+1 дауыс
56.4k көрілді
шекарада деген тақырыпқа әңгіме керек еді.құрап берсеңздер алдын-ала рахмет айтамын.

6 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Шегенделген шекара – ұлттық қауіпсіздік кепілі

Елбасының бастамасымен қабылданған Қа­зақ­­станның 2030 жылға дейінгі даму стра­те­гиясында еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамт­а­масыз ету туралы үлкен саяси міндет қойылған болатын. Онда бұл міндеттің орындалуы мемлекеттік егемендікті сақтаудың, аумақтық тұтас­тықты және шекараның мызғымастығын қамта­масыз етудің кепілі ретінде атап көрсетілген. Міне, сондықтан да егемен 20 жыл ішінде еліміз қол жеткізген ұланғайыр табыстарының бірі ел аумағының тұтастығын бекіткен әрі оны мызғымастай етіп шегендеген шекарасы болып табылады. Бүгінгі таңда бұл – бүкіл әлемге танылған, танылып қана қоймай, қалтқысыз мой­ындалған фактор. Соны­мен қатар, бұл – ұлтымыздың тарихында бұрын-соңды болма­ған, мемлекеттілігімізді айшық­тайтын баға жетпес құндылық.

Егемендік алған сонау 1991 жылы бұрынғы Кеңес Одағы кезінде белгіленген шекарала­ры­мыз түгелдей ашық-шашық жатқан болатын. Сон­дықтан да тәуелсіздіктің бастапқы жылда­рында Президент Назарбаев белгілеген сыртқы саясат­тағы басымдықтардың ішінде, әсіресе, шекара­ларды межелеу, оларды халықаралық тұр­ғыдан заңдастырып алу ең кезек күт­тір­мей­тін мәселе болатын. Өзінің 1996 жылы халыққа арнаған Жолдауында тәуелсіздіктің алғашқы бес жылын қорытындылай келе, Елбасының: «Халықаралық ауқымда танылмайынша, әлем­дік қоғамдастық тарапынан қауіпсіздік, аумақ­тық тұтастық пен шекаралардың мызғымай­тынына кепілдік ал­майын­ша, мемлекеттіліктің қалыптасуы, егемендік, экономикалық реформалар, әлеуметтік сала­ны дамыту туралы әңгіме қозғау құрғақ сөз болып қала береді», деуі соның дәлелі.

Осы қағиданы басшылыққа ала отырып, біздің ел бұрынғы Кеңес Одағы тарап кеткен сәтте ше­караларды ресімдеу үшін Қытай Халық Рес­пуб­ли­касымен, Қырғыз Республикасымен, Ресей Фе­де­рациясымен, Түркіменстанмен және Өзбек­стан Рес­публикасымен келіссөздерге белсене кірісіп кетті.

1991 жылға дейін Қытаймен байланысты келіссөздерді осы елмен шекаралас бұрынғы одақтас республикалар өкілдерінің қатысуымен құрылған кеңестік үкімет делегациясы жүргізіп келсе, 1992 жылдан бастап Қазақстан Республи­касы өз делегациясын жасақтап, Қытаймен шекара мәселелері жөніндегі келіссөздерді егемен ел ретінде қолға алды. Екі елдің арасындағы шекараларды делимитациялау туралы келіс­сөздер 1992-1998 жылдары өтіп, демаркация 2002 жылы толығымен аяқталды.

Келіссөздерге бұрынғы Ресей империясы мен Қытай арасында XIX ғасырда жасалған сегіз шарт пен хаттамалар негіз болды. 1994-1999 жылдар арасында Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасында өткен келіссөздер нәтижесінде екі елдің мемлекеттік шекарасының өту сызығын және оның шек­аралық белгілермен белгіленуін нақты анықтап, әрі егжей-тегжейлі сипаттап беретін халықара­лық бес келісім жасалды.

