Әрине ондай сәтте қобалжу болады.Мұндай жағдайлар менің басымнан өте көп өткен.Ол қыздың жанына жақындауға қатты ұялатынмын.Ал енді сүйем деген сөзді айту үшін ерлік қажет.Және де махаббатқа берік болу керек.Егер де сіз бір қызға сөз салып,ол қабыл алмай,артынша басқа бір қызға сөз салсаңыз онда сізді жүргіш деп те ойлап қалуы мүмкін.Сондықтан махаббатқа берік болыңыз.
Ерлік керек әрине, себебі ерлік деген еркектерге тән нәрсе, еркек болмасаң қызға сөз айтып не керек. Жука 92 сен жақсы жігіт сияқтысың, менімше сен қорқақтықтан немесе ұяңдықтан батпай жүрген жоқсың. Сен сол "сүйемін"-деген сөздің салмағын,жауапкершілігін түсінгеннен ойланып жүрсің, ол өте жақсы қасиет. Осындағы кейбір жауаптарды оқып байқасам, "бардағы сүйемін деп айта сал"-деп қоразданыпты, ол балалық,шалалық,ақымақтық дер едім.