Негізінен бұйра шаш әдемі ғой! Мысалға А.С. Пушкинді еске түсіріп көріңізші, оның да шашы бұйра. Бірақ ол кісі аз ғұмырында сол бұйра шашпен керемет дарын иесі болды, ұрпақтың есінде мәңгі сақталады! Қазір Пушкин десе білмейтін адам аз шығар... Cізге айтарым, "артық қылам деп, тыртық қылмаңыз"! Табиғи әдеміліктен асып, ешқайда бармайсыз! Құдай солай жаратса, мойынсыну керек! Сондай-ақ М. Жұмабаев пен М. Әуезовтың (жас кезінде) шашы бұйра болды емес пе? Жарасымды, әдемі еді ғой!