Демаркациялық жұмыстарды алты жұмыс тобы 1992 жылдың шілдесінен бастап 2001 жыл­­дың желтоқсанына дейін жүзеге асырып, 2002 жылы Пекинде Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытайдың Сыртқы істер министрі Цзясюан екі ел үкіметтері арасындағы Қазақстан-Қытай мемлекеттік шека­ра­сының сызығын демаркациялау туралы Хат­тамаға қол қойды.

Ия, бір қарағанда бұл нәтижеге оп-оңай қол жеткен сияқты болып көрінуі мүмкін. Ал шындап келгенде, бұл – нағыз ерлікке тұратын Елбасы­ның сындарлы сыртқы саясатының жемісі екенінде күмән жоқ. Бұлайша түйіндеуге үлкен негіз бар. Мәселен, Қытайдың ішкі-сыртқы саясатын терең білетін, 1995-2001 жылдары Қазақстанның Қы­­тай­­­дағы Төтенше және өкілетті елшісі, ал кейінгі он жылда Сенат депутаты болған белгілі саясаткер, танымал қоғам және мемлекет қайрат­ке­рі, сая­сатшы ғалым Қуаныш Сұлтановтың: «Қа­зақ­тың жаңа дәуірі» («Елорда», 2010) атты сарап­та­ма­лық туын­ды­сынан жоғарыда айтқан пікірлерге дәлел болатын соны мағлұматтарды кездестіреміз.

Мысалы, жүздеген жылдар бойы мойын­дал­май келген біздің терр­и­­ториялық тұтас­тығы­мыз­ды Қытайдың мой­ындап, шекаралық келісімге қол қойғаны қатты таңқалдырады. Себебі, Қытаймен шекаралас 15 мемлекеттің ішінде Қа­зақстан Қытай үкіметінің келісімімен 100 пайыз шекара аумағын тиянақтап алған жалғыз мемлекет екенін аңғара­сың. Сосын тарихта өзімен шекаралас елдердің ешқайсысымен шекаралық келісім жасауға Қытай­дың ешқашан мүдделі бол­мағаны аталған еңбек­те орнықты айтылған.

Ал басқа көршілес елдермен шекара мәселе­лері қалай реттелді деген сауалға келетін болсақ, ол туралы мына жайлар­ды айтуға болады. 1991 жылғы 21 желтоқсандағы Алматы Декларациясы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберіндегі ынтымақтастық қағидаттарын сақтау туралы 1992 жылғы 14 ақпандағы декларация, ТМД-ға қатысу­шы мемлекеттердің егемендігін, аумақтық тұтас­тығын және шекараларының мызғымастығын сақтау туралы 1994 жылғы 15 сәуірдегі декларация, басқа да екіжақты құжаттар, одақтық және респуб­ликалық деңгейдегі Жоғарғы Кеңестердің заң актілері бұрынғы КСРО-ның әкімшілік-ау­мақ­тық шекарасын межелеуді тану қағидаттарын бекіткен жалпы сипаттағы құқықтық құжаттар назарға алынды. Осы құжаттарға сәйкес, тараптар бұрынғы одақтас республикалардың арасындағы әкімшілік-аумақтық межелеуді шекаралық келіс­сөздер­де бас­ты негіз етіп алды.

Бұрынғы одақтас республикалардың арасын­дағы әкімшілік шекаралардың бәріне ортақ кемшілік ретінде ондағы кейбір учаскелердегі іс жү­­зінде орныққан шекара сызықтары қолда бар құ­­­қықтық актілердің ережелеріне сәйкес келмейтіндігін айтуға болады. Мұндай жағдайларда тараптар ұлт­тық және экономикалық мүдделерді ескере отырып, өзара тиімді шешімдер қабылдады, ау­мақтарды теңдей бөлісті немесе алмасып отырды.

