Мына өлеңнің толық нұсқасын тауып бере аласыздар ма ?

+4 дауыс
2.1k қаралым
Бүгін менің туған күнім ойпырмай мына халық неге жатыр тойламай...
• Санаты: Жалпы ән туралы | 2.1k қаралым

1 жауап

+6 дауыс
Жақсы жауап

Мұқағали Мақатаевтың өлеңі.

Арыз жазып кетейін

Бүгін менің туған күнім.
Ой, бәле-ай!
Мына адамдар неге жатыр тойламай?! 
Банкет жасап берер едім өзім-ақ, 
Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай.

Мына дүние неге жатыр үндемей?! 
Алаулатып тойдың шоғын үрлемей. 
Құшақ-құшақ гүл шоқтарын лақтырып, 
«Мынау - шапан,
Мынау - атың, мін» демей.

Мына жұртқа жақпады ма әлденем?! 
Бекер өмір сүргемін бе, әлде мен? 
Халқым,
Сенің қасиетіңді білем деп,
Босқа өмірім өтті ме екен әуремен?!

Айтамын деп қуанышың, мұңынды, 
Басқа арнаға бұрдым ба әлде жырымды?! 
Мен, бәрібір, өзіңменен бір болам, 
Өзегіне тепсең-дағы ұлыңды.

...Тойланбаса тойланбасын,
Не етейін.
Той көрмей-ақ, сый көрмей-ақ етейін. 
Қаламымды берші маған, бәйбіше, 
Болашаққа арыз жазып кетейін...

 

Ұқсас сұрақтар

127,946 сұрақ
322,840 жауап
153,169 пікір
72,947 қолданушы