+1 дауыс
1.5k көрілді
Қас пен көздiң, арасында жоқ болып кететiн айкидо шеберлерi жайлы бiлгiм келедi? Айкидоны кiм ойлап тапқан? Орталарыңызда осы жойқын күрес түрiмен айналысатындар бар ма?

1 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Айкидо – шығыс жекпе жегінің бірі. Негізін қалаушы Морихэй Уэсиба. Бастауын самурайлардан алады. Қазір Айкидо барлық адамдарға қолжетімді. Кезінде бұл өнер тек тұйық ұстаздан оқушыға ғана беріліп отыратын. Жоғары тап – самурайлар ғана айкидо тәсілдерін білетін. Қазір бұл бейбітшілікті таратудың құралы. Себебі бұның басқа жекпе-жектерден айырмашылығы мұнда шабуылды үйретпейді. Тек қорғанысты ғана. Айкидокалардың (Айкидомен айналысушылар)  идеясы бар – бұл өнерді дүние жүзінен кеңінен тарату, сол арқылы жер бетінде бейбітшілік орнайтыны хақ. Келіспеуге болмайды әрине, себебі жоғарыда айтылып өткеніндей бұнда тек қорғанысты үйретеді.
Жапондықтарда бір қанатты сөз бар: «Дзюдо – барлық адамдарға, Каратэ – кейбірлеріне, Айкидо – тек таңдаулылар үшін ғана». Қазіргі кезде бұл пікір демократияға байланысты өзектілігін жоя бастады. Дегенменен… Айкидода жарыстар өткізілмейді. Тек таза өздері үшін ғана айналысады. Нәтижені бірден күту әбестік болар. Өйткені бұл өнерді түсініп игеру үшін өте көп жылдар керек және де түбіне  жету мүмкін емес. Өте үлкен шыдамдылықты қажет етеді. «Айкидо — таңдаулылар үшін ғана» деген сөздің сыры осында жатқан болар.
...