0 дауыс
1.3k көрілді
Неге табыс салығы салынады?

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Жеке табыс салығы бойынша қаражаттардың түсімі (2001 жылға дейін - жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы) мемлекеттік бюджеттің барлық кірістерінің 6,6%-на жуығын алады.
Салық объектілері бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушілер болып есептеледі. Салық салу объектілері төлем көзінен салық салынатын та- быстар және төлем көзінен салық салынбайтын табыстар түріндегі табыстары болып табылады.
Салық салу объектілері Салықтық кодексте көзделген түзетулер ескеріле отырып, салық салуға жататын табыстар мен онда көзделген тәртіппен және мөлшердегі жағдайларда салық шегерімдері арасындағы айырма ретінде анықталады. Салық салынатын объект болып табылатын табыстардың сомасы салық салынуға жатпайтын табыстардың сомасына кемітіледі.
Cалық төлеушінің төлем көзінен салық салынатын табыстарына мыналар жатады: жұмыскердің табысы; жеке тұлғалардың салық агентінен түсетін табыстары; жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақылық төлемдер; дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыс; стипендиялар; жинақтаушы сақтандыру келісімшарттары бойынша табыс.
Жеке табыс салығын есептеуді салық агенті төлем көзінен салық салынатын табыстар бойынша,салық салуға жататын табысты есебіне жазу кезінде жүргізеді,ал табыс салығын ұстауды төлем көзінен салық салынатын табысты төлеу күнінен кешіктірмей жүргізеді. Салық агенті салық төленген табыстар бойынша салықты аударуды телем айынан кейінгі айдың 25-іне дейін өзі орналасқан жері бойынша жүзеге асырады. Салықтық кодексте көрсетілген қызмет түрлері бойынша арнаулы салық режімдерін қолданатын салық агенттерінің жеке табыс салығын төлеудің тәртібі мен мерзімдері белгіленген.
Салық төлеушінің төлем көзінен салық салынбайтын табыстарына мүліктік табыс, дара кәсіпкердің табысы, адвокаттар мен жекеше нотариустардың табысы және басқадай табыстар жатады. Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар бойынша жеке табыс салығын есептеуді салық төлеуші салық кезеңі үшін төлем көзінен салық салынбайтын табыс сомасына белгіленген мөлшерлемені колдану жолымен дербес жүргізеді. 2006 жылдың ортасына дейін жеке табыс салығының мөлшерлемесі баспалдақты үдеме бойынша жылдық есептік көрсеткішпен анықталатын табыстың мөлшеріне қарай 5 пайыздан 20 пайызға дейін белгіленген мөлшерлеме жұмыс істеді.
2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық төлеушінің табыстарына 10 пайыздық мөлшерлеме белгіленген. Қазақстан Республикасындағы көздерден және одан тысқары жерлергі көздерден алынған дивидендтер түріндегі табыстарға 5 пайыздық мөлшерлеме бойынша салық салынады.2006 жылдан Қазақстанда қолданылып келе жатқан практика жеке табыс салығын үйлесімді салуға жеткізді

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
0 жауап
Аноним 24.11.2016 Заң сұрақ қойды
0 дауыс
1 жауап
+2 дауыс
1 жауап
...