Қазақстан тарапының мемлекеттік шекараны делимитациялау бойынша жүргізген жұмыстары Үкіметтің Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасымен, Ресей Федерациясымен, Түркі­менстанмен және Өзбекстан Республикасымен мемлекеттік шекарасын делимитациялау жөнін­дегі Қазақстан Республикасының үкіметтік ко­мис­сиясы туралы 1999 жылғы 1 қыркүйектегі қаулысына сәйкес жүргізілді.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі комисссияның құрамына мүдделі министрліктер мен ведомстволардың, облыстық, ау­дан­дық және ауылдық әкімдіктердің өкілдерін кір­гізе отырып, тиісті үкіметтік делегацияларды жа­сақтап отырды. Сарапшы ретінде әртүрлі меке­мелердің мамандары тартылды. Геодезистер, картографтар, жерге орналастырушылар мен гидролог мамандардан арнайы жұмыс топтары құрылды.

Қазақстан-Қырғызстан мемлекеттік шекара­сын делимитациялау жөніндегі келіссөздер 1999 жыл­дың қарашасынан 2001 жылдың желтоқ­са­нына дейін жалғасып, мемлекет басшыларының 2001 жылғы 15 желтоқсанда Астанада Қазақстан Рес­публикасы мен Қырғыз Республикасы арасын­дағы Қазақстан-Қырғызстан мемлекеттік шек­арасы туралы шартқа қол қоюмен аяқталды.

Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын делимитациялау үдерісі 2000-2002 жылдар ара­лы­­ғында өтті. Бұл процесті екі кезеңге бөлуге бо­л­ады. Бірінші кезең шекара сызығының 96 пайы­зын анықтап берген, 2001 жылғы 16 қарашада Астанада мемлекет басшылары қол қойған Қа­зақстан Республикасы мен Өзбекстан Республи­касы ара­сын­дағы Қазақстан-Өзбекстан Мемлекеттік шекара­сы туралы шартты дайындаумен шек­телсе, екінші кезең ортақ шекара сызығын анықтауды толығымен аяқтаған, 2002 жылғы 9 қыркүйекте Астанада Қазақстан мен Өзбекстан Президенттері қол қойған Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелері туралы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы шартты әзірлеумен аяқталды.

Қазақстан мен Түркіменстанның мемлекеттік шекарасын делимитациялау және оны демаркациялау үдерісі туралы шартқа мемлекет басшылары 2001 жылғы 5 шілдеде Астанада қол қойды. Ортақ шекараны демаркациялауға бағытталған іс-шаралар 2003 жылы басталды, ал шекаралық белгілерді орнатуға тараптар 2005 жылы кірісті. Шекара сызығы 278 белгілермен тиянақталды.

Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын делимитациялау туралы келіссөздер 1999 жылдың қыркүйегінен 2005 жылдың қаңтарына дейін жалғасты. Қазақстан-Ресей Мемлекеттік шекара­сы туралы шартқа екі ел Президенттері 2005 жылдың 18 қаңтарында Мәскеу қаласында қол қойды. Шарт 2006 жылғы 12 қаңтарда күшіне енді. Екі ел арасындағы мемлекеттік шекараны демаркациялау жөніндегі бірлескен комиссия өз жұмысына 2007 жылғы шілде айында кірісті, ал 2009 жылдың мамыр айында тараптар ортақ шекара­ға белгілерін орнатуды бастады. Сөйтіп, Қазақстан-Ресей Мемлекеттік шекарасы туралы шартқа қол қоюмен Қазақстан өзінің құрлықтағы күллі шекараларын құқықтық тұрғыдан ресімдеуді толық аяқтады.

Тарихқа көз жіберсек, еліміз егемендікке қол жеткізген 1991 жылы Елбасының алдында тез арада оңтайлы шешімін таппаса, ел болшағын тежейтін, күрмеуі қиын әрі кезек күттірмейтін мә­селелер тұрған болатын. Солардың бірі Қазақ­станға бұрынғы Кеңес Ода­ғы­нан «мұра болып қалған» ядролық қарудың тағ­дыры еді. Көлемі мен күші жағынан бұл тажал қару сол кездегі Ұлыбритания, Франция және Қытай мемле­кет­те­рінің жаппай қырып-жоятын қаруының жиын­тық қорынан бірнеше есе асып түсетін. Сондық­тан да жаңа ғана егемендігін алған Қазақстан секілді жас мемлекеттің қолында қалған ядролық қару­дың мол арсеналы әлемдік геосаясаттың басын­да отырған алпауыттардың назарына бірден ілігіп, оларды да алаңдата бас­таған. Оның үстіне әлгі қаруды сақтап қалу немесе одан мүлде бас тарту төңірегінде ел ішінде де бір-біріне кере­ғар қоғамдық пікірлер қалыптас­ты. Дәл осын­дай қысылтаяң кезеңде Елбасымыз өте қысқа мерзімде ядролық қарумен байла­нысты стра­тегиялық мемлекеттік саясатты айқындап берді.

