1 ... 11 12 13 14 15 16 17 18 19
Керқұла атты Кендебай.
Қатысушылар:
Шал 60-70 жаста
Кішкентай бала – қарияның немересі
Кендебай – батыр
Қойшы бала
Ханның екі баласы
Тойдағы қонақтар.
І көрініс
(Шымылдық ашылады. Сахнаның бір шетінде қария мен немересі отыр)
Бала:
Ата, ата, Кендебайдың жалғасын айтшы.
Қария:
Қазір, шырағым, қай жерінде тоқтап едік, есіме түсірші.
Бала:
Кендебай батыр қасқырдан құлынды тартып алып, үйіне әкелмей ме?
Қария:
Иә, иә, ұмытпапсың. Содан Кендебай құлынды үйіне алып келіп, оны құланның сүтімен асырайды. Құлын сағат сайын емес, сәт сайын өсіпті. Алты айда алты кез ат болыпты. Аттың түсі керқұла болыпты. Керқұла қуса жетіп, қашса құтылатын аузымен құс тістеген ерен жүйрік болыпты. Кендебай осылай аң аулап, ел аралап жүре беріпті. Ол мейлінше қайырымды болыпты, жылағанды жұбатыпты, жатсынуды сүймепті, табысына бүкіл ел ортақ болыпты. Керқұла атты Кендебай батыр атанып, әлемге аян болыпты. Күндерде бір күн Кендебай аң аулап, алысқа ұзап кетіпті.
(Сахнаға батыр киімін киген Кендебай шығады, оған қарсы бір бала кездеседі. Баланың киімі өрім-өрім, жылап жүр)
Кендебай (балаға жақындап):
Көзің жасты, көкірегің қайғылы не еткен жансың?
Бала:
Ардақтаған анаңды алса, төгілмей ме ырысың. Асқар таудай әкеңді алса, көрген күнің құрысын.
Кендебай:
Не болды? Жөндеп айтшы?
Бала (жылап, күрсініп):
Мен Мергенбай деген батырдың жалғыз баласы едім. Қазір алтыға шықтым. Биыл төртінші жыл, елімізге жау тиіп, жылқы біткеннен тігерге тұяқ қалдырмай айдап кетіпті. Әкем алып ұйқылы батыр еді. Ұзақ жортуылдан келгенде алты күн қатарынан ұйықтайтын. Осы ұйқыда жатқанда әкемді жау әскерлері байлап әкетті. Әкемді арашаламақшы болып жетіп барған шешемді қайырымсыз жау алдына өңгеріп әкетті. Мен жетім қалдым. Амалсыздан Тасқара байдың қозысын бағып жүрмін. Мен әке-шешеме жылаймын, бай малына жылайды.
Кендебай:
Олай болса, жылама. Мен әке-шешеңді іздеп тауып беремін.
Бала (қуанып):
Рахмет, аға, онда біздің қойшылардың қасына екі.үш күн жатып тынығыңыз, содан кейін жүрерсіз.
Кендебай:
Мақұл, тілегенің болсын.
(Шымылдық жабылады)
ІІ көрініс
(Шымылдық ашылады. Сахнада тақта отырған хан, алдында екі ұлы тұр)
Хан:
Не көріп, не білдіңдер? Бие құлындады ма?
Балалары (бірге):
Бие құлындаған да жоқ, еш нәрсе болған да жоқ.
(Осы кезде Кендебай кіріп келеді)
Кендебай:
Дат, тақсыр!
Хан:
Датың болса айт!
Кендебай:
Мен айтсам, бұлардың айтып отырғаны өтірік. Бұларға көрінбей мен де күзеттім. Түн ортасы кезінде екі балаңыз ұйықтап қалды. Таң алдында бие бір алтын құйрықты, құндыз жүнді құлын туды. Аспаннан бір бұлт үйіріліп келді де, оны көтеріп ала жөнелді. Мен құйрықтан шап беріп ұстай алдым. Бұлтпен араласқан үлкен құс құлынды алып кетті де, құйрық менің қолымда қала берді.
Хан (асығыс):
Құйрық қайда?
Кендебай:
Тақсыр, сабыр етіңіз. Мен алтын құйрықты пайда қылғым келсе, сізге айтпаймын ғой, міне, құйрық (Қойнынан құйрықты алып шыққанда үй іші жап-жарық болып кетеді).
Хан:
Қазір үшеуің іздеп шығып, құсты да, құлынды да тауып келіңдер. Таба алмасаңдар, менің маңымды көрмеңдер!
(Үшеуі шығып кетеді. Шымылдық жабылады)
ІІІ көрініс
(Шымылдық ашылады. Сахна бірінші көріністегідей, қария мен оның алдында жатқан немересі)
Қария:
Жеті басты дәуді, ақырған арыстанды, жәдігөй кемпірді өлтірген Кендебай Керқұла аттың ақылымен кемпірдің ордасында үш-төрт күн демалып, жәдігөйдің асыл қазынасын жинап алып, Керқұла аттың алдына алтын науаны салып, алтын құйрықты құлындарды ертіп, аман-есен ханның үйіне жетеді. Хан қуанып үлкен той жасайды. Тойға түк таба алмай ханның балалары келеді.
(Осы кезде сахнада ерсілі-қарсылы жүгірген адамдар, айқай-шу, оларға хан балалары қосылады. Тынышталған кезде хан қасында отырған Кендебай көрінеді)
Кендебай:
Мен хан баласы емеспін, адам балысымын. Өз атым Кендебай, ел мен Керқұла атты Кендебай деп атайды. Сіздің еліңізге ерігіп келгенім жоқ, жұмыспен келдім. Екі бірдей жоқ іздеп жүрмін... Намыс іздеп жүрмін, рұқсат болса айтайын.
