Күн күркiрегенде қозықұйрық шығатыны рас па?

+1 дауыс
3.9k қаралым
Қозықұйрықта витаминдер көп болады дейдi. Онын, улы турлерi де болады екен. Сонын, улы ,улы емес екенiн калай ажыратады? Кун куркiресе козыкуйрык жердi жарып каптап шыгады дейдi ажем. Сол рас па?
• Санаты: Жануарлар

3 жауап

+1 дауыс
Жақсы жауап
Қозықұйрық – агарикалар тұқымдасына жататын қалпақты саңырауқұлақ туысының бірі. Қозықұйрық жер шарының барлық жерінде кездеседі, әсіресе, Франция, Америка, Ресейде көп таралған. 60-тан астам түрі белгілі. Қазақстанда Тянь-Шань, Жетісу (Жоңғар), Іле Алатауында, Солтүстік Қазақстан және Алтайда, органикалық заттарға бай орман, шалғынды жерлерде өседі. Жиі кездесетін түрлері: екі споралы Қозықұйрық (A. bіsporus), кәдімгі Қозықұйрық (A. campester) және далалық Қозықұйрық (A. arvensіs). Бұлардың қалпағы ақ, ақшыл сары немесе қоңыр түсті, сырты ұсақ қабыршақ қабатты жарты шар тәрізді болады. Қалпағының диаметрі 3 – 25 см, оның төмен жағында жұқа жамылғысы орналасқан. Аяқшасы (түбіртегі) түзу, тығыз, кейде бос, қуыс болады; ұзындығы 10 см, диам. 3 – 5 см. Етті, ақ түсті, жемістік денесінің жағымды иісі бар. Қозықұйрық жылыжайда ауа темп-расы 11 – 14ӘС, ылғалд. 80 – 90% болғанда 1,5 – 2 айда пісіп жетіледі. 300 жылдан бері қолдан өсіріледі. Екі споралы Қозықұйрық – жеуге жарамды, оның құрамында 45%-дай белок болады. Қозықұйрықтың 2 түрі (A. meleagrіs және A. xanthoderma) улы саңырауқұлақтың қатарына жатады
+1 дауыс
Естимеппн немесе суракка дурыс туснбедм!
+2 дауыс
Біздің ауыл жақ тауға жақын. Осындай мамыр айында жыл сайын жаңбыр жаууына қарай саңырауқұлақ теру маусымы болып тұрады. Анамдар тауға барып саңырауқұлақ тергенде айтатын: саңырауқұлақтар көк шалғында доп-домаланып өздері өсіп тұрады деп. Иа, әсіресе жаңбыр жауғаннан кейін саңырауқұлақтар көп өседі. Қазір сол қозықұйрықтардың, сондай-ақ басқа да саңырауқұлақтардың теру маусымы боп тұр. Базарларда сатылып жатыр.

Ал күн күркірегенде оның жерді жарып шығатыны туралы естімеппін.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
127,776 сұрақ
322,353 жауап
153,150 пікір
72,812 қолданушы