+1 дауыс
121k көрілді

Мамандық туралы шығарма керек?

4 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Мамандық– қызметкердің кәсіп шегіндегі қызметінің нақты саласы. Ол лауазымнан өзгеше түрде белгілі бір білімді және арнаулы түрде оқып-үйрену немесе жұмыс тәжірибесін жинақтау барысында алған еңбек машықтарын талап ететін еңбек қызметінің тегін сипаттайды. Лауазымдық міндеттердің шеңберін айқындайды. Мамандық қызметкер еңбегінің бүкіл шеңберін қамтығанда ол кәсіп ұғымына сай келеді.

Мамандық - адамнан арнаулы білім, еңбек дағдылары мен іскерлікті талап ететін еңбек іс-әрекетінің түрі.
Мазмұны

Болашақтың 10 мамандығы

Болашақтың 10 мамандағы-бұл келешекте қажетті ең қажетті, ең табысты деп саналатын 10 мамандықтар. Төменде көрсетілген мамандықтар Ұлы Британияның атақты Fast Future компаниясының зерттелуімен жүргізілген.
Органның және дененің сыртқы бөліктерін өндірушілер

Органның және дененің сыртқы бөліктерін өндірушілер - бұл мамандық иегерлеріне өзінізге қажетті жаңа бүйрек, бауыр, т.б. тіпті ми да тапсырыс беріп ала аласыз. Әрине,бұның құны да аз болмайды.
Нано дәрігерлер

Нано дәрігерлер - бұл мамандық иегерлері дәрігерлердің бөлігі. Бұл дәрігерлер адамды тек қана емдемей, оларға қажетті жаңа күштер қоса алады. Мысалы оларға жаңа күш не бұрыңғыдан ақылды ете алады. Бұған көбіне орыс халықтары болады деп есептелінеді. Себебі қазірден бастап Ресейде бұл зерттеле бастапты.
ГМО фермер

ГМО фермер - бұл мамандық иегерлері бұрынғыдай емес, жаңа генномодифицифті жаңа көкеністер мен жемістер өткізеді. Бұлар таңғажайып тәсілмен өсіріледі. Бұның мақсаты - қазіргі кездегі нашар өнімдерден құтылу.
Вертикальды фермерлер

Вертикальды фермерлер - бұл мамандық иегерлері өз өнімдерін вертикальды орналасқан үлкен жылыжайларда өсіреді. Олар шыңдарда орналасады деп көзделеді. Келешекте вертикальды фермерлер атауы өзгереді деп есептелінеді.
Виртуалды ұстаз

Виртуалды ұстаз - бұл мамандық иегерлері қазіргі уақытта да кездеседі. Келешекте біздің түсінігіміздегі университеттер, мектептер жоғалып, оның орнына виртуалды яғни, компьютермен жұмыс істеу.
Климат менеджері

Климат менеджері - бұл мамандық иегерлері аты айтып тұрғандай ауа-райымен жұмыс жасайды. Олар ауа-райын табиғи емес, жасанды түрде зерттейді.
Космос кемелерінің жүргізушілері

Космос кемелерінің жүргізушілері - бұл мамандық иегерлері аты айтқандай космос кемелерің жүргізеді. Әрине, келешекте олар бізге кәдімгі жүргізушілер іспеттес саналады.
Космос экскурсаводтары

Космос экскурсаводтары - бұл мамандық иегерлері жақын маңда орналасқан космостарға космостық саяхат жүргізеді.
Метеорг-полицейлер

Метеорг-полицейлер - бұл мамандар келешектегі нашар ауа-райына байланысты түрлі қылмыс болады деп есептелінеді. Сол себепті олар климатпен қатар, тәртіпті де бақылайды.
Электрондық қоқыс мамандары

Электрондық қоқыс мамандары - бұл мамандар жылдам әрі тез Интернет бетіндегі керексіз адамдарды өшіреді.
+2 дауыс
Мамандық таңдаудың оңай жұмыс еместігін, мамандықты темпераментке сай таңдау керектігін, тіпті, әлемдегі ең қауіпті мамандық тізімін де айтып өттік. Қазір мектеп түлектері ҰБТ сынағын бітіріп, оқу орны мен мамандықтарын қызу таңдау үстінде болар. Біздің бүгінгі әңгімеміз мамандық таңдауда ойланып жүрген түлектерге ғана емес, жұмысы бар маман иелеріне де қатысты.

Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау.Қазақ "Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі - жар таңдағанда, екіншісі - мамандық таңдағанда" деп бекер айтпаса керек.

"Мамандық" сөзі латын сөзінен шыққан, "жұрт алдында сөйлеу, жариялау" дегенге саяды. Есте жоқ ескі заманда мамандықтың қазіргідей түр-түрі болмады. Әр адам барлық жұмыспен өзі ғана айналысатын. Дегенмен, әйелдер мен ерлерге деп бөлінетін жұмыстар болған. Ерлер аң аулап, үй тұрғызып, қару-жарақ жасаса, әйелдер жеуге жарамды өсімдіктерді жинап, тамақ пісірген, киім-кешек тігіп, бала тәрбиелеген.

Заман өзгерген сайын, адам да жетіліп, нарықтық қарым-қатынас пайда болды. Қоғам дамып, дүниеге түрлі жұмыстар, сәйкесінше, түрлі мамандықтар келді.

Кез келген еңбек мамандық емес. Еңбектің мамандық деп аталуының өзіндік шарттары бар: бірі - маман атануыңыз үшін білім алып, қолыңызға сол саланың дипломын, куәлігін, аттестаты не сертификатын алуыңыз керек болса, екіншісі - еңбегіңізге ақының төлені қажеттілігі.

Өз ісінің нағыз маманы атану екінің бірінің еншісіне бұйырмаған. Ол үшін ең алдымен мамандығыңызға деген махаббат керек. Мамандыққа деген махаббат пен карьерист болу екеуі біздіңше екі бөлек нәрсе. Махаббатпен істелген жұмыс қана нәтиже бермек. Екінші сөзбен айтқанда, мамандығыңыз сіздің сүйікті ісіңізге айналуы қажет. Бұл жағдайда адам жұмысқа ерекше құлшыныспен кірісіп, жұмысынан ләззат алады.

Өз жаныңызға жақын мамандықты іздеп табу да барынша күрделі жұмыс. Өз қалауыңызды білесіз, бірақ мамандығыңыздың қалай аталатынын білмейсіз. Бұндай жағдайа психолог-профконсультант (мектеп психологтары), мектеп мұғалімдері, оқу орындарының оқытушылары, ата-анаңыз, туған-туыстарыңыздың көмектеріне жүгінгеніңіз жөн. Дегенмен, Массагет.кз сайты ең алдымен жүрегіңіздің үнінтыңдауыңызға кеңес береді.

Қазір сауда-саттықтың жүріп тұрған заманы болғандықтан, көптеген мамандықтар осының төңірегінде деуге болады. Агенттер мен менеджер мамандықтары сұранысқа ие десек, артық айтпаймыз. Мысалы, коммерциялық агент, жарнамалық агент, туристік агент, финанстық менеджер, сауда-саттық менеджері, жоба менеджері, кеңсе менеджері т.б.

Әлемде өзі қаламайтын мамандық иесі болып жүрген қаншама адам бар, өз жұмысын жанымен сүйіп істейтін адамдардың да саны аз емес.Мамандық таңдаудан жаңылмай, өз өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалауыңызға тілектеспіз.
0 дауыс
Ең бірінші адам шығарманы www.******.com сайтынан көшіріп алған. Бұл дұрыс емес деп ойлаймын.
0 дауыс
Осы шығарманың жоспары бар ма?
...