0 дауыс
657 көрілді
Сарыкенгир ауылындағы Алашахан кесенесне барып көрдіңдер ма? Алашахан ким?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Алаша хан, Алаш хан (б. з. б. 1164-1072) — көне қытай, араб деректерінде есімі аталатын тарихи тұлға. Тұран тарихын зерттеуші-ғалымдардың пікірінше Алаша хан (Бома хан) есімі қазақ, қырғыз, қарақалпақтың түп атасы ұғымын білдіреді. Шын мәнінде, ханның өз есімі Алаш болмауы да мүмкін. Денесіндегі даққа, не малының алалығына байланысты замандастары солай атаған болса керек. 18-19 ғ. Орта Азияға келген араб тарихшыларына түріктер өздерін Аламан, Алаш тұқымымыз деп түсіндірген. Ғылымда Алаша хан, Алаш хан туралы пікірталастар әлі бір шешімге келген жоқ. Аланша ханның малға таңба басып, ен салуды, некелік, жеке меншіктік жол-жоралғыларды енгізіп, елдің ынтымағын көздеген көсем болғаны күдік тудырмайды.

 

 

Алаша хан кесенесі — 12—13 ғғ. халық шеберлерінің қолымен салынған Қазақстандағы бірден-бір ерекше архитектуралық мазар.

Ол Қаракеңгір өзенінің оң жақ аңғарында, Малшыбай кешенінен 2 km жерде салынған.

Мазар төрт бұрышты етіп қызыл кірпіштен қаланған, күмбезді. Сырт көрінісі кірпіштен әр түрлі-кескінді өрнекпен қаланған. Өрнектің түрлері әсіресе кіреберіс бетінде шығыс кілемнің суретімен безендірілген.

 

Мазарды зерттей бастау Уәлихановтың «Қырғыз қайсақ молалары және жалпы бұрынғы туралы» атты мақаласынан бастау алады. (1855 ж.). 1868 жылы подполковник Красовскийдің "Область сибирских киргизов" атты еңбегінде ежелгі құрылыс туралы сипаттама пайда болады. Орталық Қазақстанның сәуле ескерткіштерін зерттеуге «Атбасарцветмет» тресінің бас геологы Қ.И.Сәтпаев атсалысты. Кейін ол академик атанды.

Ұқсас сұрақтар

...