн 22.унамайсын Егер саган 5 бiрдей сан келсе, сен сондайсын маган жыберуды умыт па?
...