Мысық неге арқасымен құламайды?

+2 дауыс
3.0k қаралым
Үйде кiшкентай мысық бар. 3 жасар сiңілiм қолынан тастамайды. Бiр қызығы сол мысықтың арқасымен құлағанын көрген емеспiн. Қанша лактырып жiберсе де, төрт аяғымен дiк етiп түседi. Мысық неге арқасымен құламайды?
Жануарлар
мысык аркасымен куласа олип калады..

3 жауап

+4 дауыс
Жақсы жауап

Нью-Йорк қаласында үйдің 32 қабатынан құлаған мысық өлмей тірі қалған. Осындай биіктіктен құлаған мысықтардың 132-сінің ІІ-і ғана өлетін болып шықты. Яғни, үйлер неғұрлым биік болса, мысықтардың да сақтану мүмкіндігі солғұрлым мол болады екен. Өйткені, құлап келе жатқан мысық өзінің қорғану, аман қалу «тетіктерін» көзді ашып-жұмғанша тез іске қосады. Ол бейне бір көзге көрінбейтін айналдырғыш аппарат тәрізді. Соның көмегімен ол арқасымен құлағанда да өз осімен айналып, аяқтарының табанын жерге төсей қоятын көрінеді. Жерге жақындағанда құлау жылдамдығы арта түскенімен, мысық табанын жайып жіберіп, аяғына түсетін күшті азайта алады. «Мысықтардың жоғарғы биіктіктен құлағанды «жақсы көретінінің» себебі де - осы арадағы қашықтықты «басып өткенше» біраз уақыт өтіп, денесіне жайлы болатындай етіп «қонудың» әрекетін жасап үлгіреді.

Ақпарат алынды!

"Мысықтардың жоғарғы биіктіктен құлағанды «жақсы көретінінің» себебі де - осы"
Қайдан алынған ақпарат?
+1 дауыс
Құлатуға болады!! Арқасына САРЫ МАЙ ЖАҚ СОНДА МЫСЫҚ Арқасымен Құлайды!!!
Белгісіз
Демек аяғымен түсетін себебі, табанында сары май бар болғаны ғой)))))
Иәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәә !! Арқасына Сары майды көп жағу кереккккккк
+2 дауыс

Кәзіргі уақытта Discovery Channel арнасынан болып жатқан "Көрінбейтін әлем" бағдарламасын қараңыз.

16:50 осы уақыттан бастап қараңыз ((Толық қарап шығуды ұсынамын қызықты ақпараттар көп))

http://vk.com/video_ext.php?oid=-19766190&id=159156528&hash=aa3cc8f48e4d8352&hd=3

Қалған екі видеосын қарау үшін осында өтіңіз.

Мысықтың аяғымен түсуіне құйрығы зор роль атқарады. Ол құйрығы арқылы 90-180-360 градусқа айналып түсе алады. Бұл табиғаттың мысыққа ғана сыйлаған қасиеті
127,720 сұрақ
322,372 жауап
153,238 пікір
72,716 қолданушы