Тажал қарудың пайдасы мен зиянын тара­зылай келе, Президент Назарбаев әлемдік қо­ғам­дастықтың да, еліміздің де ортақ мүддесінен шығатын жалғыз шешімге табан тіреді. Бұл нағыз сарабдал шешім болатын. Оның дұрыс­тығын тарих толық дәлелдеді.

1991 жылғы 29 тамызда Президент Нұрсұл­тан Назарбаев әлемдегі ең ірі ядролық қару­лар­ды сынайтын Семейядролық полигонын жап­ты. Бұл тарихи шешім Қазақстанның ядролық қару саласындағы мемлекеттік стратегиялық саясаты­ның іргетасын қалап қана қойған жоқ, сонымен бірге, бұл бүкіл әлемдегі ядролық сынақ алаңда­рының жабылуына да бірден-бір түрткі болды.

1994 жылы Будапештте Еуропадағы қауіп­сіз­дік және ынтымақтастық ұйымының саммиті өтіп жатқан кезде Қазақстанның қауіпсіздігіне кепіл беретін тарихи Меморандумға қол қойыл­ды. Бұл әлемде бірінші болып ядролық қарулар­дан өз бетімен бас тартқан Қазақстанға тартыл­ған үлкен сый еді. Меморандумға ең алдымен Америка Құрама Штаттары, Ресей және Ұлы­британия қол қойды. Бұл мемлекеттер өздеріне Қазақстанның егемендігін, аумақтық тұтасты­ғын қамтамасыз етуге кепілдік беретін міндеттеме алды. Кейінірек мұндай кепілдік біздің елге Франция мен Қытай мемлекеттерінің тара­пынан да берілді. Сөйтіп, Елбасының сындарлы саясатының арқасында бұл күнде егемендігінің 20 жылдығын атап өтіп отырған Қазақ елі тарихи тұрғыдан өте қысқа мерзім ішінде шек­ара­сын шын мәнінде шегендеп, ұлттық қауіпсіз­ді­гінің іргетасын бекітіп, тұрақты дамудың сара жолына түсті.

