+2 дауыс
3.0k көрілді
Турасын айтсаң туғаныңа жақпайсың деген пікірмен келісемісіз? Жалпы шындықты бетке айтуға көзқарасыңыз?

4 жауап

+1 дауыс
Әрине,шындық кімге ұнаған, әсіресе сенің шыныңды ақтарып салса.
+2 дауыс
Негізінен бұл мақал былай бастау алған: Тура биде туған жоқ! Яки сен жақыныңның бір ісінің дұрыс еместігін біліп, дұрыс жақты меңзесең әрине туғаныңа жақпайсың. Ол адам: ағайынын ұмытып басқа істі біреудің пайдасына шешті,- дейді. Қашанда шындық айтылу керек. Ол-өмір қағидасы!
+2 дауыс

Негізі "Тура биде туған жоқ" - деген мақал әділ қазыларға, соттарға, тағы сол сияқты адам тағдырын шешуге тікелей қатысы бар адамдарға қарата айтылған. Егер сен туған-туысыңа,жақын-жуығыңа бұра тартсаң әділдігіңнен не пайда деген сөз болар. Мақал осымен ақ бидің,соттың,қазының қолындағы биліктің қаншалықты салмақты, мойнындағы парыздың қаншалықты ауыр екенін ескертіп тұрғандай.

Ал шындықты бетке айтуға деген пайымдауыңыз  қандай?
Шындықты бетке айту үшін де ақыл,тактика керек шығар деймін. Шындық айтқан осы деп бар жақын-жуықтың мінін бетіне шыжғырып баса берсек әрине күндердің күнінде жанымызға ешкім жуымасы айдан анық. Сондықтан да барынша сақ болған жақсы болар деп пайымдаймын.
Дұрыс ақ
+1 дауыс
Адамға өтірік айтсаң - сенімді жоғалтасың. Шындықты айтсаң - адамды жоғалтасың.

Ұқсас сұрақтар

...