Хан:
Айт, айт, балам!
Кендебай:
Бұдан бірнеше жыл бұрын сіздің жорықшыларыңыз елімізді шауып кетіпті, малымызды айдап, қолға түскен батырымызды байлап алып кетіпті. Міне, сол батырды босатып әкетпек болып келдім. Бұл - бірінші. Екінші жоғым мынау. Бір күні малда жүргенімде аспандап ұшқан алты аққудың біреуінің алтын кебісі менің қолымда қалды. Сол алтын кебіс сіздің елдікі дейді. Соны табыс еткелі келдім (Ханға кебісті ұсынады).
Хан:
Дұрыс, балам! Сіздің елдің малын айдатып, батырын байлатып алдырғаным рас. Мергенбай батыр әйелімен екеуі біздің қолда. Зынданда жатқан Мергенбайға: “Маған қызмет етсең босатам”, - деп елші жіберіп едім, қасарысқан батыр екен. “Жауыма қызмет етпеймін. Қол-аяғымды босатсаң, содан соң сөйлеймін”, - деді. Босатуға қорықтық. Ондағы мақсат сені қолға түсіру еді. Сені алдырып, құлынымды қоймайтын қара құсқа жұмсамақ едім. Өзім іздеп таба алмаған соң, намысы болса іздеп келер деп едім. Одан кейін де екі жылдай келмедің, содан соң алты қызым сені іздеп барған болатын. Бұл менің кіші қызымның кебісі. Енді сенің алдыңа қояр тағы бір шартым бар.
Кендебай:
Ол қандай шарт?
Хан:
Дүниеде жеті басты дәу бар, ақырған арыстан бар, жалмауыз кемпір бар. Осы үшеуін өлтіріп, бастарын алып кел. Осыны орындасаң, батырыңды босатамын, малыңды өзіңе қайтарамын. Кіші қызымды беріп, күйеу етемін.
Кендебай:
Шартыңызы осы болса, ол орындалды (қоржынынан арыстанның аузын, кемпірдің басын, жеті басты дәудің көздерін ханның алдына төгіп тастайды). Міне, арыстанның аузы, мынау дәудің көздері, анау кемпірдің басы.
Хан (қуанышпен орнынан тұрып):
Рахмет, батыр (сахнаға қарап): Босатыңдар зынданда жатқан Мергенбй батыр мен оның жарын, азат етіңдер қолға түскен басқа да адамдарды. (Екінші жағына қарап): Көрші елдерге хабар беріңдер, хан кіші қызын Кендебай батырға қосады деп. Дайындалыңдар ертеңнен бастап біздің елде отыз күн ойын, қырық күн той болады. Ешкім де шет қалмасын! Бәрі келсін!
(Шымылдық жабылады)
ІҮ көрініс
(Шымылдық ашылады. Сахнада қария мен оның алдында жатқан немересі)
Қария:
Содан ата-анасына қосылып, бала қуанады. Баласына қосылып, ата-ана қуанады. Кендебай тұрғанда елге ешбір жау тие алмайды. Сөйтіп бұл ел Керқұла атты Кендебайдың елі болып атаныпты. (Немересіне қарап): Мұрат, сен де өскен соң Кендебай секілді батыр боласың ба? Мұрат, Мұратжан... Ұйықтап қалыпты. Қой, төсегіңе жатқызайын (немересін көтеріп, шығып кетеді).
(Шымылдық жабылады).
Тақырыбы: «Азаттық жолы аяқталмайды» (жоғары сынып оқушыларының қатысуымен қойылған театрландырылған көрініс).
Қатысушылар:
Көтібар батыр - Марат Қарпықов (10«а» сыныбы)
Асау батыр - Медет Көшкінбаев (10«б» сыныбы)
Қарт батыр Байдалы - Шаттық Берікбаев (10«ә» сыныбы)
Қарақай ахун - Берекет Тәжібаев (10«б» сыныбы)
Қайдауыл батыр - Рүстем Ильясов (10«ә» сыныбы)
Жәлімбет батыр - Серік Саттарқұлов (11-сынып)
Сары Шонай - Айдарбек Сейталиев (10«а» сыныбы).
Өтетін орны: Мектептің акт залы.
Тәрбие сағатының барысы:
Көтібар батыр сөз бастайды:
Уа, ағайын, аз қызықты көп болып бөліскендеріңе разымын. Көкейде жүрген күпті сөз осындайда ортаға түссе, пәтуасы болар. Бүгінгі нәресте ертең ер жеткенде не етер дейсің? Атадан қалған аманат - ұлан-байтақ жеріміздің қалыңына қол салған ақ патшаның көмейі болар емес. Иен далаға ентелеп, бекініп жатыр. Бұл өзі кешегі Сырымдар бастаған ереуілдің соңын байқайтын күн көрінбейді. Отша ұшқан зеңбіректің дауысынан үріккен ел елеңдеумен күн кешер ме екен дейсің? Қыр астында түрікпен, көкейінде етегі жабусыз жатқан қазақтың байтақ жері екен.
Асау батыр:
Сөзің сөз-ақ, батырым. Қаптаған жауға мызғымас бірлік қажет. Сан қолдың саласындай жатқан ел бір жұдырықтай жұмылып көрер едік, әуселесін. Ерлігімен емес, ептілігімен қақсатып жүр емес пе? Бірлік ұран, ел тұтас болар заман болар деп тілеймін.
Қарт батыр Байдалы:
Иә, халқымыз қашан бейбіт күн кешкен? Жеті атамызға дейін соғысқан қалмақпен арпалыста тас түйін болып жұмылған ауызбіршілік арқасында айдаһардың басын алдық. Бұрынғы өткен ата-баба арманы жер мен елдің тәуелсіздігін сақтау еді, құдайға