Әділ АХМЕТОВ, сенатор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

+1 дауыс
1975-Жылы толық ортаны тауысып, «кедей, төмен орта диқандардың қайталай бергентарбиесін қабылдау» үшін ауылыма қайттым. Осы жылы 10-айда аудандық мәдениет, оқу-ағарту мекемесінің ұйғарымы бойынша өз ауылым Шарықты қыстағындағыбастауыш мектепке«жалаңаяқ мұғалым» болып орналасып, мұғалым сынды дәртені мойныма іліп, оқу-ағарту саласындағы 30 неше жылға созылған қоғамдық қызмет сапарымдыбастадым да кеттім.     Ол кезде Жеменейауданының Шығысқызарды көмунасына қарайтын менің ауылым Шарықты қыстағы Советодағымен аралығы небәрі 10 километрдей ғана келетін шектелген шекара район еді.Тіпті шекараға жақын орналасты дейтін менің ауылымды қойып, ол тұста біздіңаудан секілді шекара аудандарға басқа жердің адамдары «жолхат» арқылы әрең кіретін. Өзіміз де ауылдан басқажерлерге барар болсақ, «жолхат»алып жүретінбіз. Егер жаныңда осындай «жолхатың» болмаса, онда сені көрінген көк аттының өзі «Совет одағының шпионы» деп оп-оңайұстап алатын. Ал, ол «жолхат» ауылдағы пайсұр ( қоғам қауыпсіздік мекемесінің бөлімшесі ) деген орын жағынан берілетін алақандай ғанатаңбалы қағаз болатын. Мен ес білгеннен бастап біздің ауылда бір сақшыбөлімшесі бар болатында, олар осы күнгі аудан қалашығынан басталып, ол кезде «көне Жеменей» аталатын шекараның тақ түбіне дейін созылыпжататын әрі біздің ауылдың ортасын қақ жарып өтетін күре жолдан ары-бері өткендердің «жолхаттарын» тексеруді негізгі міндет ететін.Расында, ол шақта «Совет одағы сотсиял жиянгерлігі» біздің елдің бірден-бір негізгі жауы саналатын да, Маужушидың ( төраға Маудың )«Шинжаңға басты қауып Совет одағы дүзетімпаздарынан келеді» дейтін бір ауыз сөзі үнемі дәріптеліп жататын.Осыдан болар, ол кезде біз Совет одағы дүзетімпаздары дегенде екі қолымыздытөбемізге қойып қатты қорқатынбыз. Өте-мөтеСовет одағы шекарасына жақын, оның үстіне екі елді бір-біріне тұтастырып жатқан күре жолдың бойына орналасқан ауылда күн кешіпжатқан біздердің үрейіміз ерекше еді. Совет одағы сотсиял жиянгерлігі қай күнібасып кіріп қалады дегенде ішкен асымыз боймызға батпай, күнде дерлік алаңдаумен қорқыныш ішінде жүруші едік. Аудан қалашығына барып, жатақта жатып орталауоқыған кезімізде Мау жушидың «үңгірді терең қазып, астықты мол жинау» дейтін «ең жоғары нұсқауына» жабал үн қосып, соғысқа дайындық көру үшін алақыстай «дидау» ( жер асты үңгірі ) қаздық. «Путұң минбиң» ( әдеттегі халық жасағы ) болып, әскери машықтарға қатынастық. Толық ортағашыққаннан бастап, дәрежеміз бір саты жоғарылап, «ужуаң минбиңдердің»( қарулы халық жасағы ) қатарына қосылдық. Мойнымызға Жапоннан қалғанжаман бесатарды асынып, нысана аттық, гранат лақтырдық ... Шындығында ол кездегі мектептер бір жағынаноқушыларға әскери тәлім-тәрбие жүргізетін казармаға да ұқсап қалатын.Сонымен әркүнімізді қашан соғыс басталып кетедідейтін үрей мен қорқыныш ішінде жолға салатынбыз. Бұның сыртында ол кездебіздің енді бір үрейімізді алатын қорқыныш сол шақта ел ішінде қаптап жүргендейсезілетін «Совет одағының шпиондары» болатын. Ел арасында «пәленбай жерде Совет одағының бір шпионы дәретханада тісін қағып тұрғанжерінен ұсталыпты», «түгенбай жерде Совет одағының бір шпионы иен далада ұшып жүреді екен» деген сөздер жатақта жатып оқитын біздіңзәремізді зәр түбіне жіберетін. Бұған отқа май құйғандайболып, сабақтастардың түнде төсекке жатқанда айтатын«сырлы терезе», «ғажайып көбелек» қатарлы әңгімелері қосылып, қорқынышымызды тағыда бір биікке көтеріп тастайтын. Оның үстіне бізбен бірге жатақта жатып оқитынқыз оқушылар түн ортасында бірнеше рет «жатаққа шпион кіріп кетті» деп жатақтарынан дүркіреп қашып шыққан соң әлгіқорқынышымыз онан ары шарықтап сала беретін. Бір жылдары біздің ауданның аяқжағындағы құмды өңірге орналасқан «Бүркеу» деген жерде Совет одағымен екі арада територияталасы келіп шыққаннан кейін, ауылымыздағы жінтікті деген азаматтар әтіретқорасына біртұтас бағылатын аттар ішінен маңдайға басар аттарды ерттеп мініп,мойындарына мылтықтарын асынып, әлгі жер таласы болып жатқан Бүркеуге қарай топ-топ болып аттанғанда, бізге соғыс деген пәле осы таяу арада-ақ бұрқ ете түсетіндей әсер беретін де,жанымыз шырқырап-ақ кететін.