Менің бор жегім келе береді?

+1 дауыс
1.7k қаралым
Мен кәдімгі ак бор жегім келе береді.Көп жеймін.Анам жеме,ішің ауырып,соқырішек болыа каласың дейді.Бірақ жеп қоя беретін кездерімде болады.Бор болмаса,тіпті гипсті де жей беремін.Неге булай?ағзаға бірдеңе жетіспеушіліктен бе?!
Денсаулық

3 жауап

+1 дауыс
Жақсы жауап

Бұл – қаназдықтың белгісі. Қаны аз адам тамаққа құлқы болмай, керісінше, бор, ақ балшық секілді нәрселерге аңса­ры ауады. Мұның өзі асқазанға ауыр тиіп, ағзадағы зат алмасу процесіне кері әсер етеді. Сондықтан мұндай белгілер бай­қал­ған адам бор, ақ балшық жеуден өзін тыйып, дәрігерге көрінуге асыққаны жөн. Қаназ­дық дертінің ағзаға басты зияны – қор­ғаныс қабілетін төмендетеді, соның сал­да­рынан адам әлсіз болып, жұқпалы ауру­ларға жиі ұрынады. Тез шаршап, ең­бек­ке қабілеттілігі төмендейді. Ал қа­наз­дықтың алдын алу жолы – дұрыс та­мақ­тана білу. Қаназдыққа әдетте темір пре­па­раттары тағайындалады. Темір – ет, ба­лық, бұршақ тұқымдастарында, сұлы, қа­ра­құмық жармаларының құрамында мол болады. Жас сәбилер қаназдыққа ұшы­ра­мауы үшін ең дұрысы – ана сүті. Ал жасанды жолмен тамақтандырылатын ба­ла­ларға темірмен байытылған қоспалар мен жармалар берген жөн.

0 дауыс
Мынаның көмегі тиіп қалар, қарап көріңіз: https://surak.baribar.kz/105556/
0 дауыс

маған да мамам солай айтады!smiley

127,680 сұрақ
322,223 жауап
153,247 пікір
72,705 қолданушы