0 дауыс
4.3k көрілді
Егер диетолог болу ушін: 9 дан кейін МАБтан өте алмай қалсаң не болады? Маб қиын болады ма? Бұл маман үшін биология жақсы оқу керек пе? Мен Университет оқу үшін,9 дан кейін кетіп колледжге екі жыл сосын университет оқып диплом алып маман иесі болуға болады ма? Мен алгебра геометрия,физика химия деген сабақтардан төменмін маған бұл сабақтар қиын,биология 3 алатын кездерімде болады, бірақ енді қалай болады? Диетолог жұмысы көп табылады ма,әлде жұмыс аз жоқ па? Бұл мамандық қанша курс қанша жыл оқиды? Бұл жұмыстың айлығы қанша? Бұл жұмыстың қызметі қалай мысалы кейбіреулер укол салып жатады,ал диетолог не істейді? Бұл жұмыстың жұмысы көп па?өмірдегі Ең толық адамның салмағы қанша? Диетолог болу қиын ба,жұмысы көп табылады ма?

1 жауап

0 дауыс
Мабтан өтпесең 11 ге қаласың....2 алмасаң болды..және Маб былай тұрсын колледжге тапсырғанда тест тапсырасың ) Ол былай тұрсын Колледждден кейін сен Кешенді тапсырасың яғни Ұлттық біріңғай тестілеу.Медуниверді 4-5 жылда оқтсың егер грантқа түссең әрине.Түспесең қырғын ақша төлейсің.

http://www.testent.ru/publ/informacionnii_razdel/granty_v_kazakhstane/tablica_raspredelenija_grantov_na_2012_2013_uchebnyj_god/23-1-0-2549

мына жерде грант тізімі жазылған.Биологияны сосын ең бастысы Ағылшынды таза білуің керек себебі Ағылшынша термин сабақ өтесіңдер медицинада. Латын тілін үйретеді сендерге.

Диетолог, емдәмгер - ауруханаларда немесе санаториялық-курорттық мекемелерде қызмет істейтін, тиімді емдік-тамақтану мәселелері бойынша дайындалған дәрігер-маман

 

Диетология (грек. dіaіta – тіршілік салты, тамақтану тәртібі және logos – ілім) – сау және науқас адамның тиімді тамақтануын, дұрыс тамақтандырудың ғылыми негіздерін және оны ұйымдастыру әдістерін зерттейтін ғылым.

Диетологияның ғылым ретінде пайда болуы Гиппократ есімімен байланысты. Диетология тағам гигиенасымен тығыз байланысты. Қазақстанда диетология емдеу-профилактикалық мекемелерде, демалыс орындары мен санаторийлерде диетологиялық қызмет көрсету ісін ұйымдастыруға байланысты 1930 жылдан дами бастады. Диетология саласындағы зерттеулерді 1973 жылдан Қазақстан Ғылым Академиясының Тағамтану институты (қазіргі «Тағамтану институты» жабық акционерлік қоғамы) үйлестіріп отырады. Диетолог мамандар даярлау мәселесімен Алматы қаласындағы Дәрігерлердің білімін жетілдіру институты (1982 жылдан) және Қазақ ұлттық медицина университетінің тағамтану кафедрасы (1994 жылдан) шұғылданады. Ас қорыту органдарының ауруларын, адамның шектен тыс семіріп кетуін, т.б. тағаммен емдеудің биохимиялық, клиникалық негіздері зерттелді (В.Б.Максименко, Е.Изатуллаев, Б.Салханов). Қымыз бен шұбаттың, жылқы етінің шипалық қасиеттері анықталып, олармен емдеу тәсілдері табылды (Т.Шарманов, А.Жанғабылов). Емшектегі балаға арналған «Балдырған», «Балбөбек», «Биолакт-1», «Биолакт-2», «Жігер», «Ша-Фе», т.б. емдік-профилактикалық қасиеті бар сүт өнімдері мен сусындар шығарылып, баланы тамақтандыру ісіне пайдаланылды (Шарманов, П.В. Федотов). [1]

Ең салмағы жоғары адам 560 килограм Мануэль Норэ.
...