Мен «жалаңаяқ мұғалым» болып орналасқан Шарықты бастауыш мектебінде «үлкен торы» және «кішкене торы» деп аталатын екі торы ат бар еді де, олардыкөбінде мектеп бастығымыз алмакезек мінетін. Кейде мектептің кәссірлік міндетінқосымша өтейтін мен де аудан қалашығынан ана-мына керек-жарақ әкелу және айлық алу жұмыстарына бола, әлгіекі аттың бірін ерттеп алып мініп кете беретінмін. Оның біреуін жазда әтіреттіңаттарына қосып, жайлауға шығарып жіберсек, біреуін қолда арқандап ұстайтынбыз.Ал, қыс түскенде осы екі аттың екеуі де қорада бағылады. Оларды қолда бағудағыең бір қиын мәселе олардың кеңірдектеріне қажетті шөп табу жұмысы еді. Ол кездеарнаулы шаппалығы болмаған мектеп үшін осы екі атты қыстай қорада бағып шығудеген расында қиын болатын. Сонымен жаз келіп, әтіреттің шөп шабу науханыбасталғанда біздің мектеп бастығымыздың да әтірет бастықтарына жалбаңдап, шөпсұрауы басталатын. Ол тұстары 40 неше ғана отбастарынан құралатын біздің ауылбір дадүй ( үлкен әтірет ), екі шияудүй ( кішкене әтірет ) болып құрыла қалғанеді де, екі шияудүйдің шаппалығы ауыл маңайында, ал, дадүйдің шаппалығыауылымздан 10 неше километр шалғайдағы Қытай мен Совет одағы шекарасы түбіндегі «Мойке» деген жерде болатын. Яғни 50-жылдарда ауданқалашығы болған, қазіргі күні «көне Жеменей» атанып, 186-туанның ( поліктің ) штабы тұрғанжерге барып,(бүгінгі Жеменей шекара өткелі ) 20 минутқа таяу жол жүрген соң кез болатын, дәлшакарадағы темір тордың түбіндегі шағын түбек дадүйдың шаппалығы еді. 1976-жылы8-айдағы шөп шабу науханы кезінде біздің мектеп бастығымыз дадүй басшыларынабарып, шөп сұраған екен, олар мектепке бір трактор шөп беруге мақұл болыпты әрібұның қарымжысы ретінде өздеріне шөп шабысатын бір адам қосып беруді ортағақойыпты. Ол кезде мектепте меннен басқа сыртқа шығып жұмыс істей қоятынеңбеккүш жоқ болатын. Меннен басқа екі мұғалима оған бара алмайтын. Соныменмектеп бастығымыз оларға мені қосып беруге мақұл болыпты.Солайымен «жарлық қатты, жан тәтті» дегендей енді мен жүгімді буып алдымда, әтіретмүшелерімен бірге дадүйдың шөбі шабылатын жер Мойкеге қарай бет алдым.Үлкендердің айтуларына қарағанда, «Мойке»деген сөз орыс тілінен келген болып, жүн жуатынжер дейтін мағынаны береді екен, Бәлкім, азаттықтан бұрын екі елдің арасындасауда-саттық қатты қызған бір тұстары бұл арада саудағасалынатын жүн жуылған болса керек. Осы жерді құлдап жарым сағаттай жүргендебіздің ауылға қоныстанған Ителі руының көп санды тұрғындары 50-жылдары мекенеткен, «Ноябір» ( тегіндегі аты Қутал ) аталатын елді мекен бар еді де, қазір ол арадаөндіріс-құрлыс биңтуаны ( әрмия құрамасы ) 186-туанының4-лияны ( ротасы ) тұратын. Ал, бұл арадан өрлеп , 10 неше минут жаяу жүргенде, бұрынғы ауданорталығы, қазіргі 186-туанның бас штабы  «көне Жеменейге» жетіп барасың. Осы «көне Жеменей»қалашығы менің кіндік кесіп, кір жуған туғанжерім болады. Өкінішке орай, 1962-жылы шекара уақиғасы туғанда біздің үйүкіметтің жарлығы бойынша шекара түбінен көшіп, бұл арадан оннеше километржырақтағы кілең Ителі руының адамдары отырақтасқан Шарықты қыстағына барыпқоныстаныпты.Бұл менің ес біліп, етек жапқаннан бері тұңғышрет шекара түбіне келіп, кіндік кесіп, кір жуған туған жерімді көруім еді. Екіелдің шекарасында екі жақтағы таудың суынан құралатын бір құлақтай ғана суы барөзенше болып, осы өзенше біздің ауданның батыс жағына орналасқан екі елдіңбірден-бір шекарасы есептелетін. Бәлкім, екі елдіңарасына шекара орнағаннан бері, өте-мөте1960-жылдардың басында шекараға жақын орналасқан тұрғындар шекара маңайынаналыстатылғаннан кейін, адам қолы көп тимегендігінен болар, біз шөп шабуғакелген Мойкедегі өзеншенің бойы тал мен теректерге сіресіп, сыңсып тұратын.Өзеншенің түбек-түбегеінде белуардан келетін қалың шөп өсетін. Олшақта мал бақпайтын биңтуан орындары шөп шаппайтын болғандықтан, осы бір тусыптұрған шаппалықты біздің дадүй жоғарыға айтып жүрып сұрап алған болса керек.Алғаш шекара түбіне келгенде маңайыма үдірейе детаңқала қарап қалдым. Дәл алдымыздағы тор те
0 дауыс

