+2 дауыс
28.8k көрілді
Көршi үйдегi жеңге аяғы ауыр. Дәрiгерi жазып берген босану мерзiмiнен 1апта асып кеттi. Босану мерзiмiн қалай бiлуге болады? Сосын тагы бiр сұрақ кейбiр келiндерге жеңге -апалары: -ай, қашан босанасың, түйе етiн жеппедiң, деп тиiсiп қоятыны бар. Түйе етiн жеген әйел 12 айда босана ма сонда?

12 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Толғақ шақыратын дәрі салдырып уақытылы босанғаны дұрыс болар еді, 12 айда бала қалай туылады? ойлаудың өзі жаман екен)) бала іште өсіп кетсе бала басы мен әйел жамбас өлшемдері сәйкес келмей қалады да бала өздігінен туыла алмайды, бұл өте қауіпті, тұншығуы мүмкін, жедел кесарева жасалады.

Ал, ертеде қазақтар түйе етіп жеп 12 айда туды дегенге жеке өзім күмәнданамын, болды дегенің өзінде ол кезде қазіргідей экология жоқ, ол кездің әйелдерінде босану күші жақсы, құнарты табиға тамақтанған. Қазіргілердегідей жас кезінен джинсовка киіп жамбас сүйегінің қалыпты өсуіне кедергі жасамаған, сөзден сөз шығып кетті-ау. Менінше дәрігерлер дұрыс емептемеген
+3 дауыс
Бұл өтірік екенінде күмән жоқ. Не етін жеген болса сол сияқты туатын болса қой етін ждеген келіншектер неге 6 айда туып тастамайды. ) Жалпы қазақта керексіз сөздер де жоқ емес. Көршіңізге айтыңыз сабыр етсін. Баласын аман есен босанып алсын. Амин!!!
Қазақта артық сөз жоқ, бәрі дәлелмен айтылған ! Тағыда қоянның етін жеген жүкті әйел, кейін бала босанғанда баласынның ерні  қоянның ерны оқсап жырық болып қалады.
Рахмет ! Амин!
Ананимус дұрыс айтады, қазақта қажетсіз бос айтылған сөздер де жеткілікті. Тауып аййтылғандар да бар, оларға әңгімем жоқ)
Енді фанаттыктын не керегі бар бауырым. Онда ол коршісіне айтсын туйе етин жегенсин, енді туа алмай киналасын деп. Кызыксындар. Калай кыска ойлайсындар. Кулагы узындардын анасы уакытында есектін етін жеген шыгар)) Сенін акылын кыска екен, демек анаң тауықтың етін көп жеген шығар.
+4 дауыс
Дәрігерлер  Құдай емес, олар да пенде, олар де қателеседі. Ал түйе етіне келер болсақ, еті түгіл қымыраны яғни сүтін ішсе де әйел адам 12 ай көтереді, бұл - дәлелденген ақиқат.
Кешірерсіз, қай жерде кім дәлелдегенін табуға көмектесіп жіберіңізші :)
Мұндағылар шап етіп ұрсуға дайын екен бірдене болса, сіз де олай шықпаңызшы)) (деп жазуға да мәжбүр болдым)))
+3 дауыс
мен екі баламда да түйе етін қыстай армансыз жегем,көтергеннен бастап босанғанша жегем,қазықтың ырымы шығар бірақ көңіліңе алмасаң болды.бір апта асып кетсе ешнарсе етпес босанар кейбір әйелдер 41-42 де босанады ғой.Жатыры тез ашылу ұшін жолдасымен жиі төсектес болғаны дұрыс.
+2 дауыс
Мен ұлымды дәрігердің айтқанмерзімінен 3апта асып кетіп босандым.Ондай жағдайлар жиі болады. Ал түйенің етіне келсек меніңде естігенім бар 12 ай көтереді деп бірақ көзіммен көрген емеспін.
+2 дауыс
жүкті әйелдерге түйе етін жеуге , шашын қыюға т.б  істеуге болмаайды. Түйе етін жегенде бала мерзімінен кейін 1 ай немесе одан азда копте болуы мүмкін. Қазақта жайдан-жай ырым болмайдығо. Бәрінің озінің мағыналары бар. Өзімнің жақыным білместіктен түйе етін жеген еді баласы мерзімінен кейін 2 айга жакын уақытта туылды
+1 дауыс
Ата бабамыз осыны бекерден бекер айтпаған ғой. Түйенің сүтін , етін жүкті әйелдерден жасырып жататынын, жеуге тиым салып жататынын естігенім бар.Негізі осындай жағдайлар кездесіп жатады,бірақ осының себебін зерттеп,ғылыми жұмыс жасаған ғалымды естімеппін. Мүмкін түйенің етінен ,сүтінен өндіретін тағамдарда прогестерон гормоны  ( прогестерон -жүктілікті қалыпты жағдайда ұстап тұратын гормон, жүктіліктің алғашқы кезеңінде өйел ағзасында көбейіп, босануға жақындағанда біртіндеп азаяды)  немесе осы гормонның көп бөлінуіне әсер ететін компоненттер болуы мүмкін. Болашақта осының құпиясын ашатын ,бір ғалым мүмкін сендердің араларыңнан табылып қалар !!!
0 дауыс
Мен 40аптаны бугин толтырып уайымдап отырм али ешкандай толгак белгилериде жок мен 5айымда шубат иштим негизи ырымга сене бермим ананы мынаны окып корка бастадым
Уайымдама бәрі жақсы болады!
0 дауыс
Саламатсыздар ! Мен оз козимен теледидардан корип естидим , туйенин сутинде кальций коп сондыктан жукти айелдер шубатын ишше баланын суйектери жаксы дамиды деп . Биринши баламда менде шубатын ишкен едим , кайын апкем саган болмайды ишуге 12 ай журесин деп айтты ,содан уайымдап журдим бирак УЗИ де айткан уакытысында босандым . Сондыктан шубатын иштим деп уайымдамасаныздар болады. Ем болсын дениздер .
0 дауыс
Казак айтса бекер айтпайды. Бирак уайымдаманыздар, алып бала дуниеге келгеннин неси жаман, сал киындау болар енди босанганда
0 дауыс
Мен казир. 36 аптадамын туйенин етин жегим келип жур калай болар екен. Кей биреулер айтат негизи ойына алмай жег
0 дауыс
Мен де түйенің сүтін  іштім 4-5 ай шамасында. Баланы жоспарлап көтерген болатынмын сондықтан овуляция уақытын барін  анық болғандықтан дəрігер уақытынан шатасуы мүмкін емес, жəне суың көп ертерек босанасын деген, алайда 41 апта болды толғағым əлі жоқ қорқып журмін. Енді переношенный деп направление береміз деп жатыр. Түйенің сүті шынымен əсері барма деп ойлап қалдым соңғы уақытта, бұрын мұндайға сенбеуші едім((
...