Жасанды тiстiң қандайын таңдаған дұрыс?

+3 дауыс
5.5k қаралым
Атам жақын арада жасанды тiс салдырмақшы. Сол алынып -салынып отыратын тiстердiң, қандайы жақсы? Карт адамга сауыты жумсактау турi кандай,икемге келетiн тiс протезiнiн, кандай турлерi бар? Жалпы жасанды тiстер кандай материалдан жасалады?
• Санаты: Тазалық

2 жауап

+1 дауыс
Жақсы жауап
Жасанды тістер . Медицина ғылымының ерте заманғы жаңалықтарының бірі екендігін археологиялық қазба жұмыстарынан білеміз. Алғашқы жасанды тістер ағаштың кейбір қатты түрлерінен, өгіз, піл сүйектерінен жасалған. Осы күнгі ең әдемі де берік материал — фарфор. Оның эстетикалық қасиеті жоғары әрі гигиеналық талғамға сай. Соңғы жылдары пластмассадан істелген тістер арзандығымен және жасалу жолының ыңғайлылығымен көп қолданылады. Сондай-ақ тот баспайтын болат, алтын қорытпасынан және металды керамикалық тістер әдемілігімен және беріктігімен ерекшеленеді.

Ғалымдар жоқтан бар жасауды үйреніп келеді. Жасанды тісті барынша мінсіз етуде ағылшын ғалымдарының еңбегін атамай өтсек әділдік болмас еді. Қаралушының тіс үлгісін пайдалана отырып жасалған гибридтің адамның табиғи тісінен өзгешелігі жоқ. Ғалымдар болашақта ауру тістер мен түсіп қалған тістердің орнына жаңа әрі тірі тіс қою мүмкін болады деп болжапты.

Тіс жиегінен алынған жасушалары мен тышқан эмбриондары бойынша жасалып шыққан «гибридті тіс» зертханалық тышқанның жағында өсіріліпті.

Зерттеушілер адам жағында дәл осылай тіс өсіру мүмкін болатын болса – бұл жаңалық ғылымдағы басты жаңалық болады деп сенеді. Соңғы бірнеше жылда ғалымдар ауру немесе түскен тістің орнына фарфор қалбырын темір қысқыштар арқылы қондыру мәселесімен айналысқан екен.

«Басты мақсатымыз – тіс өсіретін жасушаларды табу болып отыр. Бұл клеткаларды тапқан соң біз оны науқастың жағына қоныдарамыз. Ал ол өз кезегінде жақпен байланыс жасап, табиғи түрде тіс өсіріп шығарады» деп түсіндіреді Лондонның Корольдік колледжінің профессоры Пол Шарп.

Шарптың айтуынша, «био-тіс» адам тіс жиегінің клеткалары мен тышқанның стволдық жасушаларын араластыру тістің өсуіне ықпал жасап, оның жақпен қабысып кетуіне әсер етеді екен.

Бұл жаңалық стоматологиялық зерттеулер журналында басылған. Ең бірінші био-тісті тіс трансплантологиясында қолдануға болмайды. Себебі оның құрамында жануарлардан алынған заттар бар. Сөйтіп, бұл тәжірибе тірі тіс жасауға болатынын дәлелдеп берген.

Осы ақпараттарды оқып көріңіз. Септігі тиер.

Ақпараттар мына жерлерден алынды: http://massaget.kz/bastangy/Zdorove/8903 http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D0%B0%D1%81%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D1%8B_%D1%82%D1%96%D1%81%D1%82%D0%B5%D1%80
+2 дауыс
Бұрынырақ алынбалы- салынбалы табақшалы протездер каучуктан жасалатын, ал қазір стоматологиялық акрил пластмассасынан дайындалады, сондықтан да құрастырма көпке дейін өзінің пішінін, түсін, тығыздығын, беріктігін сақтап тұрады (каучуктан жасалған протездің бір кемшілігі - ауаға желінетін) менің апам пластмассадан жасалынғанын пайдаланады.
127,779 сұрақ
322,355 жауап
153,150 пікір
72,816 қолданушы