Ата-бабаларымыз сан ғасыр күресіп, армандап өткен тәуелсіздік тұғырының мықты болмағы көп жәйттерге байланысты. Соның бірегейі – Мемлекеттік шекара. Мемлекетіміз тәуелсіздігін алғаннан кейін Мемлекеттік шекараның мән-маңызы бұрынғыдан да арта түсті десек болады. "Қазақстан-2030" стратегиялық даму бағдарламасында ұлттық қаушсіздікке айрықша мән берілген. Ал ұлттық қауіпсіздік - Мемлекеттік шекараның беріктігімен тікелей байланысты шаруа. Үстаміздегі жылдың 18 каңтарында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Ресей Президенті Владимир Путинмен Қазақстан - Ресей Мемлекеттiк шекарасы туралы шартқа қол қойды. Еліміздің құрғақтағы шекарасының жалпы ұзындығы 14 мың шақырым болса, соның жартысынан астамы, яғни 7591 шақырымы көршілес ел Ресей арқылы өтеді екен.

Президентімiздің өткен ақпан айындағы "Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында" атты Жолдауында осынау маңызды тарихи оқиға туралы Елбасымыз: «Осыдан бір ай бұрын Мәскеуде қол қойылған Қазақстан мен Ресей арасындағы шекараны делимитациялау туралы шарттың тарихи маңызы зор. Тарихымызда тұңғыш рет біздің өзімiздің стратегиялық әріптесіміз Ресеймен заң жүзінде рәсімделген Мемлекеттік шекараға ие болдық. Осылайша біз соңғы жылдары ұзына бойы 14 мың шақырымнан асатын шекараны толығымен межелеуге қол жеткiздік.

