+6 дауыс
11.9k көрілді
Жаңғақ ағашының түбінде демалсан, ұйыктап қалсаң, бет аузын, кисайып шайтан урып кетедi деп айтып отырады ажем уйдегi кiшкентай балаларга. Сiз естiгенсiз бе осындай тиымдарды? Алi пiспеген жангак,тын, кабыгын аршыган кезде колымыз кап-кара болып бiр бояу жугып калатыны бар. Ол не зат сонда? Жангактын, киесi бар ма шынымен алде бул гылыми тургыдан баскаша кубылыстарга жатама?

3 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап

Жаңғақ ағашы және оның өнімдері жаңғақ та көк кездерінде иодқа өте бай өсімдік. Сол иод ағаш өнімдерінің көк кезінде өте көптеп бөлінеді екен дағы жақын жердегі адамдардың ағзасын уландырады екен. Сол кезде адамның басы айналып,ұйқы басып,кей сәттерде құсуға да апарады.Көк жаңғақ қабығынан жұғатын зат сол медициналық жолмен өңделмеген иод. Балалар бұл қауіпті онша түсіне бермегендіктен апаларымыз сақтық үшін,қорқыту мақсатында әртүрлі қорқынышты тиымдар ойлап табуға мәжбүр болған. Тіпті жаңғақ ағашы  "өзін тіккен (еккен) адам өлгенше жеміс бермейді"-деген де сөз болған, бір қызығы бұған соңғы кездерге дейін үлкендердің өзі де сеніп келді. Оларды да апалары солай қорқытөқан ғой)))  Ал қазір екінші жылы ақ өнім бере беретінін бәрі біліп алды.

+1 дауыс
басын ауырып жынды болып қаласын , сондықтан демалуға болмайды..
+2 дауыс
Йа, естігем және соған сенем. Менің бір құрбым бар оның бір ағасы жаңғақ талдың астында жатып жаңғақтың гүл жарғанынба ұмытып тұрмын әйтеуір бір нарсесін көрген екен, талды қызықтап жатып талдың түбінде ұйықтап 3 күннен кейін қайтыс болыпты, тағыда жаңғақ тал жайлы біз шарбаққа жаңғақ тал еккенімізге көп жылдың жүзі өтсе де жаңғақ салмайтын бірақ тал жайнап жайқалып өсетін соны бір әпкемізге айтқан едік әпкем жаңғақ тал ең алғаш жаңғақ салатын болса оны балтаны алып кесіп тастаймын деп қорқыту керек екен, расымен көктемнің басында қорқыттық күзде алғаш рет жаңғақ салды))
ахахаха)) қызық екен)))))))
Көп жерде жаңғақ ағашын көшеттен емес, жаңғақтың өзінен өсіреді. Ол үшін жақсы, дәні толық, құлақ түбіне сілкігенде ішкі дәні солқылдамайтын бес өнімін таңдап алып, 40х40 етіп тереңдігін 30-40 см. шұңқыр дайындаймыз.  Ары қарай сол шұңқырдың түбіне жалпақ тас қойып. сол тастың үстіне әлгі бес жаңғақтың төртеуін қойып алып бесіншісін тура ортасынан пирамидаға ұқсатып қоямыз да аздап су құйып отырып көмеміз. Енді неге тас қойдық, неге бес жаңғақ деген сұрақтар туындауы әбден мүмкін. Тас қойылған себебі әлгі жаңғақтар тамыр салғанда тіке төмен қарай өсіп кетпей, жан - жаққа таралып өсуі үшін қойылады.Жаңғақ зәулім ағаш болғандықтан тамырлары тарамданып өссе діңі мығым тұрады, әрі тамыры тереңдей берсе күш сол тамырға кетеді дағы дән салуы кешеуілдейді. Ал енді бес жаңғақ еккеніміз бірі болмаса бірі әйтеуір көктер деген үмітпен ғой, бесеуі де көктесе ең мықтысын алып қалып қалғандарын жұлып тастау оңай.
...