Бұл біздің мемлекеттік құрылыстағы жоспарларымызды жүзеге асыруға қолайлы жағдай туғызатын ұлттық қауіпсіздігіміздің маңызды кепілі»,-деп атап өтті. Осынау тарихи құжаттың көршілес екі ел арасындағы достық қарым-қатынастың одан сайын тереңдей түсуіне тигізер игі ықпалы зор болады ден есептеймін. Жасыратын несі бар, бұрындары шекаралы ауданның тұрғындары халық тұтынатын көптеген тауарларды контрабандалық жолмен бір елден екінші елге алып өту секілдi шаруалармен айналысқан. Жаңа шекара заставалары ашылып, шекарашылар өз мiндеттерін орындауға кіріскеннен кейін, осындай жағдайлардың күрт азайғандығын баса айтқым келеді. Уақыт өте келе, көрші елге сапарлап шыққан азаматтардың барлығы арнайы қойылған бақылау-өткізу бекеттері арқылы өтіп, шекара режимiне үйренетіндіктеріне сенімдімiн. Толық межеленген Мемлекеттiк шекарамыздың бұзылмауы үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсiздiк комитетінің Шекара қызметі заң талаптары аясында әскери борыштарын мүлтiксiз атқаратынына сенімдімін.

Тағдырдың жазуы болар, бiздер шығысымызда Қытай, солтүстігімізде Ресей секілді ірi мемлекеттермен көршіміз. Президентімiз Н.Ә.Назарбаев өткен қаңтар айындағы Мәскеу сапарынан кейін "Егемен Қазақстан" газетiне берген сұхбатында "Анығын айту керек, кешегі азуын айға білеген Ресей империясы да, жарты әлемдi билеген Кеңес Одағы да Қытаймен шекара мәселесін ешқашан толық шешкен емес", – деп әділ түрде атап өттi. Күрмеуі қиын осы мәселеге 1998 жылы түпкілікті нүкте қойылды. Осы жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы Мемлекеттік шекара туралы келісім-шартқа қол қойылды. Ал солтүстiктегі көршіміз Ресеймен осынау маңызды тарихи құжатқа өткен қаңтарда Мәскеу қаласында қол қойылғанын жақсы білеміз. Осы жылдар аралығында түбімiз бір өзбек, қырғыз, түркімен елдерімен арадағы Мемлекеттік шекара туралы келісім-шартқа да дау-дамайсыз қол жеткізгенiмiз белгілі. Бүгіндерi барлық көршілерімiзбен Мемлекеттік шекара мәселесін түпкілiкті шешкендігіміз – Елбасы жүргізіп отырған сындарлы саясаттың жемісі деп есептеймін.

Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі ұрпақтары үшін Мемлекеттік рәміздеріміз қаншалықты қастерлі болса, Мемлекеттік шекарамыздың маңызы да сондай. Менің де саналы ғұмырым өзге замандастарым секiлді Мемлекеттік шекарамен тығыз байланысты. Тарихи маңызы өте зор тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында төл шекара әскеріміздің құрылуының басы-қасында болғандығым үшін өзімді бақытты сезінетіндігім рас. Бүкіл көршілерімізбен Мемлекеттік шекара туралы шартқа қол қойдық. Көршілерімізбен біздерде шекара мәселесінде ешқандай дау-дамай жоқ. Бейбітсүйгіш халқымыз үшін бұл – теңдессіз жетістік.

Күршім шекара отрядында Раджан Батырханов атындағы застава бар. 90-жылдардың басында тәжік-ауған шекарасында әскери борышын атқару кезінде қарулы содырлармен болған қақтығыс кезінде Раджан ініміз ерлікпен көз жұмды. Кейіннен Елбасының Жарлығымен марқұм II дәрежелі “Айбын” орденімен марапатталды. Міне, осындай мысал қазақстандық шынайы патриотизмнің жарқын үлгісі емес пе? ...Мемлекеттік шекара ендігін бойлай ыстық-суыққа мойымай ондаған шақырымдай жаяу жүріп, тыныштығымызды күзететін кешегі інішектеріміз, бүгінгі Отан қорғаушыларының ерен еңбегіне қалай риза болмайсың... 

0 дауыс
мама я тебя любьлу
0 дауыс
Любьлю емес люблю
0 дауыс
маган шекарада созге ангиме кырау берды 4 катаржазып келсын деды комектесиндершы
...